Page 212 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

212
қанына ци тұрақтаса, онда оның ойы да бір бағытқа шоғырланады да, көздері мен
құлақтары бөтен заттарға бөлініп аландай бермейді. Онда алыстағы (нәрселер) оған
таныстай көрінеді. Ойлану білім тудырады; жалқаулық пен нем кетерлік —
бақытсыздықты, қаталдық пен менмендік — жеккөрушілікті, қайғы мен мұң ауруды
қоздырады. Ал ауру мен қиыншылықтан (адамдар) мертігеді. Ақылдың рабайсыз
зорлануы іштей еңсені басады және тез шаршатады. Егер іштей тоқыраудың осындай
кезін алдын алатын әрекеттенушілік болмаса, онда адам өмірін ерте қиюы ықтимал.
Тамақты артық ішпей, басты босқа шұлғымай, өзіңе бір күн тәртібін орнатсаң, сонда бойға
күш-қуат өздігінен оралады.
Аспан рухани қайнар көзді құрайтын тылсымы нәзік (ци-ді), ал жер денені бергесін ғана
адам өмірге келді. Олардың қосындысынан адам қалыптасты. (Осы екі бастаманың)
үйлесімінен өмір пайда болды, ал олардың үйлесімі жоқта өмір жойылды. Үйлестік жолын
іздестіргенде, оның күйі көзге түсе бермейтіні (анықталынды), ал оның белгілерін
ешнәрсемен салыстыруға келмейді. (Адамның) ұзақ өмір сүруі, оның көңілінде
қаншалықты салмақтық пен тепе-тендік үстемдік ететініне, оның жүрегінде қаншалықты
(аспандық және жерлік ци-дің) үйлесімділік табатынына байланысты. Ашуды шектен
шығармай, ұстай білу керек. Өзіңнің бес ниетіңді тізгіндеп, өзіңе қауіпті екі нәрседен
құтыл. (Орынсыз) ыржыңдау және (орынсыз) ыза көңілді құрттай жемесе, онда көңіл-
күйде ұстамдылық пен тепе-тендік орнығады.
Адамның (тұрақты) өмірі міндетті түрде оның салмақты жөне орнықты күйінен нәр алады.
(Орынсыз) ыржың мен ашудан, мұңаю мен уайымнан адам өмірге деген ынта-ықыластан
айрылады. Сондықтан ашуды басуда — поэзия, мұңды басуда — музыка, ойын-сауықты
шектеуде — рәсім, рәсімді сақтауда — құрметтеушілік, құрметтеуді сақтауда —
салмақтылық оңтайлы құрал болып табылады. (Егерде адамның көңіл-күйі) байыпты, ал
сыртқы (келбеті) сыпайылау болса, оған басыбайлы табиғаты оралады және (онда) берік
орнығады. Тамақты қабылдау жайы мынадай: артық ішкен тамақ (адамның) жүріс-
тұрысына зиянын тигізеді; адам тойып тамақтанбаса, қаны азаяды, қу сүйек болып
қалады. (Тамақты) батып та, тартып та ішпей, оның мөлшерінен аспау — үйлестіктің
табысы. Сонда тылсым нәзіктік (ци) өз ұясын табады, содан ақыл пайда болады. Тамақты
қабылдау рәсімі бұзылса, онда қажетті шараны қолдану абзал. (Адам) тоқ кезде, ол тезірек
қимылдауы (керек). (Адам) аш кезде, (қатты) ойланудан сақтанғаны (жөн). (Адам)
қартайғанда бейнеттен арылуы керек. Тойынған адам (үнемі) ширақ қозғалмаса, онда
оның ци-і төрт тағандап қалады. Ашыққан (адам) уәйімнен арылмаса, аштықтан құтыла
алмайды; қартайған (адам) бейнеттен құтылмаса, оның денсаулығы нашарлайды да, өлімі
тездейді. (Адамның) жаны кең де ашық, мінезі жарқын да сырлас болса, сонда ғана ол
байсалды күйде болады. Кімде-кім ұсақ-түйекке күйіп піспей, бастауды тұтас ластауға
бейім болса; олжаны көріп жолдан таймаса; қауіпті кездестірсе де, үрейге берілмесе;
еркіндікпен адамгершілікті сүйе білсе; оз өміріне қанағат тұтса, ол ци-ді басқаратын
қабілетті иемденеді. Ондайда (адамның) ойы мен қимыл-әрекеті (ашық) аспандай
араласып жатады.
Адамның (салауатты) өміріне лайықты, ұнамды негіз болуы керек. Мұңайған —
тыныштығын, ашуланған тепе-тендігін бұзады. Мұң мен қайғы, қуаныш пен ыза
кезектесіп басымдық еткенде, одан дао орын таппайды. Өз құмарлығыңды бассаң, өз
кемшіліктерің мен қателіктеріңді жойсаң, кетпекшіні тоқтатпасаң, келгенді
итермелемесең, ондайда бақыт өзі-ақ оралады. Дао өзі-ақ (бізге) келеді, онымен кеңесуге
болады. Дао байсалдылық жолымен келеді, асығып – аптыққандық оны жоғалтады. (Дао)
керемет тылсым (адамның) жүрегінен орын алады. Ол бірде келеді, бірде кетеді. Ол ішіне