235
қапсыра құшақтай алады да неге мұндай әрекет жасағанын одан сұрайды. Сонда Хуа-цзы
былайша жауап береді:
—
Ілгеріде, есімді жоғалтқанымда мен шексіз бостандықта болып едім, тіпті аспан
мен жердің болатынын да сезбеп едім. Ал қазір күтпеген жерден бәрін түсіндім
және өмір мен өлім, тапқандарым мен жоғалтқаным, қуаныш пен күйзеліс, ондаған
жылдар бұрынғы махаббат пен жек көру мыңдаған шырмалған жолдармен менің
есіме түсіп отыр. Алдағы өмір мен өлім, табатын мен жоғалтатын, қуаныш пен
күйзеліс, махаббат пен жек көрулер сондай күшпен менің жүрегімді жаралай ма
екен деп қорқамын. Тым болмаса бір сәтке сол ештеңені ойламайтын әлемге қайта
ене алам ба?
Мұны естіген Цзыгун таң қалады да Кун фу-цзыға айтады:
—
Оны сен түсіне алмайсың,— деп жауап береді Кун фу- цзы, Янь Юаньге бұрылып,
оған мынаны жадында сақта деп бұйырады.
Пан руынан цинца баласы бала кезінде өте ақылды болады, бірақ есейе келе ақыл-есінен
айырылады: айтылған әнді жылау деп, ақты қара деп, жұпар иісті — жағымсыз, тәттіні —
ащы, жаман мінезді — жақсы деп түсінеді. Керісінше, не ойласа, соны аспан мен жерді,
төрт құбыланы, су мен отты, ыстық пен суықты жақсы түсінетін болады. Әлде бір Ян
оның әкесіне кеңес береді:
—
Лудағы мейірбан ерлерге неге саған кіріп шықпасқа? Олардың ішінде өнерлілері
мен дарындылары көп! Оны емдеп сауықтыруы мүмкін шығар?
Ақыл-есінен адасқанның әкесі Луга аттанады, бірақ Чэнь арқылы өтіп бара жатып, Лао-
цзымен кездеседі де оған баласының науқасының белгілері туралы айтады.
—
Сен неге баланды ақыл-есінен ауысқан деп ойлайсың? —деп одан сұрайды Лао-
цзы. — Қазір Аспан астындағының бәрі ақиқаттың, жалғанның не екенін, не
пайда, ал не шығын екенін түсінуде қателеседі. Адамдардың көбі бір ғана
науқастан жапа шегуде, сондықтан ешкім оны елемейді. Сонымен бірге, бір
адамның ақылсыздығы бүкіл отбасын бүлдіру үшін жеткіліксіз; бір отбасының
ақылсыздығы бүкіл қауымды бүлдіру үшін жеткіліксіз; бір қауымның
ақылсыздығы бүкіл патшалықты төңкеру үшін жеткіліксіз; бір патшаның
ақылсыздығы бүкіл Аспан астын төңкеріп тастау үшін жеткіліксіз. Тіпті бүкіл
әлем ақылсыз болса да оны төңкеріп тастау ісімнің қолынан келеді? Ал етер бүкіл
Аспан астындағылардың бәрінің ақылы сенің ұлындікіндей болатын болса, онда
керісінше, сен ақылсыз болар едің. Сонда қуаныш пен қайғыны, дыбыс пен
сәулені, жағымсыз және нәзік дәмді, ақиқат пен жалғанды басқару кімнің қолынан
келер еді? Менің сөздерім де ақылсыз болуы мүмкін емес пе, ал Лудың мейірбан
ерлерінің сөзі — тіпті ақылсыз соз. Олар ақылсыздықтан басқаны қалай емдей
алады? Азық-түлікті жолға шытын қылғанша, ең абзалы сізге тезірек үйге қайту.
4. Бөлім
КУН ФУ-ЦЗЫ
Кун Фу-цзы уайым-қайғысыз өмір сүріп жатты. Отан қызмет көрсету үшін Цзыгун кірген
кезде, оның түрі көңілсіз болды. Цзыгун неге екенін сұрауға батылы жетпей далаға шықты