22
көрсетеді, соңына суды буландырады. Ыстықтың лапылы осы. Аспанды өрлеп, көлденең
найзағай жарқылдайды, күн күркірейді. Сондайда айтады: "Найзағай жарқырап, күн
күркіреді, жаңбыр жауар". Осылайша ыстық алдымен өзін көрсетеді, соңынан суларды
буландырады. Ыстықты құрметтей біл!
2. Кімде-кім ыстықты Брахмандай құрметтесе, ол ыстығы басым, сәулесі мол, қараңғыдан
құтылған, жылулыққа толы дүниелердің жарығын көреді, оның бойы ыстыққа толады. Кім
ыстықты Брахмандай құрметтей алса, ол ыстық қамтыған ортада (өз) тілегіне орай
әрекеттене алады". — "Мәртебелім, ыстықтан басым нәрсе бар ма?" — "Расында,
ыстықтан басым нәрсе бар ғой". — "Мәртебелім, маған (сол туралы) айтып беріңізші".
(Кеңістік)
12.1. "Кеңістік расында ыстықтан басым. Шынында кеңістікте күн және аймен қатар,
(тағы да) найзағай, жұлдыздар, от бірдей өмір сүреді. Кеңістік арқылы шақырады, кеңістің
арқылы есітеді, кеңістік арқылы жауап береді. Кеңістікте қызықтайды, кеңістікте
қызықтамайды, кеңістікте өмірге келеді, кеңістікте өмір сүреді. Кеңістікті құрметтей біл"
2. Кімде-кім кеңістікті Брахмандай құрметтесе, ол кеңістігі таусылмас, жарық, шексіз
алысқа созылатын нақ дүниелерге жетеді. Кім кеңістікті Брахмандай құрметтей алса, ол
кеңістік таралған ортада (өз) тілегіне орай әрекеттене алады". — "Мәртебелім, кеңістіктен
басым нәрсе бар ма?" — "Расында, кеңістіктен басым нәрсе бар ғой". — "Мәртебелім,
маған (сол туралы) айтып беріңізші!".
(Естелік)
13.1. "Естелік (жады) расында кеңістіктен басым. Егер де мұндағы отырғандарда естелік
болмаса, онда олар ешнәрсені есітпеген, ештеңені көрмеген, ештеңені танымаған болар
еді. Егер до олардың есі болса, олар шынымен-ақ есіткісі, ойлаған, таныған болар еді.
Шын мәнісінде, адам естелік арқылы балаларын таниды, малын да (таниды). Естелікті
құрметтей біл!
2. Кімде-кім естелікті Брахмандай құрметтесе, ол ес қамтыған көлемде (өз) тілегіне орай
әрекеттене алады. Кім естелікті Брахмандай құрметтей алса, оның есінде көп нәрсе
қамтылады". — Мәртебелім, естеліктен басым нәрсе бар ма?" — "Расында, естеліктен
басым нәрсе бар ғой". — "Мәртебелім, маған (сол туралы) айтып беріңізші".
(Үміт)
14.1. "Расында, үміт естеліктен ұзағырақ. Үміт үзілмесе, ес мантраға назар аударады,
рәсімді сақтайды, өзінің ұлдары мен малдары болғанын ұнатады, өзіне бұл дүние мен о
дүниені тілейді.
2. Кімде-кім үмітті Брахмандай қадірлесе, ол (орындалар) үміті арқылы өзінің бар ниетіне
жетеді. Оның тілге келтірген күрмесі зая кетпейді. Кім үмітті Брахмандай құрметтесе, ол
үміт қамтыған шепте (өз) тілегіне орай әрекеттене алады". — "Мәртебелім, үміттен басым
нәрсе бар ма?" — Расында, үміттен басым нәрсе бар ғой". — "Мәртебелім, маған (сол
туралы) айтып беріңізші".
(Тыныс)