216
Алғашқы қуанышым осындай. Ерлер мен әйелдердің бір-бірінен айырмашылығы бар,
ерлерді құрметтейді, әйелдерді жек көреді, сондықтан ерлер жоғары бағаланады. Маған ер
болып туылу бұйырған. Екінші қуанышым осындай. Адамға кейде бір ай түгілі бір күн де
өмір сүру бұйырмайды, ал кейде жөргектен шықпай-ақ жатып адам өледі. Ал мен болсам
міне тоқсанға келіп қалдым. Бұл үшінші қуанышым. Кедей болу — ерлер қағидасы; өлім
— адам ғұмырының ақыры.
—
Керемет! — деді Кун фу-цзы. — Сіз өзіңізді өзіңіз қалай жұбата аласыз!
—
Өлімге сіз қалай қуана аласыз? — деп Цзыгун сұрайды. — Өлімнен адамдар
қорқады, ал ұзақ өмірге қуанады емес пе.
—
Өлім мен өмір қайтып келу мен кету сияқты. Менің бұл жағдайда өліп, ал басқа
жағдайда туылмасымды кім білген? Менің білетінім тек өмір мен өлім бір-біріне
тура келмейтін нәрсе. Өмірге құлшынып жүргендердің қателеспейтінін кім білген?
Сол сияқты менің бүл өмірімнен де өлімімнің жақсы болмайтынына кім кепіл? —
Орман Тектестің жауабы осындай болды.
Цзыгун үйренуден жалығады да Кун фу-цзыға айтады:
—
Демалғым келеді.
—
Өмірде демалыс жоқ,— деп жауап береді Кун фу-цзы.
—
Демек, мен, Сыта, демалатын жер жоқ?
—
Демалатын жер бар. Ана жаққа назар сал да біл, қайда демалатыныңды. Кең де
биік! Әрі молалар қорымы! Әрі мал сою! Әрі құрбандық пісірілетін ошақ!
—
Өлім қандай құрмет! —деп Цзы-гун сүйінеді. — Мейірбан адам үшін — демалыс,
бишара адам үшін — құлдырау.
—
Сы, сен оны танып білдің! Өмірдің қуанышы бәріне түсінікті, бірақ өмірдің
ащысын бәрі бірдей біле бермейді; өлім алдындағы үрей бәріне түсінікті, бірақ
өлім тыныштығын бәрін бірдей түсіне бермейді.
Янь-цзы былай дейді:
—
Ежелгілер үшін өлім неткен керемет еді! Лайықтылар үшін — демалыс,
лайықсыздар үшін — құлдырау. Өлім — қасиеттер соңы. Ежелгілер өлген адамды
қайтып келгендер деп атаған. Егер өлгенді қайтып келгендер деп атасақ, онда
тірілерді — жаһан кезушілер деп атаймыз. Егер жаһан кезуші қайтып оралуды
ұмытатын болса, онда ол мекенсіз қалады. Бір адам мекенсіз қалған жағдайда оны
бәрі бетіне басады. Аспан астында бәрі мекенсіз қалған жағдайда, олардың бетіне
басатын данышпан табылар ма екен! Әлде біреу ұстаз Ле-цзыдан сұрайды:
—
Неге сен бос кеңістікті бағалайсың?
—
Бос кеңістікте бағалайтын еш нәрсе жоқ,— деп Ле-цзы жауап береді де былайша
жалғастырады: — Мәселе аталуында емес. Тыныштықтан жақсы, бос кеңістіктен
жақсы еш нәрсе жоқ. Тыныштықта, бос кеңістікте оз мекеніңді табасың, өмірдегі
алу мен беруде оз мекеніңді жоғалтасың.
Аюға жем беруші былай дейді:
—
Қозғалу мен айналудың шегі жоқ. Аспан мен жердің өте нәзік өзгерісін кім сезе
алады? Ол жақта заттарды жоғалтатындықтан мұнда молшылық, мұндағы болып-
толғандықтан ондағы жеткіліксіздік болады емес пе. Шығын мен молшылық,