219
Бай тағы да оны алдады деген оймен абыржып, кедей Шығыс елді мекенінің адамы Бұрын
туғанға барады да одан кеңес сұрайды. Шығыс елді мекенінің Бұрын туғаны былайша
жауап береді:
—
Сенің тәніңнің өзі ұрланған зат емес пе? Соған өмір мен тәнді жарату үшін ыстық
пен суық күштерінің қосындысын табиғаттан ұрламап па еді. Тіпті сыртқы орта
заттарын ұрламайынша болуы мүмкін емес ғой! Аспан жер мен заттар
шындығында бір бірінен бөлінбейтін дүние. Егерде кімде-кім оларға иелік етем
десе, қателеседі.
Иелік етуші тегі адамның тонауы ұрлығы — ол жалпыға ортақ жол, сондықтан да Бай
аман есен қалды; сенің тонауың — ол жеке бастың құмарлығы қалады, сондықтан да сен
өзіңе жаза аударып алдың. Жалпы мен жекені жаулап тонау жалпы мен жекені
жоғалтқанмен бірдей. Жалпы жалпының ішінде және жеке жекешенің ішінде —
табиғаттың аспан мен жер қасиеті, міне осындай. Табиғаттың қасиетін таныған адам
біреуді ұры деп, ал енді біреуді ұры емес деп айта ала ма?!
2-тарау
Көне ата-тек
Көне ата-тек тақта он жыл және тағы бес жыл отырды әрі Аспан асты оны қолдап
отырғанына қуанды. Ол өмірдің қызығына бөленді есту мен көру, иіс пен дом сезу
қабілеті сездіргеннің бәріне еті қашып, терісі жұқарғанша, бес сезім мүшесі мұқалғанша
қуана қызықтады. Тағы да он - он бес жылдай ол билеп-төстеді аспан астында реттіліктің
жоқ екеніне қынжылды көңілі құлазыды, қайғыланды. Көз майы мен есту қабілетін сарқа
отырып, бар ақыл күшін жұмсап, ол еті қашып, терісі жұқарғанша, бес сезім мүшесі
әлсірегенше ел басқарды.
—
Ах! — деп күрсінді сонда Көне ата-тек.
—
Қалай мен кесірге белшемнен баттым! Өзім масаттандым да ұятқа тап болдым.
Сансыз коп жаратылысты басқара бастадым және тағы кесірге жолықтым!
Енді ол барлық жұмысты, сарайды тастайды, нөкерлерін таратып, жұмыстан аластайды да
сарайда жұмыссыз, көңілді өмір сүре бастайды. Жүректі таза ұстап, өз тән құмарлығына
ырық бермейді. Басқару жұмысын тастаған соң үш күннен кейін күндіз ұйықтап жатып
түс көреді. Түсінде жалпыға ортақ өркендеу елінде кезіп жүрген болса керек. Жалпыға
ортақ өркендеу елі батысында Яньчжудан басталып, солтүстігінде Тайчжоудан басталып
жатады, ал қанша миллион ли Орталық хандықтан басталатыны белгісіз. Отан қайықпен
де, күймемен де, жаяу да жете алмайсың; оған тек оймен ғана серуендеуге болады.
Бұл елде бастық та, жасы үлкен де жоқ, әркім өзімен өзі; халықта асып-тасу да, құмарлық
та жоқ, бәрі табиғи күйінде. Ондағы адамдар біреу туылса қуануды да, біреу өлсе
қайғыруды да білмейді, сондықтан ешкім мезгілсіз жастай өлмейді; өзін сүюдің, адамнан
жерудің не екенін білмейді, сондықтан махаббат та, бір-бірін жек көру де жоқ; адамды
сатуды да, адамға бас июшілікті де білмейді, сондықтан пайда табу да, шығын шегу де
жоқ. Олардың біреуге деген махаббаты да, жек көрушілігі де жоқ, ешкім ешнәрседен
қорықпайды, қауіптенбейді; суға түседі — батпайды; отқа түседі — күймейді, сондықтан
оларды жарақат та алмайды, ауырмайды; жәндіктердің шаққанын да білмейді. Ауада
жерде жүргендей жүреді, кеңістікте төсекте жатқандай ұйықтайды. Бұлт пен тұман
олардың көруіне кедергі жасамайды, күн күркіреуінің тарсылы олардың естуіне кедергі