217
толысу мен жетіспеушілік бірде өмірдің, бірде өлімнің соңынан ереді. Кіріс пен
шытыс түйіскен кездегі сол бір байқай алмайтын сәтті кім сезе алады? Әркімде бір
ауа (эфир) бірден ұлғаймайды, әркімде бір форма (тон) бірден жоғалмайды.
Олардың қай кезде жетілетінін, қай кезде жоғалатынын сезбейсің. Сол сияқты
туылғанынан бастап қартайғанға дейін күн сайын адамның сыртқы түр-түсі, ақылы,
мінезі өзгеріп отырады. Адамның терісі өзгеріп отырады, тырнағы, шашы бірде
өседі, бірде түседі. Адамның балалық шағынан бастап олар тоқтамай өсіп отырады,
өзгеріссіз болмайды. Бірақ бұл өзгеру сәтін сезу мүмкін емес, оны тек көп кейін
ғана түсінеді.
Әлдебір Ци патшалығының адамы тамақ іше де, жей де алмайды: аспан жерге түседі, жер
ыдырайды және оған өмір сүретін жер болмайды деп қауіптенеді. Бұл қауіп басқа
адамның көңіл-күйін түсіреді де оған келіп түсіндіре бастайды:
—
Аспан жерге түседі деп неге қауіптенесің? Аспаң — ауаның топталуы, ауасыз жер
жоқ емес пе. Сен ер сот осы аспан астында есінейсің, тыныс аласың және әрекет
жасайсың.
—
Егер аспан шын мәнісінде ауаның топталуы болса, онда күн, ай, планеталар мен
жұлдыздар құлап түспеу керек пе? —деп сұрайды Ци патшалығының адамы.
—
Күн, ай, планеталар мен жұлдыздар — ол бұлттар тобының жалтылдайтын бөлігі.
Құлаған жағдайда да олар ешкімге зиян келтірмес еді.
—
Ал егер жер ыдырайтын болса ше?
—
Жер ыдырайды деп қауіптенудің қажеті қанша?
Жер дегеніміз — ол барлық бос кеңістікті толтыратын қатты денелердің шоғырлануы емес
пе. Қатты дене болмайтын жер жоқ. Сен жердің үстінде тұрасың, жердің үстімен жүресің
жөне әр кезде жердің үстінде әрекет жасайсың.
Мұны естіген ұстаз Биік Құрақ, миығынан күлді де былай деді:
—
Кемпір қосақ, бұлт және тұман, жел және жаңбыр, жыл мезгілдері — бұл ауа
шоғыры аспанды құрайды. Таулар мен жоталар, өзендер мен көлдер, темір мен
тастар. От пен ағаш — мұндай форма дене шоғырлары жерді құрайды. Аспан —
ауа шоғыры, жер — қатты денелер шоғыры екенін таныған адамдар, әсте, олар
қирамайды деп айта ала ма?
Аспан мен жер кеңістігіндегі — заттар өте ұсақ емес пе, бірақ олардың ішіндегі аспан мен
жердегі ең үлкені шексіз, еш уақытта сарқылмайды. Ол айдан анық. Оларды өлшеу де,
зерттеу де қиын. Ол айдан анық. Олардың күйреу қаупі тым алыс келешекке қатысты
нәрсе, дейтұрғанмен олар ешқашанда күйремейді деген сөз де дұрыс емес. Өйткені аспан
мен жердің күйремеуі мүмкін емес, олар міндетті түрде күйрейді. Олардың күйрейтін
уақыты келген кезде қауіпті болмайды деп ойлайсыз ба?
Ол туралы ұстаз Ле-цзы естиді де былай дейді:
—
Аспан мен жер күйрейді деп айтушылар қателеседі; аспан мен жер күйремейді деп
айтушылар да қателеседі. Күйрейтінін немесе күйремейтінін мен білмеймін.
Дегенмен, біреулер біріншісін дұрыс десе, ал басқалар екіншісін қолдайды, бірақ
өлінің не екенін тірілер білмейді той, ал өлілер тірінің не екенін білмейді; өмірге
келгендер өмірден кеткендерді білмейді, ал өмірден кеткендер — келгендерді
білмейді. Сондықтан аспан мен жер күйрейді деп бізге қобалжуға орын жоқ!