Page 237 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

237
Иә, сол.
Оның ақылгөйлігі туралы қайдан мәлім?
Кун Фу-цзы адамның жүрегін алып тастап, тәнін қолдана алады екен дегенді мен
Янь Юаньннен естідім.
Біздің патшалықта да ақылгөй адам бар екенін білесіздер ме? —деп сұрады
Чэньнен келген қолбасшы.
Ақылгөй деп кімді айтасың?
Лао-цзы шәкірттерінің бірі — Кан Цан-цзыны айтамын. Ол Лао-цзыдан ілім алды
және ол құлағымен көре алады, ал көзімен ести алады.
Оны естіген лулық патша таң қалады да, Кан Цанцзыға үлкен сәлем-сауқатпен шақыруға
адам жібереді. Кан Цан-цзының шақыруын қабылдайды да келеді. Патша Лу кішірейіп,
оған сұрақ қоюға рұқсат сұрайды. Кан Цан-цзы болса, оған былайша жауап береді:
Мен туралы айтқан адам, қателеседі. Мен құлақсыз да, көзсіз де естуге және
көруге қабілеттімін, бірақ көруді естумен, ал естуді көрумен ауыстыруға қабілетім
жетпейді.
Бұл одан да өтетін таңқаларлық жағдай,— деді патша Лу. — Бұл қандай ілім?
Менің ол туралы естігім келеді!
Менің тәнім езімнің ойыммен бірлікте, ой эфирмен біртүтас, эфир өмір күшімен
бір бүтін, өмірлік күш бей болмыспен біртүтас. Мені тіпті кішкентай болмыс
(жаратылыс), тіпті ең баяу дыбыс тітіркендіреді. Мейлі олар алыста — сегіз қабат
ғаламның арғы жағында болсын немесе жақын — менің қасым мен кірпігімдей
жерде болсын, мен олар туралы міндетті түрде біліп отырамын. Бұл бүкіл жеті
саңылау және төрт мүше арқылы мен қабылдаған сезім бе әлде жүрек, асқазан,
барлық алты ішкі орган арқылы қабылдаған таным ба, білмедім. Бұл тек табиғи
білім.
Бұл патша Луға өте ұнайды және келесі күні болғанның бәрін Кун Фу-цзыға айтып береді.
Кун Фу-цзы жымиып қана қояды, бірақ ешнәрсе деп жауап қатпайды. Шаннан келген
абыз (құрбан шалатын адам) Кун Фу-цзымен кездесіп, қуаныш леппен:
Аһ! Цю — ұлық данышпан!
Мен, Цю, қалай данышпан бола аламын! —деп жауап қатады Кун Фу-цзы. — Мен,
Цю, тек коп зерттедім және коп нәрсені білдім.
Үш патша — міне, даналар солар! —деп Шаннан келген абыз, леппен үн қатты.
Үш патша білетіндерге және батыл адамдарға сене білген. Бірақ олар дана болды
ма екен, мен, Цю, білмеймін.
Бес арғы ата — міне, солар даналар!
Бес арғы ата қайырымдылар мен әділ адамдарға өте жақсы сене білген. Бірақ олар
дана болды ма екен, мен, Цю, білмеймін.
Үш әмірші — міне, солар даналар!
Үш әмірші оз уақытына сай келген адамдарға өте жақсы сене білген, бірақ олар
дана болды ма екен, мен, Цю, білмеймін.
Ал сонда кім дана? —деп, үреймен Шаннан келген абыз сұрайды.
Кун Фу-цзының түсі өзгеріп, сәл уақыттан кейін жауап береді:
Батыс адамдарының арасында даналар (ұлықтар) бар. Басқармайды, бірақ
бүлікшілік жоқ, сөйлемейді, бірақ бәрі өз-өзінен оған сенеді, ештеңе жасамайды,