231
бірақ құламайды, қатты заттарды ешқандай кедергісіз тесіп өте алады, мыңдаған оның
өзгертулеріне шек жоқ болады. Ол заттар формасын да, адам ойларын да өзгертті.
Патша My оны рух сияқты құрметтеді, оған патшаша қызмет етті, патша тыныштығын
орнатты, оған байлаған бұқа, қой, шошқа етінен тамақ берді; оның көңілін көтеру үшін
таңдаулы әнші қыздарды сайлады. Алайда, ол адам патша сарайында өмір сүре алмады.
Оны төмен санап, былықтың ортасы деп есептеді; патша тамағы шикі болып көрінеді
және жаман иісі бар көрінеді де жей алмайды; патша сарайының сұлулары сұрықсыз және
жиіркенішті болып көрінеді де оларға жақындай алмайды.
Сонда патша My өзінің қыш және ағаш шеберлерін жинап қызыл және ақ түспен
көмкерілген оның өзіне арнап мұнара тұрғыза бастайды. Мұнара тұрғызып болғанша
патшаның бүкіл бес қоймасындағы мүлкі де таусылады. Мұнара биіктігі мың жэнге
жетеді, ол Оңтүстік тауының шыңына салынады және оны Аспанға ұмтылған мұнара деп
атайды. Мұнараға Чжен мен Вэй патшалығынан сұлу қыздар іріктеліп әкелінеді. Патша әр
кеште оған бағалы киім, әр таңда — жақсы тағамдар беріп отырады. Бірақ ол оған да өте
бір жақтырмаушылықпен қарайды.
Ол адам мұнарада аз уақыт тұрғаннан соң патшаға серуендеп келуге ұсыныс жасайды.
Патша ол адамның жеңінің ұшынан ұстап ұшып Аспан төрінен бірақ шығады да, оның
сарайына бір-ақ тап болады. Сарай алтын мен күмістен салынған, іші маржанмен, көкшіл
түсті нефритпен безендірілген. Ол бұлттан да, жаңбырдан да жоғары түр, ал оның
неменеге табан тіреп тұрғаны белгісіз. Ол алыстан мамық бұлттай болып көрінеді. Адам
әлеміне қарағанда мұндағының бәрі көзге бақаша көрінеді, құлаққа басқаша естіледі,
мұндағының исі де, дәмі де басқаша. Патша өзін шын мәнінде ата-бабалар мекеніне тап
болдым деп есептеді — Қызыл қошқыл Жұлдыздардың таза Отанында, аспан сазы
кеңістігінен ләззат алды. Патша төменгі жаққа бетін бұрып қараса, бір уыс топырақтай,
шырпының үйіндісіндей болып тұрған өз сарайы мен дәлізін көреді. Патша өз елін
ұмытып, бір күні мың күнге бергісіздей болып, бүл жерде ондаған жылдар өмір сүргендей
сезімге бөленеді. Өзгерту күшіне ие болған адам, міне сөйтіп, патшаны ағы да
серуендеуге шақырады, сонымен олар жоғарыда күні де, айы да көрінбейтін, ал төменде
өзені де, көлі де көрінбейтін жерге келеді. Жарық пен көлеңке патшаның көзін
шағылыстырады да ол еш нәрсені байқай алмайды; дыбыстар мен жаңғырық патшаның
құлағын тұндырады да, ол еш дыбысты ести алмайды. Оның бүкіл денесі мен іш
құрылысы қалтырай бастайды, сезімін тұрақтандыра алмайды, ойынан адасып, әл-қуаты
қаша бастайды да, ол әлгі адамнан кері қайтуды өтіне сұрайды. Әлгі кісі патшаны түртіп
қалады, сол кезде патша тасша домалап бос кеңістікке құлайды.
Патша есін жиса, сол баяғы орнында отырады; айналасында сол баяғы нөкер адамдары;
алдындағы тамағы әлі суымаған күйінде тұрады.
—
Мен қайдан келдім? —деп сұрайды патша.
—
Тақсыр, сіз ойға шомып отырдыңыз,— деп жауап береді оңы мен сол жағында
отырғандар.
Осы жерде, патша My есінен танып қалады. Ол тек үш айдан соң ғана өзіне-өзі келгесін,
өзгерту күшіне ие болған адамнан қайта сұрайды. Ол былайша жауап береді:
—
Біз патша мырзамен орнымыздан қозғалдық па? Жоқ! Біз оймен шарықтадық.
Әлде біз өмір сүрген жеріміз тақсырдың сарайынан өзгеше емес пе еді? Шарықтап