215
Ұстаз Лe-цзы Вэйге кетіп бара жатқан жолда түстенбекші болады. Оның жол серіктері
жусанның арасында қатып-семіп жатқан бас сүйекті байқап қалады да оны ұстазға
көрсетеді. Бас сүйекке қарап Ле-цзы өзінің шәкірті Бо Фынта мынаны айтады:
—
Туылудың да, өлудің де жоқ екенін біз тек осымен ғана білеміз. Өлімге қайғыру
дұрыс емес! Өмірге қуану дұрыс емес!
Сары Баба туралы аңыздарда айтылады:
—
Тұлғаның дене қозғалысы тұлғаны емес, көлеңкені туғызады; дыбыс қозғалысы —
дыбысты емес, жаңғырықты туғызады; бей болмыс қозғалысы әрекеті бей
болмысты емес, болмысты туғызады. Міндетті түрде өзінің ақырына келетін нәрсе
— ол дене тұлғасы. Аспан мен жер әлем тіршілігінің ақыры бар ма? Бізбен бірге
бүкіл дүниеге де ақырғы күн туа ма? Толық заманақыр болатынын білмейміз?
Жолдың ақыры бола ма, алайда оның оз бастамасы жоқ? Жол таусыла ма, алайда
оның уақыт бойынша өз болмысы жоқ. Тіршілікке ие болған өліге қайта айналады;
пішінге ие болған пішінсіздікке қайта айналады; өлі дегеніміз ол өмір сүрмеді
деген емес; пішінсіз дегеніміз ол пішінге ие болып көрмеді деген емес. Тіріге,
табиғат заңы бойынша, сөзсіз ақырзаман келеді; соңғының өз ақырына келмей
қоймайтыны сияқты, тірінің де өмір сүрмеуі мүмкін емес. Шексіз, тұрақты өмір
сүргісі келетіндер табиғи заңдылықтарды білмейді. Өмірлік қуат — ол аспаннан
алынған бөлшек; дене қаңқасы — ол жерден алынған бөлшек; тазалық аспанға тән
және ол таралады, лайлану жерге тән және ол онымен бірігеді. Тіршілік күші
тұлғадан бөлінеді және олардың әрқайсысы өзінің бастапқы қалпына қайтып
оралады. Міне, сондықтан өлген адамның жаны гуй деп аталады. Гуй қайтып
оралуды, өзінің шынайы үйіне қайта оралуды білдіреді.
Сары Баба айтқан:
—
Жан өз төріне ауысқанда, ал тән оз тегіне қайта оралған жағдайда мен қалай өмір
сүре аламын? Адам өзінің өмірінің соңына дейін төрт рет ұлы өзгерістерді бастан
кешіреді: балалықтың сәбилік шағы, жастық шақтағы шыңдалу, қарттық шақтағы
мұжылу, өліммен өшу. Сәбилік шақта тек ауа энергия ғана ықыласты тұтастыққа
әкеледі және ең жоғарыға үйлесімділікке қол жеткізіледі. Заттар адамның
қасиеттерінің толысуына зиян келтірмейді. Жастық шақта ауа энергия адамның
қанында асып-тасып жатады, адамды құмарлық пен қамқорлық кернеп тұрады, ол
заттардың шабуылына душар болады және сондықтан оның қасиеті әлсірейді.
Қарттықтың мұжылу шағында қамқорлық та жұмсарады, тән демалысқа
дайындалады, заттар онымен бәсекеге түспейді. Адам өлер шағында тыныштыққа
қарай бара жатады, өзінің алғашқы бастамасына қайта оралады.
Ұлы Тауды саяхаттап жүрген Кун фу-цзы, Чэн шөлінің маңында кезіп келе жатқан
Мерзімді Ашқан Юнды байқап қалады. Марал терісінен киім киіп, белін жіппен буынған
ол, цинде ойнап және ән салып отыр екен.
—
Неменеге мәз болып отырсың, Бұрын туған? - деп сұрады Кун фу-цзы.
—
Мен көп нәрсеге қуанып отырмын,— деп жауап береді ол. — Табиғат мың сан
мақұл қатты туғызады, оның ішінде ең құндысы — адам. Маған адам болу
ұйғарылған.