Page 214 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

214
Бастапқы тұрақсыздық өмір сүреді, алғашқы бастама өмір сүреді, бастапқы
құрылым өмір сүреді, бастапқы элемент өмір сүреді. Бастапқы тұрақсыздық
жағдайында әлі ауа болмайды, алғашқы бастама — ауаның бастамасы, алғашқы
құрылым — пішіннің бастамасы, бастапқы элемент — заттар қасиеттерінің
бастамасы. Бәрі бірге — ауа, пішін, қасиет — әлі де бір-бірінен бөлінген жоқ,
сондықтан да хаос деп аталады. Хаос — әлі де болса бір-бірінен бөлінбеген сансыз
заттардың араласуы. "Отан қараймын, бірақ көрмеймін, оны тыңдаймын, бірақ
естімеймін", оның артынан еремін, "бірақ оған қолым жетпейді". Сондықтан да
алғашқы тұрақсыздық деп аталады, өйткені алғашқы тұрақсыздықтың сыртқы
кескіні болмайды. Алғашқы тұрақсыздық дамиды және біреуге айналады, біреу
дамиды және ол жетіге айналады, жеті дамиды да тоғызға айналады, тоғыз — даму
шегі, ол қайта өзгереді де біреу болып қалыптасады. Біреу — форманың даму
бастауы. Таза және жеңілдері жоғары көтеріледі де аспанды құрайды, ауырлар мен
таза еместері төмен түседі де жерді құрайды. Ауыр жөне жеңіл ауалардың
қақтығысуы мен бірігуі адамды құрайды. Сондықтан да әлемде бастапқы дән
тұқым бар, одан бүкіл заттар әлемі пайда болады және дамиды.
Ұстаз Ле-цзы былай дейді:
Аспан мен жер барлығын жаратушы емес, данагөйлер құдіреттілер емес, заттар
әлемі барлық қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Аспанның ісі — жарату және
жоғарыдан көмкеріп түру, жердің ісі — қалыптастыру және төменнен қолдап түру,
дананың ісі — әрбір жаратылысқа тән іске оқыту мен ағарту. Алайда, жердің
артықшылығы болған жерде, аспанның да кемшілігі бар, қандай нәрседе даналар
сәтсіздікке ұшырайтын болса, сол нәрседе заттар жеңіске жетеді. Неліктен?
Сондықтан да жаратушы мен көмкеріп тұрушы аспан қалыптастыруға және
қолдауға қабілетсіз, қалыптастырушы және қолдаушы жер оқытуға және ағартуға
қабілетсіз, оқытатын және ағартатын даналар заттарға тән қасиеттерге қарсы әрекет
жасауға қабілетсіз, ал заттар — өздеріне тән анықтылықтан асып кетуге қабілетсіз.
Сондықтан табиғаттың жолы не ыстық, не суық, даналар ілімі — не
қайырымдылық, не әділеттілік, заттар түнегі — не жұмсақтық, не қаттылық.
Олардың бәрі өздеріне тән жолмен жүреді және одан тыс шығып кете алмайды.
Сондықтан өмір сүруге иегер бар, өмір сүруге иегерді жарататын да бар; пішінге иегер
бар, пішінге иегерді жасаушы да бар; дыбыс шығару қабілетке иегер бар, отан сол
қабілетті беруші де бар; түстің иегері бар, түстің иегеріне сол түсті беруші де бар; дәм
иегері бар, дәм иегеріне дәмді беруші де бар. Жаратылғанның туғызатыны — өлім; бірақ,
жаратылғанды жаратушы ешқашанда таусылмайды; форма болып қалыптасатын нәрсе —
мән, ал форманы қалыптастыратын нәрсе ешқашанда өзі формаға ие болмайды;
дыбыстайтыннан шыққан дыбыс естіледі, ал дыбыстайтынды жаратқан нәрсе ешқашанда
дыбыс шығармайды; түс жаратқан бояу анық көрінеді, ал түсті жаратушы ешқашанда
байқалмайды; дәмнен жаратылған дәм білінеді, ал дәм сезуді жаратушы ешқашанда
білінбейді: мұның бәрі әрекетсіздіктің (тұрақты болмыстың) ісі. Әрекетсіз ыстық және
суық болуға қабілетті, жұмсақ және қатты, ұзын және қысқа, дөңгелек және төртбұрыш,
тірі және өлі болуға қабілетті, жүзуге жөне батып кетуге қабілетті, түс гаммасының
бірінші және екінші дәрежесі болуға қабілетті, пайда болуға жөне жойылуға қабілетті, қан
қызыл және сары түске енуге, тәтті және ащы болуға, сасық және жұпар иісті болуға
қабілетті. Әрекетсіздің білімі жоқ, қабілетсіз, бірақ ол білмейтін, ол істей алмайтын нәрсе
де жоқ.