Page 226 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

226
Бұл жолы мен оның көзіне аспан мен жер болып көріндім. Ол жақта "есім" немесе
"мон" деген ұғымдарға орын жоқ. Бірақ күш көзі өкшелерімнен шықты. Сондықтан
да оған "күш кедергіден өтіп жатқан" боп көрініп, мені жақсы деп ойлады. Онымен
бірге осында қайтадан келші.
Келесі күні Ле-цзы Сиқыршымен бірге ұстазға қайта келеді. Олар шытып кеткен соң
Сиқыршы Ле-цзыға айтады:
Сенің ұстазың мазасыз. Оның бетінен бір нәрсе оқу қиын. Сен оның көңілін жұбат,
мен оған тағы келемін. Ле-цзы ұстазға кіріп бәрін жеткізеді. Ұстаз оған тіл қатады.
Бірақ бүл жолы ол менің жан дүниемнен ешқандай нәрсенің белгісі жоқ бос
кеңістікті көрді де оны өмірлік күштің тепе-тендігі деп қабылдады. Барлығы тоғыз
тереңдік бар: жылымның және тоқтау судың, ағын судың және атқылаған су
көзінің, тау басынан аққан бастаудың, шұңқырдан ағып шыққан бұлақ көзінің,
дамбыны бұзып, өз арнасына қайтып оралған өзен суларының, саты жермен аққан
өзен суларының және көздері бір шығатын қысқа өзендердің тереңдіктері. Онымен
бірге осында қайтып келші.
Келесі күні Ле-цзы Сиқыршымен қайтадан ұстазға келеді. Сиқыршы өз орнына
отырмастан, сасқалақтаған адам сияқты тұра жүгіреді.
Қуып жет,— деп бұйырады ұстаз. Ле-цзы соңынан қуғаны мен жете алмай ұстазға
келіп баяндайды:
Жете алмадым. Ол жоқ болып кетті.
Мен оған өмірге әлі келмеген шарана болып көріндім. Мен оның алдында бос,
әлсіз, бағынышты адам ретінде танылдым. Ол менің кім екенімді, қандай екенімді
түсінбеді. Менен біресе сөнген сәулені, біресе қарқынды ағысты көрді. Сонан соң
қашып кетті.
Ле-цзы басталмаған оқуын тастап үйіне қайтуды ұйғарады және үш жыл бойы көрінген
жоқ. Күнделікті әйеліне арнап тағамдар дайындады. Шошқаларын адамды күткендей
тамақтандырды. Өнерсіз жүрді. Басқа істерге араласпады. Бір уыс топырақтай болған тек
құры сүлдері ғана қалған денемен жер бетіндегі тіршілікке араласып, тұйық бітеу күйінде
өмірдің күйкі тірлігінің ағымымен қалқып жүре береді және сондықтан ақиқатты соңына
дейін тани білді.
Ле-цзы Циге қарай бет алады, бірақ жарты жолдан қайтып келіп, Нағашы ағасы
Қарауытқан Жанармен кездеседі.
Неге қайтып келдің? —деп сұрайды Қарауытқаң Жанар.
Мен қорықтым!
Неден қорықтың?
Мен он жерден тамақтандым, соның бесеуінде маған бәрінен бұрын бірінші тамақ
әкелді.
Солай болсын. Сонда сен неден қорқасың?
Ішімдегі тазалық өлі бөлінбей жатып, ол сәуле сияқты болып денемнен бөлініп
жатқан тәрізді. Адамға сырттай ғана жағу арқылы ол өзіне бөгет жасап тұр.
Асхананың иесі пайда түспегендіктен ботқа мен дәмі жоқ тағам беріп жүр емес пе.
Егер табысы аз және билігі жоқтың қасы болған қожайын солай істейтін болса,
онда билігі жүріп тұрған, барлық күшін мемлекетке және бар білімін басқаруға