Page 222 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

222
беріледі; жаман сөзге лайық адамдар Цзинь патшалығынан қуылады. Өркендеушінің үйіне
кіру патшаның қабылдауына барумен бірдей болды.
Өркендеуші өз ер жүректеріне төбелес шығаруға бұйрық береді: ақылдылар
ақылсыздарды ренжітетін болды, күштілер әлсіздерді басып отырды. Егер
жарақаттанғандар мен таяқ жегендер болса, оларға әуелі қобалжып та қоймады. Күндері
мен түндері бүкіл патшалықтың салтына енгендей болатын ермекпен өтіп жатты. Бір күні
Фанның алғашқы сабаздары — Хэшэн мен Цзыбо — қала сыртына барады да Шан
тауының жер жыртушысы Кай деген қарттың лашығына түнейді. Жарты түнде Хэшэн мен
Цзыбо бір-бірімен Өркендеушінің атағы мен құдіреті туралы әңгіме қозғайды: оның тіріні
жаншып тастауға және өліні тірілтуге, байды кедей етуге, ал кедейді бай етуге құдіреті
жетеді.
Аштық пен тоңудан бұрыннан тауқымет тартқан Шан таулық Кай солтүстік терезенің
түбіне жасырынып, олардың әңгімесін білдірмей тыңдайды. Сонан соң ол қарызға астық
алып, карзинаға алып, арқасына көтереді де Өркендеушінің қақпасына қарай бет алады.
Өркендеушінің қошеметшілерінің ішінде текті адамдар болады. Ақ жібектен киім киген
олар арбамен жүреді немесе бәріне менсінбеушілікпен жоғарыдан қарап, асықпай жаяу
жүріп өтетін еді. Күнге күйіп, жүзі қап-қара болып тотыққан, жұпыны көйлек пен
шәпкедегі әрі қарт, ері әлсіз Шан таулық Кайды көріп қалып, оған бәрі менсінбеушілікпен
қарайды да қолдарынан келгенше қорлайды: оны мазақтайды, алдайды, ұрады, итеріп
жібереді, бір-бірінен асырып лақтырады. Бірақ Шан таулық Кай ренжімейді, жағымпаздар
шаршайды әрі олардың амалы таусылады. Сонда Каймен бірге олар биік мұнараның
басына шығады және олардың біреуі қалжыңдайды:
Кім мұнара басынан төмен қарай секіретін болса, сол жүздеген алтыннан сыйлық
алады.
Басқалары жарыса келісе бастайды, ал Кай соның бәрін расқа балап, қалықтаған құс
сияқты бірінші болып секіреді, бірақ жерге түскенде оның денесі ешқандай
зақымданбайды.
Фанның қошаметшілері оны кездейсоқтық деп есептейді де оған онша таң қалмайды. Ал
сонан соң әлде біреу өзеннің иреңіндегі иірімді нұсқай отырып, қайта айтады:
Ана жерде — баталы інжу маржан. Сүңгі — оны табасың.
Кай тағы да сеніп қалады да сүңгіп кетеді. Шындығында інжу маржанды алып шығады.
Осы тұста бәрі ойланып қалады, ал Өркендеуші бұдан былай Кайды бәрімен бірдей етпен
тамақтандыруды және жібектен киім кигізуді бұйырады. Сонымен Фаннің қоймасында
қатты өрт шығады. Өркендеуші айтады:
Отқа түсіп, жібекті құтқара аласың ба — алып шыққаныңның бәрін өзіңе сыйлыққа
беремін!
Кай тайсалмастан қоймаға бет алады, отқа еніп жоқ болады, біресе қайта шығады, бірақ от
оны күйдірмейді, ал күйе оған жұқпайды. Фанның үйіндегілер ол дүниенің сырын біледі
деген шешімге келеді де одан кешірім сұрай бастайды.