Page 220 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

220
болмайды; әдемілік пен сұрықсыздық олардың жүрегін алаңдатпайды. Тек оймен ғана
қозғала отырып, олар тауда да, кең жазықта да сүрінуді білмейді.
Көне ата-тектің көзі ашылып, көңілі серігіп оянады да Аспан Қариясын, Күш иесі
Бақташыны, Ұлы таудан Ойшылды шақырып алып, оларға көрген түсті баяндайды:
Мен үш күнімді уайым қайғысыз өткіздім, жүрегімді тазаладым, өзімді-өзім қалай
күтуім керек және өзгелерді қалай басқаруым керектігі туралы ілім алам ба деп
үміттеніп едім, бірақ ештеңе ойлап таппадым, содан шаршап, көзім ілініп ұйықтап
кетіппін. Содан мынандай түс көрдім. Енді менің түсінгенім нағыз ақиқи ілімді
сезімдік таным арқылы табуға болмайды екен. Мен оны ақыл арқылы таныдым,
ақыл арқылы алдым, бірақ ол туралы мен сіздерге айтып бере алмаймын.
Аңшы — сәуегейлер тауы Мұхит өзені аралында орналасқан. Онда керемет адамдар
тұрады. Желмен дем жұтады, шықпен сусындайды, ал бірақ астықпен қоректенбейді.
Олардың жүрегі тіпті терең бұлақ сияқты, тәні жас баланікіндей. Оларға аймаласу да,
махаббат та тән емес, оларға қартайған әрі дана адамдар қызмет етеді. Олар ешқандай
үрейсіз ақ, ыза-кексіз-ақ шын жүректен адал қызмет етеді; ешқандай садақа да, мүсіркеу
де жоқ, бірақ бәрінде барлығы бар; ештеңе іздемейді, ештеңе жинамайды, бірақ
жоқшылықты білмейді. Онда ыстық пен суық орын ауыстырып отырады, күн мен ай
жарқырап тұрады, жел бірқалыпты соғады және жаңбыр бірқалыпты жауады, адамның
туылуы мен өсуі бар, астық әр кезде болады, бірақ топырақ тозбайды, бұзылмайды.
Адамдар жасына жетпей жаманшылық көру дегенді білмейді.
Лe-цзының ұстазы Шан қарт болды, ал жолдасы — немере аға Биік болды. Ле-цзы
екеуінің ілімін меңгереді де желді ерттеп мініп, үйіне қайтып оралады. Ол туралы шәкірт
Инь естиді, Ле-цзының жолын қуып, бірнеше күн үйіне қайтпайды. Ол ұстаздан бос
уақытында өзінің өнері туралы айтып беруін өтінеді, бірақ он рет сұрағанда ұстаз ештеңе
айтпайды, он рет Инь бос қайтады. Шәкірт Инь өзінше күңкілдейді де қоштасуға рұқсат
сұрайды. Ле-цзы да бүл жерде ештеңе айтпайды. Инь бірнеше күнге үйіне қайтып кетеді,
бірақ ілім туралы ой оның бір сәт те есінен шықпай қояды да, ол қайта оралып келеді.
Неге сен соншама рет келесің жөне соншама рет қайтып кетесің? — цеп одан Ле-
цзы сұрайды.
Осыдан бұрын, мен, Чжан-цзай, сенен өтініп сұрап едім,— деп Инь жауап береді.
Сен маған ештеңе айтпадың той, мен саған ренжідім. Енді міне өкпемді ұмыттым,
сондықтан қайта келдім.
Бұрын мен сені білгір деп есептегенмін, енді сен соншалықты білімсіз болыпсың.
Қал! Мен сатан ұстаздың маған нені үйреткенін айтайын,— деді Ле-цзы.
Мен ұстазға және жолдасыма қызмет ете бастағаннан бері үш жыл өтті әрі мен
ақиқат пен жалған туралы ойды жүрегімнен шығарып тастадым, ал пайда мен зиян
туралы аузыммен айтуды қойдым. Тек сонда ғана ұстаздың көзқарасына ие
болдым. Бес жыл өтті әрі жүректе ақиқат пен жалған туралы жаңа ойлар туды,
пайда мен зиян туралы аузыммен қайта айта бастадым. Тек сонда ғана ұстаздың
күлімсіреп қарағанына лайық болдым. Жеті жыл өтті, өзімнің жүрегіме ерік берсем
де ақиқат пен жалған туралы ойламадым; аузыма ерік берсем де пайда мен зиян
туралы айтпадым. Тек сонда ғана ұстаз мені шақырып, өзімен қатар қолдан
тоқылған орындыққа отырғызды. Тоғыз жыл өтті әрі мен өз жүрегімді ойлауға
қаншама зорламайын, өз аузымды айтуға қаншама күштемейін, осы күні мен үшін
ненің ақиқат, ал ненің жалған, ненің пайда, ал ненің зиян екенін білмеймін;