213
ештеңе кіре алмайтындай өте ұсақ-түйекке айнала алады, ол сыртта шегі жоқ алыпқа да
айнала алады. (Адамның) асығыстығы оған зиян зақым келтіргенде, ол жойылады. Егер
жүрек төзімді болса, онда дao-ның өзі-ақ жүректе қалады. Дао-ны игерген адамда ци торт
саққа ой жүгірткізеді, тек тесік түтіктері мен сыртқы мүшелері арқылы оның ішкі күйі
бұзылмайды. (Осылайша), (адамның) құмарлығы шектелсе, онда заттар оған зиян
келтірмейді.
(Древнекитайская философия. Т.2, М., "Мысль", 1973, с.
15-17, 18-20, 25-27, 30-36, 40-42, 48-57.)
ЛЕ-ЦЗЫ
1-тарау
Табиғат билігі
Ұстаз Ле-цзы қырық жыл бойы белгісіздік жағдайда (батпақта) Чжэн хандығында өмір
сүрді. Патша, төре, аса мейрімді мырзалар оны бұқара халықтан даралап көрсеткен жоқ.
Ашаршылық жылы ол күйеу жолымен Вэй патшалығына қоныс аудармақшы болды.
Шәкірті одан сұрады:
—
Бұрын туылған қайтып оралатын уақытын белгілемей кете ме? Бұрын туылған
маған не ұсынады? Маған, шәкіртіңізге, сұрақ қоюға рұқсат етіңіз: Бұрын туылған
Чаши тауынан ұстаз Орманның сөздерін естіді ме екен?
Ұстаз Ле-цзы күлімсіреді де жауап қатты:
—
Чаши-таулық ұстаздың қай сөздері? Алайда, ұстаз Орманның Қарауытқан Жанар
Атаға айтқанынан менің не естігенімді саған айтып көрейін. Міне оның сөздері:
"Жаратылған және жаратылмаған, өзгеретіндер және өзгермейтіндер өмір сүреді.
Жаратылмаған жаратылғанды жаратуға қабілетті, өзгермейтін өзгеретінді өзгертуге
қабілетті. Жаратылғанның туылмауы мүмкін емес, өзгеретіннің өзгермеуі мүмкін емес.
Сондықтан әр кезде туылады жөне өр кезде өзгереді. Әр кезде туылушы, әр кезде
өзгеруші үнемі туылып отырады, үнемі өзгеріп отырады. Ыстық пен суық, жылдың төрт
мезгілі, міне осылай.
Жаратылмаған жалғыз іспеттес, өзгермейтін бірде әрі, бірде кері қарай қозғалатын сияқты.
Оның уақыты шексіз, жалғыздың жолы шектелмеген сияқты". Сары Баба туралы
аңыздарда айтылады:
"Бос кеңістік — мәңгі, оны терең бастама деп атаймын. Терең бастамаға енуді аспан мен
жердің тамыры деп айтамын. Терең бастама тіршілік сияқты шексіз және еш қиындықсыз
әрекет жасайды". Сондықтан да жаратушы зат жаратылмайды, өзгертуші зат өзгермейді.
Заттар өздері туылады, өздері дамиды, өздері қалыптасады, өздері өңделеді, өздері
таниды, өздері қуаттанады, өздері әлсірейді, өздері жойылады. Ал былай, біреу әдейілеп
жаратады, дамытады, қалыптастырады. өңдейді, таным, күш береді, әлсіретеді және
жояды деу дұрыс емес.
Ұстаз Лe-цзы былай дейді:
—
Ертеде данагөй адамдар ыстық пен суық бүкіл әлемнің жалпы негізі деп есептеген.
Егер пішінге ие болған пішінсізден пайда болатын болса, онда әлем қайдан пайда
болды? Сол себепті, былай деп айтуға болады: