228
—
Осыны есте сақтаңдар, оқушылар,— дейді Ян-цзы. — Ар-намыспен әрекет
жасаңдар, бірақ өзімшілдікті өздеріңнен аластаңдар, сонда ғана сендерді барлық
жерде құрметтейді.
Аспан астында екі жол бар: біреуі бірыңғай жеңіс әкеледі, ал екіншісі бірыңғай жеңіліс
әкеледі. Бірыңғай жеңіс жолы әлсіздік деп аталады, ал бірыңғай жеңіліс жолы күштілік
деп аталады. Бұл екі жолды тану қиын емес, бірақ оны адамдар білмейді. Сондықтан көне
замандарда былай деген: "күшті өзінен әлсіздерді анықтауға тырысады; әлсіз өзінен
күштілерді анықтауға тырысады". Әлсіздердің алдында жүргендерге өзімен тең
келетіннен қауіп төнеді; күштілердің алдында жүргенге қауіп төнбейді. Осылайша құлды
жеңгендей өзінің денесін жеңеді, осылайша құлдар сияқты Аспан астында қызмет етеді.
Аюға жем беруші былай деген:
—
Қатты болғың келсе, қаттылықты жұмсақтықтың арқасында сақта, күшті болтың
келсе, әлсіздіктің арқасында күшіңді сақта. Жұмсақтылықты жинаған қатты
болады; әлсіздікті жинаған күшті болады; жақсылықтың әлде жамандықтың келуін
білу үшін не жиналып жатқанын бақыла. Күшті әлсіздерді жеңеді, ал ол өзіне тең
келетіннің қолынан күйрейді. Әлсіз өзінен күштіні жеңеді, оның күші — өлшеусіз.
Лао-цзы былай деген:
Күшті әскер күйрейді,
Қатты ағаш сынады.
Жұмсақтық пен әлсіздік өмірлік серік
Қаттылық пен күш — ажалдыға серік.
Ақылымен ұқсас — түрімен әркелкі, түрпеттестер — ақылы да әркелкі. Данышпан адам
ақылы саймен жақындасады, бірақ түрімен сай келетіннен қашық жүреді; қарапайым
түрімен ұқсас пен жақындасады, бірақ ақылы ұқсастан алыстайды. Түріміз
ұқсайтындармен біз жақындасамыз және (оларды жақсы көреміз; түріміз
ұқсамайтындардан біз қашамыз жөне олардан қорқамыз. Жеті чи бойлы, қолдары
аяқтарынан әркелкі, басында шаш, ал аузында тісі бар, алдыға қарай еңкейіп жүретінді біз
адам дейміз, бірақ адамда хайуанаттың жүрегі болуы мүмкін. Алайда онда хайуанаттың
жүрегі болуына қарамастан біз оны өзімізге ұқсатамыз. Қанаттары, шекесінде мүйізі бар,
тістерін көрсете алатын және тырнағын шығаратын, аспанда ұша алатын, торт аяқтап
жүре алатын болса, оны құс немесе аң дейміз. Ал құстар немесе андарда адамның жүрегі
болуы мүмкін. Алайда оларда адамның жүрегінің болуына қарамастан біз оларды өзімізге
ұқсатпаймыз.
Құрбандықты және Нюйваны дайындаушыда, Қасиетті Жер өңдеуші мен Ұлы
Басқарушыларда жыланның денесі және адамның бет әлпеті немесе бұқаның басы және
барыстың тұмсығы болған. Олардың түрі адамға ұқсамаған, ал қасиеттері данышпандарға
ұқсаған. Бөлшектерге Жарылатын Ся және Қатігез Инь, Лулық Хуань, және Чулық My
сыртқы пішіні жағынан алғанда, басындағы жеті саңлаумен адамға ұқсаған, бірақ
жүректері аңдікі болған. Қарапайым адам ақиқатты іздеуде тек түрді ғана ұстанса, онда
отан (ақиқатқа) жете алмайды. Сары Баба алаңда От Бабасымен Баньцюаньнның көзінше
шайқаса жүріп, еркек аюлар мен ұрғашы аюларды, қасқырлар мен барстарды, пантерлер
мен титрлерді алдыңғы шепте ұстады, ал бүркіттер мен қырғауылдарды, сұңқарлар мен
кезқұйрықтарды ту ұстаушы етті. Құстар мен андарды күшпен бағындыру осылай болды.
Ұлық Күйге музыканы басқаруды тапсырды. Ол тасты пластинканы бір-біріне ұрып,