Page 223 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

223
Біз сенің кереметті білетініңді білмедік әрі сені алдадық. Біз сенің пәк адам
екеніңді білмедік әрі сенің намысыңа тидік. Сен бізді ақымақ деп есепте, сен бізді
керең деп есепте, сен бізді соқыр деп есепте. Бірақ бізге сұрауға рұқсат ет: сенің
құпия сырың неде?
Менде құпия сыр жоқ,— деп жауап береді Шан-таулық Кай. — Бұл қайдан
болғанын — менің жүрегім білмейді. Дегенмен мен сіздерге бір нәрсе жөнінде
айтып беруге тырысайын.
Жуырда сіздердің екеуіңіз менің лашығымда түнедіңіздер, сонда олардың қалай
Өркендеушіні мақтағанын: оның қолынан тіріні өлтіре алу және өліге жан сала алу,
кедейді бай ете алу және байды кедей жасай алу келетінін мен естідім. Мен сонда жолдың
ұзақтығына қарамастан оған жол тарттым, себебі менде одан басқа қалау қалмады. Мұнда
келген кезде мен сіздің әрбір сөзіңізге сендім. Қауіп туралы да, менің тәніммен не
болатынын да ойламай, тек адалсыздықтан, істі істей алмаушылықтан қорықтым. Менің
ойым тек бір ғана нәрседе болды және мені еш нәрсе тоқтата алмайтын еді. Міне, осы.
Тек қазір, сіз мені алдағаныңызды білгеннен кейін ғана менде күмән және қобалжу пайда
болды, мен сіздің мақтауыңызға құлақ сала бастадым және үңіле бастадым. Өткенді еске
алдым: күйіп кетуден, батып кетуден сақтағанына қуандым — үрейден, қасіреттен мен
қызып кеттім, денем түршікті. Тағы да суға, отқа жақындай алармын ба? Содан бері
Фанның сабаздарының тұрмысы төмендер мен оташыларды жолда жәбірлеуге батылдары
бармады. Оларды кездестірген жерде — арбадан түсіп, оларға бас иетін болды. Цзай Во ол
туралы біліп, Кун фу-цзыға хабарлайды.
Кун фу-цзы болса былай дейді:
Толық сенімі бар адам заттар әлеміне ықпал етуге, аспан мен жерді пайдалануға,
құдайлар жөне ата-баба рухтарымен қарым-қатынас жасауға, әлемді шығыстан
батысқа, солтүстіктен оңтүстікке шейін, басынан аяғына дейін жүріп шығуға
қабілетті екенін сен білмеуші ме едің. Түбі терең ор түгілі, құрсау немесе өрт
жалыны да оны тоқтата алмайды. Шантаулық Кай өтірікке сеніп қалады және оған
ештеңе кедергі болмайды. Екі жақ та бір-біріне шын жүректен айтқан еді. Бала,
енді осыны есіңе сақта!
Кун фу-цзы Люйляне / сарқырамасына / қызыға қарайды: су отыз метр (жэн) биіктіктен
сырғып түсіп жатыр,көбік отыз метрге (ли) шапшып түр. Оны теңіз немесе өзен
жәндіктері — не каймандар, не балықтар, не тасбақалар жеңе алмайды. Ондағы жүзушіні
байқап қалып, Кун фу-цзы, ол таудан өлім іздеп жүр деп ойлайды да өзінің шәкірттерін
оны судан шығарып алу үшін төмен жібереді. Бірақ ол бірнеше жүз қадамнан кейін шашы
жалбырап судан шығады да дамбыны жағалап серуен құрып, әндете бастайды. Сенің суға
қалай түскеніңді байқап қалып, мен ойланып қалдым, бұл таудан өлім іздеп жүрген шығар
деген оймен өзімнің шәкірттерімді сені судан шығарып алу үшін төменге жібердім.
Шашың жалбырап сен судан шықтың да әндетіп серуендеп жүре бастадың, мен сені суға
батқан адамның рухы ма деп қалдым, бірақ анықтап қарап едім: сен — адам екенсің.
Сұрақ қоюға рұқсат етіңіз: суда жүзудің сырын білесің бе?
Жоқ,— деп жауап береді жүзгіш. — Менде құпия жоқ. Бұл — менің тумысымнан
келе жатқан әдетім, жігіттігімдегі — мінезім, есейгендегі бұл — тағдыр.
Толқынмен бірге суға батамын, көбікпен бірге судың бетіне шығамын, судың