Page 210 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

210
мекен-жай ыстығын жоймаса, онда (адамның) аяқ-қол саусақтары қатаяды. Бүл қайнар көз
таусылмаса, онда (адамның) барлық мүшелері дұрыс қызмет етеді. Осындай тұтас күйде
адам (өзінің ақылымен) аспан мен жерді біріктіре қабылдауға бейім, жарық дүниенің төрт
жақтарын қамта алады. Егерде адамды азғырып әкететін ой болмаса, оның мінез-
құлығында қыңыр жат қылықтар орын алмайды. Жүрегі жетілген адамда маңдай алды
сырт келбет те болады. Ондай жан кездейсоқ апат пен бақытсыздыққа ұшырай бермейді.
Оны жетік білгір дейді. Егер адам өмір салтын дұрыс және салмақтылықпен жүргізе алса,
онда оның денесі керемет ширақ, көздері мен құлақтары сергек, бұлшық еттері икемді,
сүйектері мекем болады. (Мұндай адам) ұлы айналыммен араласуға және үлкен шаршыны
өтуге лайықты, зор тазалықты бейнелеуге және ұлы данышпандарды көруге ұтқыр.
Құрметшіл, құнтты, мінсіз болу арқылы күн санап өзіңнің ізгіліктеріңді жаңартуға, Аспан
астындағы күллі қимыл-әрекеттерді тануға, жарық дүниенің төрт жақтарын (өз
танымында) қамтуға жол ашылады. Адам (өз өнегесін) бар ынты-шынтысымен арттырса,
мұны ішкі ізгілік дейміз. Егер адам осы бағыттан ауытқымай, оны мекем ұстаса, онда
оның өмірінде қателік болмайды.
Дао әрқашанда жалпылама, толыққанды, кең, емін-еркін, қатты, тұрақты келеді. (Кім)
әруақытта (өзінде) ізгі (қасиеттерді) сақтауға, (өзінен) жамандықты қудалауға қабілетті
болса және мінез-құлықтың үлгісін білсе, ол дао мен дэ-ға оралады. (Адам ішінде) лүпілі
мол жүректі жасырын қоюдың ыңғайы келмес. Ол келбет терісінің, ағзамның түр-түсінен
білінеді. Кім адамдарға ақ ниетпен қараса, оған адамдарда бауырмашыл болады. Кім
адамдарға қара ниетпен қараса, адамдар ондайларға соғыстағыдай өшпенділікпен
қарайтын болады. Айтылмаған (ашулы) сөздің ызғары найзағайдың күркіреуінен де
немесе дағыраның дабылынан да басым өңменінен өтеді. Жүректегі (нәзік лүпілдердің)
қосақтары күн мен айдан да жарық. (Қай бір істі) қарастырғанда олар баласына қарайтын
ата-анадан да көреген. Марапаттау адамдарға ізгілікті (қасиеттерді) ендіруге жеткіліксіз.
Жазалау арқылы адамдарды қылмыстан арылта алмайсың. (Адамдардың) сезімдері мен
ойларын игергесін ғана Аспан астын өзіңе ыңғайластыра аласың. (Өзің ақ) ниетке
берілсең ғана, (адамдарды) жұбата аласың.
Егер (өзінде) ци-ді жоғарғы жетістікке шоғырландыра алсаң, онда барлық заттар (көз
алдында) елестейді. (Сондай) шоғырландыру мүмкін бе? (Ойларды) бір арнаға бағыттау
мүмкін бе? Бал ашпай-ақ адамның бақыты мен бақытсыздығын болжау мүмкін бе? (Біздің
қимыл-әрекетіміздің) шебі мен шегін анықтау мүмкін бе? (Мынау немесе анау істі) аяқтау
мүмкін бе? Біреудің көмегінсіз табысқа жету мүмкін бе? Ойлану, ойлану және ойлану
(керек). Егер өзің толғанып түсіне алмасаң, онда мұндай жағдайда саған рухтар жәрдем
береді. (Бірақта) мұндайда рухтардың күші емес, (сендегі) тылсымы нәзік барынша
шоғырлануы басым ықпал етеді. (Адамның) денесі қашан дұрыс қалпына жетіп, әрі
қанына ци тұрақтаса, онда оның ойы да бір бағытқа шоғырланады да, көздері мен
құлақтары бөтен заттарға бөлініп аландай бермейді. Онда алыстағы (нәрселер) оған
таныстай көрінеді. Ойлану білім тудырады; жалқаулық пен нем кетерлік —
бақытсыздықты, қаталдық пен менмендік — жеккөрушілікті, қайғы мен мұң ауруды
қоздырады. Ал ауру мен қиыншылықтан (адамдар) мертігеді. Ақылдың рабайсыз
зорлануы іштей еңсені басады және тез шаршатады. Егер іштей тоқыраудың осындай
кезін алдын алатын әрекеттенушілік болмаса, онда адам өмірін ерте қиюы ықтимал.
Тамақты артық ішпей, басты босқа шұлғымай, өзіңе бір күн тәртібін орнатсаң, сонда бойға
күш-қуат өздігінен оралады.
Мұны қалай түсіндіруге болады? Ол дегеніміз өз жүрегіңді түзету. Егер менің жүрегім
түзелсе, онда сезім мүшелерім де реттелінбек. Егер менің жүрегім бірқалыпта саябырсыса,