234
заңдарын сақтау үшін басқарушылары және қызметшілері бар. Олардың не істейтінін, не
айтатынын есептеу мүмкін емес. Олар бірде ұйықтайды, бірде ұйықтамайды; өңінде
істегендерін шындық деп есептейді, түсінде көргендері шындық болып есептелінбейді.
Қиыр Шығыстың ең солтүстігінде Тау тайпасының патшалығы бар. Онда жер мен ауа
әркезде ыстық, жерге күн мен ай сәулесі көп түседі, астықтың жақсы сорттары өспейді.
Ондағы адамдар өсімдіктермен, ағаштың тамырларымен, жемістерімен қоректенеді, отқа
тамақ пісіруді білмейді. Олардың мінезі қатты, ашушаң болып келеді. Күштілері
әлсіздерін басып-жаншып отырады, жеңгендерін құрметтейді және әділеттілікті сүймейді.
Олар көбінесе атпен жүреді және сирек демалады, ешқашан ұйықтамайды.
Инь Чжоу патшалығында үлкен шаруашылықты басқарады. Қожайын Иннің жаны күйбең
тіршіліктен босамады. Ата-бабадан қалған мұраларға деген қамқорлықтан ол жанымен де,
тәнімен де шаршап, түн болса қалжырап көз ілетін болды. Күнде түсінде құл болып,
қожайын әртүрлі жұмыстарға жұмсады, сөз естіді, таяқ жеді. Түсінде сандырақтады,
ыңырсыды, таң ата ғана жаны тыншық алатын болды. Осыдан күйзелген Инь досынан
ақыл сұрайды. Досы айтады:
—
Сіз өз жағдайыңызбен басқаларға қарағанда әлдеқайда басымсыз, құрмет үшін
толық жеткілікті. Бұйым-мүлкіңіз де, байлығыңыз да сізде асып тасиды. Түсіңізде
құл болу, тыныштықтан азапқа оралу — тағдыр тұрақтылығы сондай. Түсінде де,
өңінде де бірдей қалағаныңа ие болу адамның қолынан келер ме екен?
Досының ақылын тыңдаған Инь өзінің құлдарына түсірген ауыр салмақты азайтады,
олардың жұмысын қысқартады міне, сонда оның жүрегіндегі ауыр сезім жеңілдей
бастайды. Янлилық Хуа-цзы Сун патшалығында орта жаста есін (жадын) жоғалтады.
Ертеңгі алған затын кешке ұмытады; кеште бергенін таңға дейін ұмытады; жолда жүруді
ұмытады, үйде отыруды ұмытады; бүгін кешегі болғанды ұмытады; кеше бүгінгі болғанды
ұмытады. Бүкіл отбасы оған қайтарады. Балгерді, шақырады ол тасбақаның сауытына бал
ашады, бірақ ол ештеңе айта алмайды. Шаманды шақырады, ол дуа оқиды, бірақ та
дерттен айықтыра алмайды. Дәрігер шақырады, ол емдейді, бірақ оның емі де дауа
болмайды. Лy патшалығынан кунфуцишіл бір адам ауруды өзі емдемекші болады. Хуа-
цзының әйелі мен ұлдары оны емдегені үшін бүкіл иелігінің жартысын бермекші болады.
Сонда кунфуцишіл былай дейді:
—
Бұл науқастың сырын, әрине, балгерлікпен аша алмаймыз, дұғамен кетіре
алмаймыз, дәрімен де, тас ине шаншып та жаза алмаймыз. Мен оны ой жүйесіне,
өмір қамқорына қайта оралтуға тырысып көрейін. Мүмкін, сауықтырармын.
—
Сол жерде кунфуцишіл Хуа-цзыны тыр жалаңаш шешіндіреді, сонда әлгі киімін
іздей бастайды; оны аш қалдырады, міне, сонда әлгі кісі тамақ іздей бастайды; оны
қараңғы үйте қамайды, сонда ол жарық іздей бастайды. Кунфуцишіл бұған
қуанады да оны Хуа-цзының ұлдарына айтады:
—
Науқасты сауықтыруға болады. Бірақ менің өнерім ұрпақтан ұрпаққа құпиямен
беріледі, бөтен адамдарға ол айтылмайды. Оң мен солды қалқалап, бізді жеке
бөлмеде жеті күн қалдыруға тырысыңыз.
Оған бәрі көнеді және оның не істегенін ешкім білмейді. Созылмалы науқас, сонымен бір
таңда қайтады. Хуа-цзы есін жияды, бірақ қатты ашуланады. Әйелін үйден қуып шығады,
ұлдарын жазалайды және конфуцишылдың артынан найза алып қуады. Сунцзы оны