Page 21 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

21
шеңберде (өз) ниетіне орай әрекеттене алады". — "Танымнан артық нәрсе бар ма?" —
"Расында, танымнан басым нәрсе бар ғой". — "Мәртебелім, маған (сол туралы) айтып
беріңізші!"
(Күш)
8.1. "Күш расында танымнан басым. Бір күштінің жүз танушыны дүрліктіре алатыны
мәлім. Егер біреу күшейе қалса, ол жоғарылай түседі. Көтерілген — ел кезгіш (дана)
келеді. Ел кезгіш ұйып тыңдағың келеді. Ұйып тыңдаушы көргіш келеді, есіткіш келеді,
ойшыл келеді, түсінгіш келеді, әрекетшіл келеді, танығыш келеді. Байыбына барсақ, жер
күш арқылы түр, ауа кеңістігін құрастыратын күш, аспанды ұстайтын күш, тауларды
көтеретін күш, құдайлар мен адамдардың құдіреті де — күш, малдың қуаты — күште,
құстарды, шөптерді ағаштармен қатар шайқайтын да — күш, жыртқыш хайуандармен
бірге шылаушыларды да тірілтетін — күш, шыбын-шіркей мен құрт-құмырсқаларды
құжынатын да — күш, дүниені ұстап тұрған күш. Күшті құрметтей біл!.
2. Кімде-кім күшті Брахмандай құрметтесе, ол (өз) еркінше күш қамтыған шеңбер де
әрекеттене алады, күшті Брахмандай құрметтеген, оны толық қамтымақ". "Мәртебелім,
күшке үстемдік ететін нәрсе бар ма?". — Бар, "Мәртебелім, маған (сол туралы) айтып
беріңізші".
(Тамақ)
9.1. "Тамақ шынымен-ақ күштен басым. Егер біреу он (күн және) түн бойынша дәм-тұз
татпай тірі қалса, онда ол көрмейтін, есітпейтін, ойламайтын, қабылдамайтын,
әрекеттенбейтін, танымайтын болып қалады. Тамақ ішсе ғана ол көретін болады, есітетін
болады, ойлайтын болады, қабылдайтын болады, әрекеттенетін болады, танитын болады.
Тамақты құрметтей біл! 2. Кімде-кім тамақты Брахмандай құрметтесе, ол шынымен-ақ
тамағы мен сусыны мол дүниелерге жетеді. Кім тамақты Брахмандай құрметтей алса, ол
тамақ сіңетін шекте (өзінше) еркін әрекеттене алады". — "Мәртебелім, тамақтан басым
нәрсе бар ма екен?" — "Расында, тамақтан басым нәрсе бар ғой". — "Мәртебелім, маған
(сол туралы) айтып беріңізші!"
(Сулар)
10.1. "Сулар расында тамақтан басымырақ. Өйткені, егер жаңбыр төгіп жаумаса, онда
прандар ауруға шалдығады: "тамақ жетіспейді". Егер нөсер жаңбыр өтсе, онда прандар
тұтас рақаттанады: "Тамақ мол болады!" Мұның бәрі де сулардың айдыны: жер, ауа
кеңістігі, аспан, таулар, құдайлар мен адамдар, мал мен құстар, шөптер мен ағаштар, құрт-
құмырсқалармен бірге жыртқыш хайуандар, шыбын-шіркейлер — мұның бөрі де су
ылғалдардың реңі. Суды құрметтей біл! 2. Кімде-кім суларды Брахмандай құрметтесе, ол
қанағаттанып барлық тілектерді (орындауға) жарайды. Кім суларды Брахмандай
құрметтесе, ол сулар қамтыған шеңберде (өз) тілегіне орай әрекеттене алады". —
"Мәртебелім, сулардан басым нәрсе бар ма?" — "Расында, сулардан басым нәрсе бар ғой".
"Мәртебелім, маған (сол туралы) айтып беріңізші!"
(Ыстық)
11.1. "Ыстық расында судан басым. Өйткені ол желді үйіреді және кеңістікті қыздырады.
Сондайда айтады: "Ыссы, күйіп кетті, жаңбыр жауар!" Ыстық алдымен өзін осылайша