Page 224 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

224
ағысымен жүрем, оған қарсы өз тарапымнан күш көрсете алмаймын. Міне, менің
құпиям.
"Туылғаннан бұл — әдетім, жігіттігімнің — мінезі, есейгендегі бұл — тағдырым"
дегеніңіз нені білдіреді,- деп сұрайды Кун фу-цзы.
Мен таулардың арасында туылдым әрі тау ішіндегі өміріме ризамын — әдетім
содан; суда өстім және оған ризамын — содан мінезім; осының бәрі солай өтіп
жатыр, оның неге екенін мен білмеймін — осылайша тағдыр.
Орманнан шығып, суға бет алған Кун фу-цзы Цикат аулап жүрген Бүкірге кездесті, Бүкір
анды өте епті, оңай ұстап алып жүр екен. Сен қалай оңай ұстайсың — құпиясы болса
айтшы,— деді Кун фу-цзы.
Ия, құпиясы бар,— деп жауап берді цикад аулаушы. Цикадқа 5-6 айда шариктер
қоямын,қойған екі шариктің екеуі де құламаса, шамалысын тана жоғалтамын, үш
шарик қойсам, құламаса оннан бірін ғана жоғалтамын, бес шарик қойсам,
құламаса, онда барлығын теріп жүргендей-ақ аулап аламын. Мен томардай
қалшиып тұрамын, қолымды дәл құрғақ, кетпен бұтақ сияқты ұстаймын. Жер жүзі
қанша үлкен болғанымен, онда мың сан мақұлықтар қатар өмір сүріп жүргенімен,
мен тек қанатты цикаттарды ғана көремін, неге маған оларды ұстамасқа. Егер мені
одан өзге ешнәрсе алаңдатпаса, қанатты цикаттарды еш нәрсеге айырбастамаймын.
Кун фу-цзы шәкірттеріне бұрылып, былай деді:
Көрдіңдер ме, Бүкірдің сөзін. Оның ерік күші бей-берекет тарамай, жан-дүниесіне
мықтап шоғырланған.
Бүкір жауап береді:
Сіздерге сұрап тұрғандарыңды білу қайда? Өз тәртіптеріңді оңдыра алмай жүріп,
сөйте тұра өздеріңді осындай сөздермен қинайсыңдар, ә.
Теңіз жағалауы тұрғыны шағала құстарын жақсы көріпті. әрбір күні, таңертең теңізге
барып, шағалалар соңынан жүзіп жүрді. Шағалалар жүздеп ұшып келіп кетеді. Оның әкесі
айтады:
Балам шағалалар сатан үйір екен. Маған бірнешеуін ермек үшін ұстап әкеліп
берші,- деді.
Ертесіне барған балаға шағалалар үйіріліп ұшып келді. Бірақ төмендемеді. Содан қалған
сөз: "Ең жақсы сөз — сөйленбеген, ең жақсы істемеген". Көпшілікке белгілі білім — терең
білім емес. Чжао Сянцзы жүздеген адаммен Орталық Тауға отты аңшылыққа шықты.
Орманды өртеді, өрт жүздеген шақырымды алды. Осы кезде тас қуысынан бір адам
түтінмен бірге көтеріліп, күлмен бірге жерге түсіп шығып жатты. Барлығы бұл
аруақтардың жаны, рухы деп ойлады. Чжао Сянцзы таң қалып, байқатпай қарап шықты.
Түр-түсіне, тұрпатына, басындағы жеті тесікке қарасаң — адам; дем алысы, дауысы —
адамдікі. Чжао Сянцзы сұрайды:
Таста қандай құдіреттің күшімен өмір сүресің? Оттан қандай құдіреттің күшімен
жүріп өтесің?
Тас деп нені айтасың? От деп нені айтып тұрсың?— деп сұрайды екінші.