232
барып келген жеріміздің тақсыр қорығынан айырмашылығы жоқ та еді? Тұрақтыға
үйренгендіктен бір мезгіл ұмыту мүмкіндігіне де күмәнданасың. Жоғары өзгеру
жағдайында бір сәтте бүкіл бар әлемді шарлауға болады.
Үлкен қуанышпен патша мемлекет ісінің қамын ойлауды қояды, бүл дүниенің қызығын
қызықтауды тияды да, бар ой-санасымен алысқа сапар шегуге ауады.
Ол екі арбаға сегіз жақсы атты жегуге бұйрық береді. Мыңдаған ли жол басып, Үлкен
Аңшылар еліне келіп жетеді. Үлкен Аңшылар патшаға және оның адамдарына сусынға
аққудың қанын, аяқтарын жууға сиыр мен жылқының сүтін әкеледі. Сусындарын
қандырып, әрі қарай жол тартады да Қызыл Судан оңтүстікке қарай орналасқан Үлкен
Ағайындылар Одағы тауының ылдиына келіп түнейді.
Екінші күні Сары Баба сарайын көріп тамашалау үшін Үлкен Ағайындылар Одағы
тауының басына көтеріледі.Сонан соң Батыс Патшасының Анасына амандасып қайту
үшін барады да, Ақ Нефрит Көлінің жағасында тойлатады. Батыс Патшасының анасы
патшаға ән салады, ал ол кісіге қайыра ән салады, бірақ сөздері қайғылы болады. Күннің
батуын, сан мыңдаған күндердің өтуін бақылап, шолу жасай отырып, патша күрсіне,
былай дейді:
—
Амал не! Мен — негізгі толыққанды қасиеттерге ие болмаған адаммын, бірақ
құмарлыққа жақын болдым. Кейінгі ұрпақ мені сөгетін болар.
Патша My қасиетті адам ба еді? Ол өз өмірінде ләззаттың бәрін ала алған адам еді той әрі
жүзге таяу жасында дүние салды. Ол о дүниелік болған адам болып есептеледі. Қарт Чэн-
цзы өзгерту өнеріне Бұрын туылған Инь Вэньнен үйренеді, бірақ ол үш жылда ештеңе
айтқан жоқ. Қарт Чэнцзы кешірім сұрап, ол жерден кетіп қалуды өтінеді. Бұрын туылған
Инь Вэнь оны құп көріп, үйге кіргізеді, оңы мен солын қалқалайды да оған айта бастайды:
—
Бір кездерде Лao-цзы Батысқа аттанып бара жатып, маған бұрылып, былай деп еді:
"Өмір энергиясына (күшіне) ие болғандардың бәрі, сыртқы формаға (тәнге) ие
болғандардың бәрі өледі. Ыстық пен суықтың көмегімен жаратылғандар,
дамитындар өмір деп аталады, өлім деп аталады. Аз күш жұмсап, көп өзгерістерге
қол жеткізілгендер, өз формасын жеңіл өзгертетіндер өзгеру деп аталады,
ауыспалы (өткінші) деп аталады. Заттардың жаратылу процесі жасырын құбылыс,
оның жемісіне сан жетпейді, сондықтан ол таусылмайтын әрі шексіз процесс. Ал
әрбір жеке форма тұрғысындағы өнер айқын көрінеді, оның жетістігі өте зор емес,
сондықтан ол пайда болар болмастан жатып жоғалып отырады. Өзгеру мен
ауысудың өмір мен өлім процесінен айырмашылығы болмайтынын тек таныған
адам ғана ауысуды зерттей алады. Сені мен біз сондай ауысулармыз, оларды
сөйтіп зерттеуге болар ма?".
Үйіне қайтып келгеннен соң Қарт Чэн-цзы Бұрын туылған Инь Вэньнің айтқан сөздері
туралы үш түн күнімен ойланады, ал содан соң өзінің шамасы келгенінше болмыс пен бей
болмысқа өз билігін жүргізеді, қыста күн күркіретпекші болады, жазда қар жаудырмақшы
болады, ұшатындарды жер мен жүргізбекші болады, ал жерде жүретіндерді ұшырмақшы
болады. Бірақ оз тұмырында өзінің ондай өнерін ешкімге ашпайды және адамдардың
арасына таратылмайды. Ұстаз Лe-цзы айтады: