Page 218 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

218
Қорғаушы өз көмекшілерінен сұрайды:
Өмір жолын таба алам ба жөне оған иелік ете алам ба?
Өз тәніңді игере алмайсың, өмір жолын қалай таба аласың жөне оны қалай игере
аласың — деп оған жауап береді.
Егер, мен өз тәніме иелік ете алмасам, онда оған кім иелік етеді.
Ол әлемнің өн бойында формалардың топтасуын білдіреді. Өз өміріңе иелік ете
алмайсың, өйткені ол — бөліктердің аспан мен жердің қосындысы, бірігуі,
қосылуы. Оз қасиеттерің мен өміріңе иелік ете алмайсың, өйткені ол әлемдегі
кездейсоқ топтасулар; ез балаларың мен немерелеріңе иелік ете алмайсың, өйткені
олар — әлемге жіберілген терілер топтамасы. Сондықтан сен жүріп келесің, бірақ
қайда баратыныңды білмейсің, тұрсың, бірақ ненің үстінде және неге тұрғаныңды
білмейсің. Әлемде бәрінен күштісі ауа және жылу. Оларды сен қалай ала аласың
және оларды қалай басқара аласың?
Иелік етуші тегінен Бай Ци хандығында өмір сүрді, ал атқосшылар тегінен Кедей Сун
хандығында өмір сүрді. Сун хандығынан Ци хандығына Кедей байудың құпиясын сұрау
үшін келеді. Сонда Бай айтады:
Мен ұрлық өнерін игердім. Ұрлықты бастағаннан бері, алғашқы жылы
тоқшылықты қамтамасыз еттім, екінші жылы баршылыққа қол жеткіздім, үшінші
жылы толық молшылыққа ие болдым. Содан бері айналамдағыларға садақа
үлестірудемін.
Кедей қатты қуанады, бірақ ол ұрлық тәсілін түсінбейді, ал тек "ұрлау" деген сөзді ғана
түсінеді. Содан бастап, ол елдің бақшасына секіріп түсіп, дарбазасын сындырып, қолына
не түссе соны, көзіне не көрінсе соның бәрін үйіне таси береді. Көп кешікпей, ұрлығы
үшін жазаға тартылып, оның бар дүниесі тәркіленді.
Байдың өзін алдағанын түсініп, Кедей оны кінәлауға аттанады.
Сен қалай ұрладың? —деп Бай сұрайды. Ал Кедей өзінің қалай ұрлық жасағанын
баяндайды.
Қап! — деп бай өкінішін білдіреді. — Ұрлық тәсілінде қалай сен қателестің? Бірақ,
енді мен саған оның айтып беріп сырын ашайын.
Аспан жыл мезгілін, ал жер — өсім беретінін мен сұрастырып білдім. Мен
сонымен тұқым себуін, астық өсіру үшін, қоршау жасап өзіме үй тұрғызу үшін
аспаннан ауа райын, ал жерден өсімдік ұрлай бастадым, бұлт пен жаңбырдан
ылғалды, тау мен жазықтан жер асты байлықтарды ұрлай бастадым. Құрлықтан
мен жабайы андар мен құстарды, судан балық пен тасбақаларды тартып алдым.
Олар менікі ме еді? Осының бәрін мен ұрладым. Тұқым мен астық, жер мен ағаш,
андар мен құстар, балықтар мен тасбақалар табиғаттың жаратқандары емес пе еді.
Мен табиғаттан ұрладым, бірақ мені ол үшін ешкім жазаламады. Бірақ алтын мен
нефритті, інжу мен құнды заттарды, нан мен жібекті, мүліктер мен тауарларды
табиғат өздігінен сыйға тартар ма еді? Олар адамның еңбек күшімен жиналады!
Егер осының бәрін табиғаттан алған болсаң, саған кім кінә тағады?