233
—
Кімде-кім өзгерту күшін ептілікпен игере алатын болса, ілім құпиялықпен
қолданылады, оның жетістігі де басқа адамдардікіндей болады. Бес ата тек ізгілері
мен Үш патшаның жетістіктері олардың ақыл күштері мен ерліктеріне байланысты
болды ма, ой қайдам, мүмкін олар өзгеру күшінің арқасында өздерін көрсеткен
болар. Бірақ оны кім анықтай алады?
Түні бойы ұйықтамай ояу болуға сегіз куә бар; көрген түсті жорудың алты түрі бар. Түні
бойы ұйықтамай ояу шығудың сегіз куәсі дегеніміз не? Біріншісі — жағдай, екіншісі —
әрекет, үшіншісі — табыс, төртіншісі — шығын, бесіншісі — қайғы (қасірет), алтыншысы
- қуаныш, жетіншісі — дүниеге келу, сегізіншісі — өлім. Бұл сегіз тән құбылысы. Алты
түс тәпсірлеу деген не? Біріншісі — қарапайым түс, екіншісі — қорқынышты түс,
үшіншісі — өңіндегі ойдың әсерінен болатын түс, төртіншісі — өңінде айтылғандардың
әсерінен көретін түс, бесіншісі — өңіндегі қуаныштың әсерінен болатын түс, алтыншысы
— өңіндегі үрейдің әсерінен көретін түс. Бұл алтау жани құбылыстар. Сезімдегі
өзгерістердің себебін білмейтін адамдар ол құбылыстардың әсерінен абыржуға душар
болады; сезімдегі өзгерістердің себептерін білетін адамдар ол құбылыстарды түсіне
алады. Себепті білетіндерді еш нәрсе үрейлендіре алмайды. Тәннің толуы немесе босауы,
кішіреюі немесе өсуі өзінің жаратылған тегіне сай барлық аспандағы жөне жердегілермен
байланысты. Сондықтан тәндегі (денедегі) суық энергия күшейген жағдайда, адам түсінде
су судан өтіп жүреді және қорқынышқа тап болады: ыстық энергия басым болған
жағдайда, адам түсінде жалындаған оттан өтіп жүреді де күйеді. Адамның денесінде екі
энергия — суық та, ыстық та басым болған жағдайда адамның туылуы немесе адам өлтіру
жағдайлары түске енді. Тым тойып тамақтанған адам түсіне біреуге бір нәрсе беріп
жатқан жағдай енеді, аш жатқан адамның түсіне біреуден бір нәрсе алып жатқан жағдай
енеді. Сол себептермен, жеңілдікке және бос қуыстыққа душар болған адам түсінде ұшып
жүреді; ауыр және шымыр адамдар түсінде суға батады. Белімен жатып ұйықтаған адам
түсіне жылан енеді; ұшып бара жатқан құстың қанаты шашына тиген адам түсінде ұшып
жүреді. Қараңғы боларда түске от енеді, аурудың алдында — тамақ, винодан кейін —
қайғы, ән мен биден кейін жылау түске енеді. Ұстаз Лe-цзы айтады:
—
Жанмен (жүрекпен) қабылданған — түс; тәнмен қабылданған — өң шындық.
Сондықтан да күндіз (өңінде) не ойласаң, түсімізде соны көреміз; жанның да,
тәннің де кездесетіні міне, осы. Сондықтан адамның жанмен тоғыстырылған түсі
өздігінен сейіледі. Өңіне сенетін адам үндемейді; түсіне сенетін адам оның
өшетінін және заттың қайтып келетінін түсінбейді. Нағыз адам ертеде өңінде өзін
ұмытқаны, ал түс көрмей ұйықтағаны жалаң сөз бе еді?!
Қиыр Батыстың ең оңтүстігінде ел бар. Ол қандай елдермен шектесетіні — белгісіз. Ол ит
мұрны өтпейтін ну орман патшалығы деп аталады. Ыстық пен суық күштер онда бір-
бірімен бірікпейді, сондықтан суық пен ыстықтың бір-бірінен айырмашылығы болмайды.
Отан күннің де, айдың да сәулесі түспейді, сол себепті күннің түннен айырмашылығы
жоқ. Ондағы адамдар тамақ ішпейді, киім кимейді, көп ұйықтайды, он күнде бір рет
оянады. Олар түсінде істеген істерін шындық деп есептейді, ал өңінде көргендері шындық
болып есептелмейді. Төрт көлден бірдей қашықтықта жатқан ел Орталық патшалық деп
аталады. Ол (Сары) өзеннен бастап оңтүстік пен солтүстікке, Сабақтастық тауынан бастап
шығыстан батысқа қарай он мыңнан астам ли жерді алып жатыр. Мұнда ыстық пен суық
теңдей орын ауыстырып отырады, сондықтан суықтан кейін ыстық келіп отырады. Түнек
пен жарық тең бөлінген, сол себепті күнді түн ауыстырады. Мұнда сансыз мақұлықтар
өніп өседі және көбейеді. Адамдардың ішінде ақылдысы да бар, ақылсызы да бар.
Дарындылар мен қабілеттілер де коп. Оларға бақылау жасау үшін олардың салттары мен