20
туралы ілім, Брахман туралы ілім, заттар туралы ілім, әскери өнер, жұлдыз жылнамасы,
жыландар туралы және құдіреттің жасағандары туралы ілім. Бұның бәрі де атаулар.
Атауды құрметтей біл".
(Ақыл)
5.1. Пайымдасақ, ақыл ниеттен тереңірек. Егер де біреу ақылды болса, ол толғанады, ол
ойланады, ол сөйлесуге тырысады, ал сөзден атаулар туындайды. Атауларда мантралар
ұқсастық табады, мантраларда рәсім ұқсастығы табысады.
2. Олар түбіңде ақылда тоғысады, ақыл — олардың атманы, ақыл — олардың тіреніші.
Кейбіреу көп біліп, бірақ ақылды болмаса, ол туралы айтады: "Ол не білмесін, (ақылды)
емес. Егер де ол шынымен-ақ білгір болса, ол соншалықты ақылсыз болмас еді". Егер аз
білетін ақылды болса, оны тыңдайды. Өйткені олардың бәрі де түбінде ақылда тоғысады,
ақыл — олардың атманы, ақыл — олардың тіреніші. Ақылды құрметтей біл!
3. Кімде-кім ақылды Брахмандай құрметтесе, ол шындығында өзіңдей мекем, тіреніші бар,
өзіндей мызғымас парасатты дүниеге көтеріледі. Ақылды Брахмандай құрметтеген адам
ақылдың шегінде (өз) еркімен әрекеттенеді". — "Мәртебелім, ақылдан артық нәрсе бар ма
екен?" — "Мәртебелім, маған ол туралы айтып беріңізші!"
(Ойлану)
6.1. "Ойлану расында ақылдан басым. Жер тыныш ойланатындай, ауа кеңістігі тұнық
ойланатындай, аспан баурап ойланатындай, сулар толқып ойланатындай, таулар мызғып
ойланатындай, құдайлар мен адамдар терең ойланатындай. Сондықтан бұл дүниенің
артықшылығына жеткен адамдар ғана ойланудың осы үлестерін иемденеді. Ұсақ адамдар
ашушаң, өсекшіл және зұлым келеді. Құдіреттілер ғана ойлану үйлесін арттырады.
Ойлануды құрметтей біл!
2. Кімде-кім ойлануды Брахмандай құрметтесе ғана, сол ойлану шеңберінде (өз) еркімен
әрекеттене алады. "Мәртебелім, ойланудан басым нәрсе бар ма?" — Андасақ, ойланудан
да жоғары нәрсе бар". — "Мәртебелім, маған (ол туралы) айтып беріңізші!"
(Таным)
7.1. "Таным расында ойланудан басым. Өйткені таным арқылы расында Ригведа,
Яджурведа, Самаведа, төртіншіден, Атхарваведа, бесіншіден, аңыздар мен әңгімелер
танылады; Веданың Ведасы танылады; ата-бабаларды құрметтеу рәсімдері, есеп-қисап,
болжау өнері, уақыт жылнамасы, пікірталас өнері, мінез-құлық ережелері, құдайлар
туралы ілім, Брахман туралы ілім, заттар туралы ілім, әскери өнер, жұлдыздарды
жорамалдау, жыландар жөне жаратушының жасағандары туралы, тағы да аспан мен жер,
жел мен кеңістік, сулар мен ыстық, құдайлар мен адамдар, мал мен құстар, шөптер мен
ағаштар, хайуан андар мен құрт-құмырсқалар, әділеттілік пен әділетсіздік, ақиқат пен
жалғандық, ізгілік пен зұлымдық, жағымды және жағымсыздық, тамақ пен ұйқы, бұл
дүние мен о дүниелер танылады. Барлығы да таным арқылы танылады. Танымды
құрметтей біл!
2. Кімде-кім танымды Брахмандай құрметтесе, ол шынымен-ақ танымға толы, білімдерге
толы дүниелермен жанасады. Кім танымды Брахмандай құрметтесе, ол таным қамтыған