229
барлық андарды билеуге апарды; свирельде "Ұлы гүлдену" әнінің тоғыз тактісін ойнаған
кезде қос феникс дәстүрді көрсетуге келеді. Құстар мен андарды әуенмен жұмылдыру
осындай. Құстар мен аңдар жүрегі адамның жүрегінен осымен өзгешелене ме? Адамнан
түрі мен даусы бөлек жандарға, қалай жақындау керектігін біз білмейміз. Ап данышпан
оның барлығын біледі, түсінеді, сондықтан да ол оларды өзіне тарта алады және басқара
алады. Құстар мен андардың білімдері адамдікі секілді жаратылысынан пайда болады
емес пе. Адамнан білім алмай-ақ, олардың барлығы оз өмірін сақтауға тырысады. Аталық
пен аналық бір-бірімен жұптасады, ана мен бала бір-бірін жақсы көреді. Олар жазық
жерден қашады, адам аяғы баспайтын жерді бекінеді, суықтан қашады, жылыға
ұмтылады, бір үйірге топталып тоқтайды; қатармен жүріп жылжиды, жастары ортада,
күштілері шет шетінде жүреді. Бірін-бірі су бар жерге апарады, тамақ болса бірін-бірі
шақырады. Көне замандарда олар адамдармен бірге өмір сүрген және адамдармен бірге
қозғалған, ал көсемдер мен патшалар тұсында олардан қорқатын болды және жан-жаққа
қашатын болды. Соңғы кездерде олар адамнан тығылып, не болмаса қауіптерден сақтану
үшін қашатын болды. Қазіргі кезде шығыста Делдалдар руы елінде адамдар алты түрлі
аңның тілін түсінеді және олармен сөйлеседі. Ерге заманда киелі данышпандар түріне
және сипатына қарап сансыз көп мақлұқтарды ажырата білген және олардың әр түрінің
тілін білген; оларды шақыратын және олармен бірге жиналатын, оларды адам сияқты
үйрететін және түсінетін. Сондықтан да, алдымен ата-баба жандарымен және тау мен
орман рухтары мен, құбылғыш бейнелерімен кездесетін, содан соң бүкіл сегіз жақтың
халқымен сұхбаттасатын, ал ең соңында құстар мен андарды, жәндіктер мен бауырымен
жорғалайтындарды жинайтын. Олар айтатын: "Қан мен өмір күшіне ие болған
жаратылыстардың жүрегі мен білімі жатынан бір-бірінен үлкен айырмашылық жоқ".
Киелі данышпандар мұны білген, сол себепті оқытуда және үйретуде ешнәрсені, ешкімді
назардан тыс қалдырмаған.
Сун патшалығында Маймыл патшасы өмір сүрді, ол маймылдарды жақсы көрді және
олардың бүкіл бір тобын тамақтандырды. Ол олардың, тілеуін түсіне білген, маймылдар
да оны жақсы түсінген. Маймылдарды разы ету үшін ол өз отбасына тамақты аз берген.
Бірақ ол күндердің күнінде кедейленіп қалады да, маймылдардың жемін азайтуға мәжбүр
болады. Маймылдар оны тыңдамайды деген қорқынышпен, ол оларды алдымен алдайды:
—
Егер мен сендерге таңертең үш, ал кешке төрт каштаннан берсем жете ме?
Маймылдар ашумен қарсы тұрады.
—
Ал егерде таңертең торт, ал кешке үш каштаннан берсем жете ме? —деп ол бірден
қайта сұрайды.
Маймылдар қуанғаннан бәрі жер бауырлап жатады. Дәл сол сияқты мақлұқ ақымақтау
маймылды торта түсіреді. Маймыл патша өзінің білімімен маймылдарды қалай алдаса,
данышпан да дәл сол сияқты өзінің білімімен ақымақтарды алдайды. Заттың атауын да,
мәнін де өзгеріссіз қалдырып, ол маймылдардың біресе қарсылығын, біресе қуанышын
тудыра білді. Цзи Син-цзы төбелесетін қоразды чжоулық патша Сюаньванға арнап
дайындайды. Он күннен кейін патша сұрайды:
—
Қораз төбелеске дайын ба?
—
Жоқ, әлі өтірік күшіне сене береді.
Он күннен кейін патша сол сұрақты қайта қояды.