Page 207 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

207
нығайтып, (шолақ заңдардан) арылса болғаны. Осымен бәрі де тынады. Сонымен (егерде)
адамдардың (мінез-құлықтарын) анықтайтын нормалар болса, онда (адамдарды) алдау
үшін қулық пен алаяқтықты қолдана алмайды; (егер) өлшеу үшін безбенді алса, онда
салмақтың айырмашылығын (адамдарды) алдау үшін пайдалану мүмкін емес; (ал егерде)
сюня мен чжана ұзындығының белгіленген мөлшері болса, онда ұзындықтың
айырмашылығын (адамдарды) алдау үшін пайдалану мүмкін емес.(Егер де) ендігі әмірші
заңмен есептеспей, қабілеттілерді тарту үшін мақтаушылыққа жүгінсе, онда
қарамағыңдағылар әміршіден бұрылып кетеді де, төмендегілер бірлестіктерге
(ұйымдасады); (егер) шенеуніктерді (белгілі бір) топтарға (жататындығын) ескеріп
ұсынса, онда адамдар таныс тамырларды іздестіруге машақаттанып, (оларды еңбекте)
пайдалануға құлшыныс танытпайды.
(Егер) әмірші мақтауды — марапаттау, ал тіл тигізуді жазалау ретінде пайдаланса, одан
шенеуніктер өзінің басқару қабілеттерінен айырылады. Мұндай жағдайда марапатты
ұнататындар мен жазаны жек көретіндер қоғамдық жолдан тайсақтайды да, жеке басының
әжетімен шектеледі; олар зұлымдықты жалғастыратын топтарға енеді. Осыдан (олар)
әміршіні ұмыта бастайды да, өз тобын ілгерілету үшін сырттағылармен байланысты
күшейтуге тырысады. Байланыстар көбейген сайын, (елде) топ-топ жіктелушілік өршігеді.
Мұндай сыртқы және ішкі топтасулар (елге) үлкен зиян әкелсе де, оларды қолдаушылар
көптеп табылады. Міне сондықтан жан қия қол астында еңбектенген (ешқандай) жаза
жасамаса да, (бірақта сыбайлас бір топтың) жаласымен өлім жазасына (бұйырылады), ал
қарамақтағы қиянатшыл (ешқандай) еңбегі сіңбесе де, (сыбайластарының жалған
мақтауымен) шендік қызметке жоғарылатылады. Қылмыс істемегендер өлім жазасына
(кесілді); еңбегі сіңбегендер қызметке (көтерілді). Содан қарамағыңдағылар өздеріне
пайда әкелетін ұсақ-түйек "істерге (үлкен) мән береді де, әділетсіз жазадан сақтанып,
елдің (ортақ істерін ескермейді). Ондаған (сіңбе тұрушылар) жеке үйдің қақпасынан
сығалайды да, ешкімде — сарайдың (қақпасына) жақындамайды; жүз дегендер өз
отбасының қамынан шықпайды да, ешкімде өз елінің (тағдыры) туралы ойланбайды;
(адамдардың әміршіге) бағынатын саны ұшы-қиырсыз өссе де, әйтседе қол
астыңдағылардан (өз) әміршісін сыйлайтын лайықты (ешкім де) табылмайды; шенеуніктер
(құрамы) толық болса да, мемлекеттің (істерін сенімді жүргізетін ешкімді) таба алмайсың.
Мұны адамдарын жоғалтқан мемлекет дейді. Адамдарын жоғалтқан мемлекетте сарайға
табынатындардың (саны) азаймайды; бұл дегеніміз барлық отбасы өздеріне бірдей
пайдалы істермен ғана шұғылдануға тырысады да, әміршіні құрметтеуге асықпайды.
Жоғары мәртебелі шенеуніктер өзара мадақтаумен шұғылданады да, мемлекеттік (істерді)
жүргізбейді. Лауазымы төмендегілер (өздерінің) жалақысы (мен қызметін) сақтап қалу
үшін, (тек) жоғарыдағы (мәртебелі мемлекет шенеуніктеріне) жол табуды ойластырумен-
ақ, (өздерінің) тиісті шендік (міндеттерін) орындауға асықпайды. Шенеуніктердің өз
қабілеттерін жоғарлатудың себептері де осында. Сондықтан, бұрынғы әміршілер елді
басқарғанда адамдарды жеке өзі ұсынбай, заң арқылы іріктеуге мүмкіндік ашты; олардың
қызметін жеке өзі бағаламай, заң арқылы талдауға мүмкіндік берді. Содан қабілетті
жасыруға, сәтсіздікті ақтауға болмайтын еді; (опасыздар мен қызметінен айрылғандар)
мақтаулы болса да, жоғарылатыла қоймады, ал (берілгендер мен еңбегі сіңгендер) жала
жабылса да қызметінен кетірілмеді. Мұндай жағдайда әмірші мен оның
қарамағыңдағылар арасында айқын да нақты жіктеушілік орын алды, (ал егер бүл)
қызметті айқын да нақты айырушылық болса да, (ел) оңай басқарылды. Әмірші (өзінің) ел
басқару істерімен тікелей шұғылданбаса да, (оны) атқара алды, өйткені (ол) өзінің іс-
әрекетін қадағалайтын заңды бетке ұстады.
49-тарау. "Ішкі қызмет"