221
басқалар үшін ненің ақиқат, ненің жалған, ненің пайда және ненің зиян екенін
білмеймін; ұстаз — менің жетекшім, ал ол адам — менің жолдасым екенін
білмеймін. Ішкі құбылысты сыртқы құбылыстан ажырата алмайтын болдым. Міне,
сонда барлық менің сезімдерім бір бүтінге тоғысқандай болды: көру, есіту
сезімімен тәрізденді, есіту — иіс сезіміне, иіс сезімі — дәм сезіміне ұқсады. Ой
қоюланды, ал тән босады, сүйек пен бұлшық еттер бір бүтін болып қосылды. Тәнге
немене тіреу болатынын, аяқ нені басатынын мен сезе алмайтын болдым және
желге ілесіп, шығыс пен батысқа қозғала бастадым. Ағаштың жапырағы немесе
құрғақ қабық сияқты, әлде жел мені ерттеп мініп алғанын, әлде мен желді ерттеп
мініп алғанымды, мен ақыр соңында біле алмадым. Сен қазіргі кезде ұстаздың
үйінің жанына орналастың емес пе. Әлі көп уақыт өткен жоқ, ал сен екі-үш рет
наразылық білдірдің және ренжідің. Сенің тәніңнің ешбір бөлігін жел қабылдай
алмайды, сенің ешбір буыныңды жер көтере алмайды. Ауаны басып жүруге және
желді ерттеп мінуге сен қалай үміт арта аласың?
Шәкірт Инь ұялады, жуасиды және көпке дейін сұрақ қоюға шешіле алмайды. Шекара
Күзетшісінен Лe-цзы сұрайды:
—
Нағыз адам су астымен жүреді, бірақ тұншықпайды, от басады, бірақ күймейді,
сансыз заттардың үстімен жүреді, бірақ оларға пысқырып қарамайды. Айтыңызшы
осындай дәрежеге қалай жетуге болады?
—
Оған біліммен де, ептілікпен де емес, батылдықпен де, шешімшілдікпен де емес,
тек эфир тазалығын сақтаумен ғана жетуге болады,— деп жауап береді Шекара
Күзетшісі.
Мен саған оның сырын айтайын. Сыртқы формасы мен пішіні, түр-түсі бардың, дыбыс
шығаратынның бәрі — ол заттар. Олардың айырмашылығы тек қасиеттерінде. Бір зат
екіншісінен қалай бөлектене алады? Олардың бірінің екіншісінен артықшылығын көрсету
үшін бүл жеткілікті ме? Заттардың формадан жаратылу процесін және бүл процесс
өзгерудің тоқтауымен аяқталатынын толық түсінген адам ғана ақиқатқа жете
алады.Батылдық мөлшерін ұстана жүріп, бастамасы жоқ уақытты бүркене жүріп ақиқатқа
жеткен адам тана заттардың сансыз көптігі басталатын әрі аяқталатын әлемде кезіп жүре
алады. Заттардың жаратылу процесі әлеміне ену үшін адам өз табиғаты тұтастығына, өз
эфирінің тазалығына, қасиеттерінің толысуына қол жеткізеді. Кімнің табиғаты осы
бағытты ұстанса, өзінің тұтастығын сақтаса, соның табиғаты өмірде таршылық көрмейді.
Оның жүрек қайғысына енуге болар ма?
Мас адам арбадан тіпті кенеттен құлаған жағдайда, ол өлетіндей дәрежеде
зақымданбайды. Сүйегі мен дене құрылысы жәй адамдардікіндей болғанымен, олардың
зақымдануы басқаша, өйткені оның жаны тұтастық жағдайда болады. Ол арбаға
отырғанын да, одан құлағанын да түсінбейді. Өмір мен өлім, таң қалу жөне үрей туралы
ой санасында болмайды, сондықтан апат жағдайымен бетпе-бет келіп тұрса да оның
бойында қорқу сезімі болмайды. Егер толық тұтастықты адам шараптан алатын болса,
онда ол табиғатынан қандай тұтастықты алу керек еді? Дана адам табиғатпен тұтастықта
болады, сондықтан оған ешнәрсе зақым келтіре алмайды.
Фанның Өркендеуші есімді ұлы болған, ол ебін тауып өзіне атақ жасайтын болған. Оның
алдында бүкіл патшалық бас иген. Цзинь патшасының мейірбандығына еніп, Өркендеуші
оған қызмет етпеді, керісінше оң жатынан үш аға төреден кейін орын алды. Дұрыс
көзқарасқа ие болған Өркендеуші сияқты адамдарға Цзинь патшалығында лауазым