Page 227 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

227
жұмсайтын билеуші не істемейді. Сондықтан да менің қорыққаным, ол патшаның
маған іс тапсыратыны жөне менен қызмет нәтижесін күтетіні.
Тамаша бақылағансың! —деп тамсанады Қарауытқан Жанар. — Егер сен өзінде
қалатын болсаң, адамдар сенен қорғаныш іздейтін болады.
Біраз уақыттан соң Қарауытқан Жанар Лe-цзыға келіп, оның есігінің алдынан көп кебіс
көрді. Бағынышты адамдай бетін солтүстікке қаратып бұрып, түнеріп сәл тұрды да үнсіз
шығып кетті. Қонақ қабылдаушы бұл жөнінде Ле-цзыға хабарлады. Ле-цзы кебісін қолына
алып, жалаң аяқ Қарауытқан Жанардың артынан қақпаның қасында қуып жетіп, сұрайды:
Сіз, Бұрын туылған болғандықтан маған ақыл айтпас па екенсіз?
Бәрі бітті! Сенен адамдар қорғаныш іздейді деп мен ескерттім ғой. Ол
шындығында солай! Өзгелерді төңірегіңе жинай алатын қабілетің болғандықтан,
басқалардың сенен қорған іздеуіне кедергі жасауға сен қабілетсіз болдың. Бұл не
үшін керек?
Нәтиженің күткен болжаммен сәйкес келмеуі әрине реніш тудырады. Ол мағынасыз нәрсе
және сенің өзіңді тебірентеді. Сенің ізбасарларыңның ешқайсысы оны саған айтпайды.
Олардың барлық ұсақ сөздері адам үшін у болады. Сезімнің оянуынсыз, санасыз адамдар
бір-бірінің жетілуіне көмектесе алар ма? Ян Чжу оңтүстікте Пэй деген жерге жетеді және
Лао-цзы батысқа саяхат жасап жүріп, Циньге жеткен кезде оны Лянның маңында
кездестіреді. Жол ортасында Лао-цзы аспанға қарап, кең тыныс алып:
Бұдан бұрын мен сені үйретуге болатын шығар деген ойда едім, енді үйретуге
болмайтындығына көзім жетіп тұр.
Ян Чжу үндеген жоқ. Ол шағын әрі арзан асханаға кірген кезде, Ян Чжу Лао-цзыға
жуынуға және аузын шайқауға су, сүртінуге орамал береді. Аяқ киімін есіктің арт жағына
қалдырып, оған тізерлеп жағыңдай келіп, сөйлейді:
Жақында ұстаз аспанға назарын тастап, кең тыныс алып маған былай деді: "Бұдан
бұрын мен сені үйретуге болатын шығар деген ойда едім, енді үйретуге
болмайтындығына көзім жетіп тұр". Мен, оқушы, осы туралы түсінік алғым келіп
еді, бірақ батылым жетпеді, өйткені ұстаз айтты да тоқтамай жүре берді. Қазір
ұстаздарда бос уақыт бар. Сұрақ қоюға маған рұқсат етіңіз: менің кінәм неде?
Сенде өзіңе-өзің разы болатын, өзіңді-өзің мақтайтын көзқарас бар. Кіммен бірге
тұра аласың? "Ең ақ деген нәрсенің өзінде дақ бар сияқты болып, жетілген
қасиеттің өзі жеткіліксіз болып көрінеді емес пе!" — деп JIao-цзы жауап береді.
Сізді құрметпен тыңдаймын! —деді Ян Чжу түсін өзгертіп, бар ізетпен.
Бұрын асханда Ян Чжуды тұрғындар жақсы қарсы алатын, отау иесі оған қамыстан
тоқылған өрме әкелетін, өрмеде отырғандар оған орын беретін. Ол қайтып оралғанда
тұрғындар онымен бірге өрмеге отыру үшін таласатын. Ян Чжу шығыста Суннан өтіп бара
жатып, бір керуен сарайға бұрылады. Керуен сарай иесінің екі күңі болады: бірі көрікті,
екіншісі көріксіз болыпты. Қожайын көріксізді бағалайтын да, ал көріктіні менсінбейтін
болған. Ян-цзының неге деген сұрағына ол былай деп жауап берген:
Көрікті өз-өзіне қызыға қарайды, оның әдемілігі неде екенін мен түсінбеймін.
Көріксіз өзін-өзі төмендетеді, оның көріксіздігі неде екенін мен түсінбеймін.