Page 225 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

225
Сенің жуырда шыққан жерің — тас, ал сен жүріп өткен жер — от.
Білмеймін,— деп жауап береді ол.
Вэй патшасы Керемет мұны естиді де, Цзыядан сұрайды:
Бұл қандай адам?
Мен, Шан, үйлесімділікке ие болған адам барлық жағдайда басқа заттарға ұқсас
болады дегенді ұстаздан естідім. Оны ешнәрсе жарақаттай да, тоқтата да алмайды.
Ол бәрін істей алады: темір мен тастан да өте алады, суда да, отта да жүре алады.
Ал сен мұны неге жасамайсың? —деп патша Керемет сұрайды.
Мен, Шан, өлі оз жүрегімді білімнен тазартып аша алмадым. Уақытым болса, бұл
туралы айтып жүруге тырысамын.
Ұстаз неге мұны істемейді?
Ұстаздың оған қабілеті бар, сонымен бірге олай істемеуге де қабілеті жетеді,— деп
жауап береді Цзыся.
Жауап Керемет патшаға қатты ұнайды. Цзи Сянь атты бақсы Циден Чженге орын
ауыстырады. Жаратушының өзі сияқты, ол кім дүниеге келеді, ал кімді қайғы, кімді ұзақ
өмір, кімді қысқа ғұмыр күтіп тұрғанын біліп отырған. Бәрін біліп, әркімге уақыт: жыл,
ай, күн белгілеп отырды. Оған чжэнцылар қызыға қарайтын, жол беретін.
Лe-цзы бір күні Бақсымен кездесіп, оның сиқырына арбалып қалады. Қайтып келіп, Чаши-
таулық ұстазға барлығын айтып береді.
Сіздің іліміңізді мен жоғары санап жүрдім, ал енді одан да жоғарыны танып білдім.
Сен ішкі мәнін танымағанша мен саған сыртқы көрінісін ашқан жоқпын,— деді
ұстаз. — Ілім туралы сен қалай пікір айта аласың? Егер тауықтың қасында әтеш
болмаса, балапан қайдан пайда болады? Ілімді игердім, замандастарыммен
бәсекелесе аламын деп ойлап, сен астамшылық жасадың, сондықтан ол сенің
жүзіңнен бәрін оқып қойды. Онымен бірге осында келші, менің жүзіме қарап
көрсін.
Ертесіне Ле-цзы ұстазына Бақсымен бірге келеді. Олар шығып кеткенде, Бақсы Ле-цзыға
айтады:
Әттеген-ай! Сенің ұстазың жақында өледі, он күн де өмір сүрмейді. Мен бір
таңғажайып құбылыс көрдім — күлге су құйылған.
Ле-цзы ұстазына шығып, көзінің жасын көл қылып, еңіреп жылап отырып, Сиқыршының
сөздерін жеткізеді.
Өткен жолы мен отан қимылсыз жатқан жер беті болып көріндім. Оған менің
өмірлік күш көзімнен бір кедергі көрінген болар. Онымен бірге қайтадан келші
осында.
Келесі күні Ле-цзы Сиқыршымен қайтып келеді. Олар шығып кеткен соң, Сиқыршы Ле-
цзыға:
Сенің ұстазыңның менімен кездескені, оның — бақытты. Оған жақсы болады.
Күлдің, ішінде өмір пайда болды. Күштің кедергіден өтіп жатқанын байқадым.
Ле-цзы ұстазға кіріп, айтқанның бәрін жеткізеді.