230
—
Әзірше жоқ. Әлі ол әр көлеңкеге секіре береді, әр дауысқа жүгіре береді.
Он күннен кейін патша сол сұрақты қайта қояды.
—
Әзірше жоқ. Түрінде ызалық көп, күш деген асып-тасып жатыр.
Он күннен кейін патша сол сұрақты қайта қояды.
—
Дайынға жақын. Басқа қораздың даусын естісе де мазаланбайды. Оған қараңызшы
ағаштан жонып қойғандай. Оның қасиет мөлшері жетілген. Оның ашуына бірде-
бір қораз қарсы келе алмайды — бұрылады да қаша жөнеледі.
Хой Ан Сун патшасы Канванға барады. Канван аятымен жерді ұрып, ашумен қылғынып,
айқайлайды:
—
Мені қонақ неменеге үйрете алуы мүмкін? Мен қайырымдылық пен әділдіктің
уағыздаушыларын ұнатпаймын. Маған батырлар мен күштілер ұнайды.
—
Ұлық патшаны сіздің қызметшіңіз, мендегі ілім қызықтыра ала ма екен? —деп
жауап береді Ан. — Ол әуелі күштінің жұдырығын жаңылтуы мүмкін, әуелі
батырға да пышақ салса жаңылмайды.
—
Керемет! Осы туралы естігенді мен қалаймын.
—
Бірақ сутып жарақаттамау, ұрып тигізбеу, ол — масқара емес пе. Сондай батыр
пышақ сұға алмайтын, күшті жұдырық тигізе алмайтын ілім сіздің қызметшіңізде
де бар емес пе. Ал бірақ ұра алмау деген оны қаламау деген соз емес. Одан
адамның ондай қалауы мүлдем жоғалып кететін ілім сіздің қызметшіңізде де бар.
Ондай қалау жоғалып кететін болса, пайда туралы ой да болмайды. Сіздің
қызметшіңізде Аспан астындағы барлық ерлер мен әйелдердің бойында пайданы
жақсы көруге ұмтылдыратын ілім бар. Бүл батырлықтан да, күштіліктен де
ақылдырақ, барлық торт атақтан да жоғары. Ұлық патшаны ол қызықтыра ма
екен?
—
Бұл — сол мен қол жеткізсем ба деп жүрген нәрсе,— деп Сун патшасы жауап
береді.
—
Кун мен Моның ілімі міне, осындай. Кун-фу-цзы мен Мо Ди жерлері болмаса да
патша болады, қол астында адамдары болмаса да басшы болады. Оларға
тыныштық пен пайда тілей отырып, әрбір еркек және әрбір әйел Аспан астында
аяқтың ұшымен көтерілген және мойындарын созған. Егер қазір ұлық патшаның
— сансыз арбалардың қожасы — шындығында сондай қалауы болатын болса, онда
торт шекараның аумағындағылардың бәрі өздерінің пайдасына ие болады. Сөйтіп
ол өз ақылымен Кун-фу-цзы мен Мо-цзыдан озады. Патшаның айтарға сөзі
болмайды. Хой Ан болса кетуге асығады. Патша сол жағы мен оң жағында
тұрғандарға айтады:
—
Қандай бұл, шешендік! Қонақ мені сендіре алды!
3-тарау
Чжоу патшасы МУ
Чжоу патшасы Мудың тұсында Батыстың шет елдерінен өзгерту күшіне ие болған адам
келеді. Отқа да, суға да ене алады, тастан да, темірден де өтеді, тауды қопарып, өзен суын
теріс ағызады, қала қоршауларын да орнынан жылжыта алады. Бос кеңістікке көтеріледі