Page 208 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

208
Заттардағы тылсым нәзіктердің (ци) қосылуы (бір нәрсені) тудыруға душар етеді. Ол
жерде дәнді өндіреді, ал аспанда жұлдыздарды құрайды. Аспан мен жердің арасына
таралған (тылсым нәзік ци-лі) рухтар деп атайды, ал адамның ішіне сіңгенді жетік
біліктінің (ақылы) деп атады. Оларды (ци) деп атау себебі, ци егер аспанға көтерілсе, олар
жарыққа айналады; егер жер қабатына тереңдесе, олар қараңғыланады; егер теңіздерге
таралса, олар шексіздікке ұшырайды; егер таулардың шыңына қалықтаса, олар биіктей
түседі Сондықтан мұндайды күшпен тоқтауға болмайды, оларды ізгілікпен ғана
тыныштандыру орынды. Оларды айқай-шумен қайтаруға болмайды, тек мейірбандықпен
қарсы алу орынды. Оларды құрметпен сақтау арқылы жоймау керек — мұны ізгіліктің
жетілуі деп атайды. "Ізгіліктің жетілуі" ақыл-парасатты тудырады, ал мұның өзі барлық
заттардың молшылықта болуына мүмкіндік ашады.
Жүректің ерекшелігі сол, ол өзінен-өзі толады және қанағат табады, өзінен-өзі дамиды
және жетіледі. (Оның бұл қасиеті) қайғы мен сауық-сайранда, шаттық пен ашу-ызада,
құмарлық пен ашқарақтықта жойылады. Қайғы мен сауық-сайраннан, шаттық пен ашу-
ызадан, құмарлық пен ашқарақтықтан арылған сайын, жүрек өзінің баз қалпына оралады.
(Адамның) жан дүниесі салмақтылық пен тыныштықты аңсайды. (Даоның) үйлестігі
мазасызданбаған да, әбігерленбеген де өздігінен-ақ келеді. (Дао) біздің айналамызда
жүргендей анық. Оны табуға болмайтындай бұлыңғыр. Ол ұшы-қиырсыз, аяқсыз да
шексіз дерлік. Мұндай дао (бізден) алыста емес, (біз) күнделікті оның дән тыныстаймыз.
Дао дегеніміз денені толықтыратын нәрсе, адамдар (оны) мекем ұстай алмайды.
(Сондықтан) ол кетсе, қайтып оралмайды, ал келе қалса тоқтамайды. Ол ың-жыңсыз, оның
дыбысын ешкімде есітпейді. Ол жүрегімізді баурап алады, бірақ тұңғиық болғандықтан,
біз оның формасын көре алмаймыз. Ол үнемі өмірімізге серік. Біз оның түр әлпетін
көрмейміз, дыбысын есітпейміз, дегенмен (барлық заттар) отан сүйенеді, жетік деңгейіне
жетеді. Мұның бәрін дао дейді.
Дао белгілі бір орынға тұрақтамайды, ол мейірімді жүректерде аялдайды. Жүрек
тынышталып, ци реттелінгенде, соған дао оралады. Егер дао жақындаса, халық оны
қабылдап, діттегеніне жетеді. Егер дао кетіп қалмаса, онда халық онымен қабаттасып
тынышталады. (Дао) биіктеп тұрады, дегенмен оны табуға болады. Ол соншалықты ұшан-
теңіз, оның тұрақтар орнын анықтаудың ыңғайы келмейді. Даоның ерекшелігі сол, ол
еріксіз көңіл аударған мен айқай-шуға жұғыспайды. Оз жүрегіңді жетілдіріп, жан-тәніңді
жұбатқанда ғана, даоны икемдеуге болады. Даоны сөзбен жеткізуге болмайды, ол біздің
көзімізбен де, құлағымызбен де ұға алмайтын ұғымсыздық. Даоның ықпалымен рухани
жөне дене жаттығуы жетіледі. (Даодан) айрылған адам өмір сүрмейді, (оғаНу) сүйенген
адам өмір сүреді. (Даоға) негізделмеген істер сәтсіздікке ұшырайды, (даога) сүйенген
істер табысқа жетеді.
Даоның түбірлері мен сабақтары, жапырақтары мен гүлдері жоқ нәрсе. Ол арқылы заттар
пайда болады және жетіледі. Сондықтан оны дао (ақ жол — Ж.М.) дейді. Содан аспан —
әділдікке, жер — тепе-тендікке жақын, адам салмақтылыққа ұмтылады. Көктем мен күз,
жаз бен қыс — аспанның төрт маусымын құрайды. Таулар мен төбелер, өзендер мен
алқаптар — бәрі де жердің байлығы. Қуаныш пен реніш, икемдеу мен жатсыну — бұлар
адамның талпыныстары мен (сезімдер) көріністері. Содан бекзат кісі уақытпен бірге
өзгерсе де, өзінше өзгермейді; (өзгермелі) заттарға ерсе де, өзі баз қалпында қалады. Кім
әділдік пен салмақтылыққа ұқсап бақса, ол табандылықтан таймайды.