206
атқара алса, (онда) бес дәнді дақыл коп өнім береді, қолдағы малдың алты (түрлері де)
көбейеді, армия болса күшейеді. (Егер отан елді жақсы) басқару қабатталса, онда (ел)
көркейеді, (ал егер) күш көрсету мен қатаңдық қабаттасса, онда (ел) азып-тозады.
Аспан мен жер даодан туындайды, өнегелілік жетік біліктілерді жасайды. Дао өнегелілікті
тудырады, өнегеліліктен елді (дұрыс) басқару туындайды; елді (дұрыс) басқару
(мемлекеттік) істердегі табысқа жеткізеді. Сонымен (егер) Аспан астын жетік білікті әмір
басқарғанда, онда да (егер жұмыстар жүрмей қалса) (ол) кейін бұрылып кетеді, (ал егер
олар сәтті) аяқталса, онда (ол) жаңа әрекеттерді бастайды. (Елді) өнегелілікпен басқару
көктемде басталады, ал жазда жетіледі; жазалау күзде басталады да, қыста тарайды. (Егер
де) жазалаулар да және өнегелілікпен басқару да кемшіліктер болмаса, онда (жылдың)
төрт мезгілі де өзінің табиғи багамымен өтіп жатады.
(Егер) жазалаушылық та, (елді) өнегелілікпен басқаруда (дұрыс) бағыттан ауытқыса, онда
(жылдың торт) мезгілі де кері бағытта қозғалады да, (мемлекеттік) істерді басқару табысқа
жете бермейді, (ел) үлкен бақытсыздыққа ұрынады. Елді басқарудың әрбір айға (бірдей)
үш (құрамдас бөлшектері) бар, (солармен ойластыра) мемлекеттік істерді басқару қажет.
Осылайша билікті ұзартуға болады. Кімде-кім елді (осы үш құрамдас бөлшектерге)
үйлестірмей басқарса, ол өледі; басқарусыз қалған ел құрдымға кетеді. Мемлекетте
(жылдың) торт бірдей мерзіміне арналған қаулылар шығады, (оларды) әміршінің істерін
атқарғанда нақты ескеру (қажет). Биліктің торт элементі орынды қолдауын табу (керек):
(ол үшін) елді басқарудың үш (құрамдас бөлімдерін) жүзеге асыра отырып жәрдемдесу
орынды.
36-тарау. "Айқын заңдар"
"Елдегі жетекші тәртіп" дегеніміз әміршінің айқын (анықтаған) даосы; "елде толқуға
шамдану" дегеніміз қол астындағы шенеуніктерде (ыңғайлы) тәсілдердің басым болуы.
Әміршіні құрметтеу мен қол астындағы шенеуніктерді кемсіту тек (әміршіге) деген
сүйіспеншілік (сезімнен) емес, қайта (оның оз) артықшылығын тұрақты шарлауынан
туындайды. Барлық шенеуніктер (өз) міндеттерінің орындалуын (қатал) бағалау үшін
(әміршіге) деген сүйіспеншіліктен гөрі, алдымен жазалаушылыққа жүгінеді. Өйткені
(егер) әмірші мен қол астындағы шенеуніктер бірақ даоға (сүйеніп әрекеттенсе), онда елде
тәртіпсіздік күшейеді; (оның үстіне әмірші) жеке өзі (көптің пікірімен есептеспей сый-
құрмет пен жазаны) таратса, онда (мұның өзі де) күнәлыққа жатады.
Мемлекет құлдырауының төрт (себептері) бар: бұйрықтар жалпы бастырылып
шығарылмайды — мұны жойылу дейміз. Бұйрықтар шығарылады, әйтседе (шенеуніктер)
оларды халыққа жеткізбей ұстап қалады,— мұны (бұйрықты жүзеге асыру жолдарына)
кесе-көлденең түру дейді. Халық (өзінің) көңіл-күйін әміршіге жеткізуге жалпы
талпынбаса,— мұны халықты әміршіден бөлетін кедергі дейді. Халық (өзінің) көңіл-күйін
әміршіге жеткізуге талпынады, бірақ (оған жақын орта) тілекті арада ұстап қалады,—
мұны (әкімшіліктің құқығына) қол сұғу дейді. Заң орнықпаса,— ол жою мен қол сұғуды,
кедергі мен бөгетті үдететін себеп. Сондықтан бұрыннан да (ұққаны көп) әміршілер елді
басқарғанда заңнан тыс (өзінің) ниетіне емін-еркін бермеген және заңды (қолданғанда)
артық (жұмсақтыққа) бармаған. (Олардың) іс-әрекетінде заңға қайшы ештеңе болмаған,
сондықтан (олар) теріс қылыққа тыйым салды, белден басар жеке басты шешімдерден
арылды.
Билік екі түрлі нұсқауға (негізделе) алмайды; елді басқару қос көзқарасқа сүйене
(алмайды). (Егер) елді заңға сүйеніп басқарса, онда (әміршіге) заңдардың (жақсы жағын)