Page 238 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

238
бірақ бәрі өзінен-өзі жасалып жатады. ұшы-қиырының жоқтығы соншалық, әуелі
халық оның атын айта алмайды. Мен, Цю, оның ұлық екеніне күмәнданамын.
Шындығында ұлық па? Шындығында ұлық емес пе? Білмеймін.
Шаннан келген абыз үндемей, ойланады да айқайлап:
Кун Фу-цзы мені алдады!
Сенімен салыстырғанда Янь Юань қандай? —деп Цзыся Кун фу-цзыдан сұрайды.
Хой мейірбандығы жағынан менен, Цю, асып түседі.
Сенімен салыстырғанда Цзыгун қандай?
Сы шешендігі жағынан (менен), Цю асып түседі.
Сенімен салыстырғанда Цзылу қандай?
— Ю ерлігі жағынан (менен), Цю асып түседі.
Сенімен салыстырғанда Цзычжан қандай?
— Ши қайтпастығы жағынан (менен), Цю асып түседі.
ұстаз, неге онда бүл төртеуі саған қызмет жасайды? — деп сұрайды Цзы ся
өрмеден көтеріліп жатып.
Отыр! Мен сырымды айтайын,— деді Кун Фу-цзы. — Хой мейірімді болуға
қабілетті, бірақ тайталасуды білмейді; Сы шешен бола алады, бірақ жаңылуды
білмейді; Ю батыр бола алады, бірақ қорқақтықты білмейді; Шиннің қайтпастығы
бар, бірақ жұмсақтығы жоқ. Төрт шәкірттің бойында бар қасиеттердің бәрін
қосқандығына мен өз артықшылықтарымды айырбастауға келіспеген болар едім.
Міне, сондықтан олар маған мүлтіксіз қызмет етеді.
Ұстаз Лe-цзы Чаши таудағы Орманшыдан дәріс алғаннан кейін және Қарауытқан
Жанармен жолдас болғаннан кейін Оңтүстік қала түбіндегі елді мекендерге қоныс
аударады. Оның ізбасарлары да сол жерге қоныс аударады. Оларды күнде санап үлгермеді
және әр күні олармен диспут өткізгенімен олардың санының қанша екенін Ле-цзының өзі
білмеді әрі ол туралы барлық жерде мәлім бола бастады. Ұстаз Ле-цзы араларын қоршау
бөліп тұрғаны болмаса, жиырма жыл Оңтүстік қала түбіндегі елді мекенде ұстазбен қатар
тұрып өмір сүрді. Бірақ олар бір-біріне кірмеді және бір-бірін шақырыспады, әуелі көшеде
ұшырасып жүрсе де бір-бірін байқамағандай болды. Шәкірттер мен аула қызметшілері
ұстаз Ле-цзы мен Оңтүстік қала түбіндегі елді мекендегі ұстаздың арасында өзара жауласу
бар деп есептеді.
Әлдебір чулық ұстаз Ле-цзыдан сұрайды:
Неге сіз, Бұрын туылған адам және Оңтүстік қала түбіндегі елді мекендегі ұстаз
екеуіңіз, бір-біріңізді жатсынасыздар?
Оған неменеге бару керек? —деп жауап береді Ле-цзы. — Оңтүстік қала түбіндегі
елді мекенді мекендеген Ұстаз бетінің толықтығымен, ал жүрегінің бостығымен
ерекшеленеді, оның құлағы естімейді, көзі көрмейді, аузы сөйлемейді, жүрегі
сезбейді, тәні қозғалмайды. Дегенмен мен сенімен бірге оны көруге тырысып
көрейін.
Олармен бірге қырық шәкірт барады. Олар шын мәнісінде Оңтүстік қала түбіндегі елді
мекендегі ұстаздың беті құбыжық адамның маскасына ұқсайтындығын көреді, онымен
шындығында қарым-қатынас жасауға болмайды. Ұстаз Ле-цзыға бұрылып қарайды да,
оның тәнінен бөлек тұрған әмір энергиясын көреді және ол бұқара халықтан шыққан.