Page 209 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

209
Берік жүректе құлақтар мен көздер сезімтал, қолдар мен аяқтар күштірек келеді, содан
(ол) тылсым нәзік (ци) мекені бола алады. Тылсым нәзік (ци) — ци-дің ішіндегі ең
жетіктері. Ци-дің айналымынан өмір пайда болады, өмір арқылы ойлану, ойланудан —
сана туындайды. Сана (адамның) қимыл-әрекетінің шегін анықтауды мұршалайды. Егер
жүрек білім алуда тарығып зорықса, онда жүректің мұндай күйі (адамның) денсаулығына
ақау түсіреді. Назарды бір затқа шоғырландырып, оны игерткізетін ептілікті керемет
(шеберлік) дейді. Назарды бір іске шоғырландырып, оны өзгерте алатын ептілікті
(ақылдың) қабілеті дейді. (Заттарды) өзгертіп, өзінің рухын өзгертпеу және істерді
тындырып, (өзінің) ақылынан адаспау — мұндай деңгейге біртүтас бастаманы игеретін
қабілетті ғана жете алады. Біртүтас бастаманы игеретін (ептілік) қателіктерді жібермеуге
жөне заттарға билік жүргізуге (мүмкіндік ашады). Бекзат адам мүліктің құлы емес иесі,
оны басқарады. Мұның бәрі де — біртұтас бастаманы игерудің мәнісі. (Әміршінің;) жан
дүниесін дұрыс басқару ниеті билеп төстегенде, (оның) аузынан тәртіпті орнықтырар
сөздер шығады, адамдарға елді дұрыс басқару нұсқаулары тапсырылады, сонда ғана
Аспан асты тынышталады. Аспан астын (өзіне) бағындыратын да, адамдарды (өзіне)
тыңдатқызатын да арнайы сөз — ол "әділеттілік" сөзі.
Кімде сыртқы рең әдепсіз болса, оған ізгілік оралмайды. Кімге ішкі салмақтылық
жетіспесе, оның жаны тынымсыз. Өзіңнің сырт келбетіңді реттеу, өзінде ізгілікті
тәрбиелеу арқылы, аспандай өнегелі, жердей әділ бола білгенде, ізгіліктің өзі міндетті
түрде сатан келеді. (Сенің) рухыңның айқындылығы (осыған орай) заттарды
танытқызатын шепке жеткізеді, әрі қателікті жіберткізбейтін іштей бағдарды
құрастырады. Сенің сезім мүшелеріңді заттар ықпалында адастырып жіберткізбеу, ал
сезім мүшелерінің сенің ойынды адастырарлық күйге жеткізбеу — мұны адамның өзін-өзі
іштей ұстай білуі деген сөз.
(Жүректі) рух баурайды, бірақ оның қашан келіп, қашан қайтқанын ешкім білмейді.
Рухтан айрылған (жүрек) былыққа батады, ал ол (жүрекке) ұяласа, соңғысы
тынышталады. (Адам) мекен-жайды ілтипатпен тазаласа, онда тылсымы асқан нәзік ци
өздігінен оралады. Өзіңнің ұстамдылығыңмен нәзіктікке тылсымы мол ци-лерді игеру, ол
туралы ойлаудан артық. (Өмірдің) тыңғылықты салтына және (іске) деген байсалды
көзқарасқа нәзік ци-лер үйірсек келеді және сонда қалып қояды. Нәзік (ци-лер) игерілсе,
әрі жоғалмаса, онда көздер де, құлақтар да қателеспейді, жүректі бөгде ниеттер
алаңдатқызбайды. Адамның жүрегі тынышталса, оның заттарға деген бейімділігі
дұрысталады. Дао Аспан астын түгел толтырады, ол адамдардың жүрегінен жылу табады,
бірақ оны басқалар түсіне алмайды. (Дао) деген бір сөзді түсіну арқылы аспан мен жердің
мән-жайын аңғаруға, жарық дүниенің түкпір-түкпіріндегі елдерді қамтуға болады.
Мұны қалай түсіндіруге болады? Ол дегеніміз өз жүрегіңді түзету. Егер менің жүрегім
түзелсе, онда сезім мүшелерім де реттелінбек. Егер менің жүрегім бірқалыпта саябырсыса,
онда менің сезім мүшелерім тынышталады. Жүрек (оларды) басқарады, жүрек оларға
тұрақтылық ендіреді.. Осылайша "жүрек" жүрекке жасырынады, жүректің ішінде тағы
"жүрек" туындайды. "Жүректің" жүрегі (көп нәрсені еске салады), атап айтқанда: қалайша
ой сөзден бұрын қалыптасады, дыбыстан — құбылыс, құбылыстан — атау туындайды,
қайтіп атаулардан іс пайда болады, ал істер басқарылады. Егер іс басқарылмаса, былық
басталады, ал былық мертіктіреді.
Нәзігі тылсым (ци-пер) (адамның жүрегіне) топтасса, (адам) өздігінен гүлденеді, оның
сыртқы реңі көріктенеді, онда жасырын (нәзік ци-лер) тіршілік әрекетінің таусылмас
қайнар көзіне айналады, адам (сезімдерінің) жайлы кең орнына айналады. Бүл ыстық