236
да, Янь Юаньге түйгенін жеткізді. Янь Юань өзін-өзі цинмен сүйемелдеп он айта бастады.
Әнді Кун Фу-цзы естіп, оны өзіне шақырады. Ол ішке кірген кезде, Кун Фу- цзы одан
сұрайды:
—
Жалғыздан-жалғыз неменеге қуанып жүрсің?
—
Ұстаз, жалғыз өзім неменеге қайғыруым керек? — деп жауап береді Янь Юань.
—
Алдымен оз ойыңның сырын аш,— деді Кун Фу-цзы.
—
Әуелде мен ұстаздан естіген едім: "Кімде-кім Аспанмен қуанса және оның еркін
білсе, сол адам қайғыланбайды". Сондықтан да мен, Хой қуанамын.
Кун Фу-цзы түсін өзгертіп барып, біраздан соң сөйлей бастады:
—
Мұны мен айттым ба? Сен дұрыс түсінбедің. Менің алдыңғы сөзімді кейінгі
сөзіммен ауыстыруыңызды өтінемін. Сен тек кім Аспанмен қуанатын болса және
оның құдіретін білетін болса, сол қайғырмайтынын ғана естідің; бірақ кім
Аспанмен қуанатын болса және оның құдіретін білетін болса, оның қасіретінің зор
екенін әлі сен естіген жоқсың. Бүгін мен саған бар шындықты айтып отырмын. Не
ататының шығатынын, не кедей болып қалатыныңды ойламай, өткен өмір де,
келешек те саған тәуелді болмайтынын, бірақ еш нәрсе сенің ойынды былғай
алмайтынын түсіне отырып, өзімізді жетілдіру — сенің "кім Аспанмен қуанса
және оның құдіретін білетін болса, сол қайғыға ұшырамайды" дегенің міне, сол.
Ендігі жерде олардың көмегімен Аспан астын ретке келтіру үшін және оны
келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру үшін мен әндер мен аңыздарды жақсарттым,
әдет-ғұрыптар мен музыканы түзеттім. Өзімді жетілдіру үшін тана немесе Лy
патшалығын ретке келтіру үшін тана ұмтылған жоқпын. Алайда Луда король де,
қызметшілер де күннен күнге тәртіпті көптеп бұза бастады; қайырымдылық пен
әділдік әлсіреген үстіне әлсірей бастады; сезім мен мінез сорақыланды. Егер бұл
ілім өз заманы үшін, бір патшалық үшін жарамаса, онда қалай ол келешек үшін,
барлық Аспан астыңдағылар үшін жарамақ?! Әндер, аңыз-әңгімелер, салт-
дәстүрлер мен әуендер тәртіпсіздіктен құтқара алмайтынын мен түсіне бастадым;
бірақ мұны қалай түзеудің амалын әлі таппадым. Аспанмен қуанатындардың және
оның құдіретін білетіндердің қасіреті міне, осындай. Дегенмен мен мұны да
алдым, бірақ ондай қуаныш және ондай білім бұрынғы адамдар айтатын
қуаныштар мен білімдер емес қой. Қуанбау, білмеу — шынайы қуаныш, шынайы
ілім міне, осы! Сондықтан адам қуанбайтын ешнәрсе жоқ, білмейтін ешнәрсе жоқ,
адам қайғырмайтын ешнәрсе жоқ, адам жасай алмайтын ешнәрсе жоқ. Ән мен
аңыздарды, салт-дәстүр мен әуенді неменеге алып тастаймыз? Неменеге оларды
түзейміз?
Янь Юань жүзін солтүстікке қаратып тұрып, иіліп тағзым етті де былай деді:
—
Мен, Хой, да солай мұны игердім.
Далаға шығады да болғанның бәрін Цзыгунге айтады. Цзыгун бір түрлі абыржуға түсіп,
сасқалақтағандай болады. Үйіне кайтып келеді, бірақ жеті күн бойы ойланғаны соншалық,
үйықтай да, тамақ та іше алмайтын күйге түседі,одан омың құры сүлдері ғана қалады.
Чэньдік қолбасшы Луга елші болып келеді және ол Лусунмен құпия кездеседі.
—
Біздің патшалықта ақылгөй адам бар,— деп айтады Шусунь.
—
Кун Фу-цзы емес пе? —деп сұрайды қонақ.