Page 205 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

205
Солтүстік — бұл ай. Оның мезгілі — қыс; оның күш-қуаты — аязда. Аяз су мен қанды
туындатады. Оның өрнектілігі — тазалық, бөліну, жұмсақтық, мархабат, сақтау. Осы
кездің істері туралы (әміршінің беретін) бұйрықтары: халықтың (өз еркінше) көшіп-
қонуына тыйым салу; (оған) тыныштық пен бір орынды мекендеуді белгіленсе, онда
жердің (сазды ылғалы) сыртына шықпайды. Инь бастауының талаптарына жауап беру
үшін, жазалау туралы өкімдерді орындау керек, ал жасалынған қылмыстарды кешіруге
болмайды. Сонда суық аяз тұрады, әскер күшейе (түседі), бес дәнді дақыл піседі, мемлекет
күшейе (береді), әлемнің төрт құбыласы да бағынады,— мұны айдың өнегелілігі дейді. Ай
жазаларға күрмек, жазалар аяздан басталады. (Егер) қыста көктемге (арналған)
нұсқауларға (орай) әрекеттенсе, оның (барысында) жерден ылғал тартылады; (егер) жазға
(арналған) нұсқауға (орай) әрекеттенсе, одан (күтерің) — найзағай; (егер) күзге (арналған)
нұсқауға (орай) әрекеттенсе, оның (нәтижесі) құрғақтыққа ұшыратпақ. Сондықтан қыстың
үш ай кезінде бес нұсқауды жариялау (үшін) жэнь және гуй күндерін пайдаланған (жөн).
Бірінші нұсқауда айтылған: "Жетімдер мен жалғыздарға қамқорлық жасап, қарттарға
жәрдем көрсету (керек)". Екінші нұсқауда айтылған: "Янь (бастауының қимыл-әрекетін)
мұқият қадағалап, рухтарға (құрметпен) құрбандық шалып, тендер мен жалақы (туралы
өкімді) жариялап, қызметті белгілеу (қажет)". Үшінші нұсқауда айтылған: "(Жұмыстың)
қорытындысы туралы есептер мен (баяндамаларды) тексеру, таулар мен өзендердің
байлықтарын өндіруге рұқсат бермеу (керек)". Төртінші нұсқауда айтылған: "Қашып
кеткен қылмыскерлерді ұстап, ұрлықшылар мен бұзақыларды ұстағандарды марапаттау
(керек)". Бесінші нұсқауда айтылған: "(Өз бетінше) көшіп-қонуға тыйым салу,
қашқындарды тоқтату, (қора-қопсыны) бөлуді тыйым салу (керек)".
(Егерде осы) нұсқаулар уақытпен үйлестірілсе, онда қысқы мерзімдегі істерде
кемшіліктер азаймақ, (халық) діттегеніне міндетті түрде жетпек; (ол) жек көретін нәрселер
міндетті түрде басылып тасталады. Сонымен, (егерде) көктемде бір нәрсе солса, күзде —
көгерсе, қыста — найзағай күркіресе, ал жазда — шық түссе немесе қар жауса, мұның бөрі
де өмірлік күш-қуатқа зиян келтірудің (нәтижесінен) дерлік. (Егер) жазалар мен (елді
басқарудың) өнегелілігі жаратылыстың (табиғи) ырғағын өзгертсе жөне (оларды
мемлекеттік істерге қолданатын) дәстүрлі тәртіп бұрмаланса, онда зұлымдыққа
ұшырататын дұшпандық тез арада күш-қуатына енеді де, өмірде жауыз күштің
қарқындауынан ел арасында көптеген апаттар мен бақытсыздық асқындайды. Сондықтан
жетік білікті әмірші (жылдың торт) мезгілдерін елді басқарудың (жолын) анықтаудың
негізі ретінде қарастырады; (халықты) әскери іске үйрететін нұсқау шығарады;
адамгершілікті жақсарту ниетімен құрбандық шалады. Жетік білгір әмірші бүл үш іс-
әрекеттерді аспан мен жердің (табиғи) қозғалысына орайластырады.
Күн ян (бастауын) құрайды; ай ин (бастауын) құрайды, Суй үйлестікті жүргізеді. Ян —
бұл адамгершіліктің, ин — бүл жазалаушылықтың нышаны; үйлестік — бүл (мемлекеттік)
істерге ұйытқы. Содан (егерде) күн тұтылып қалса, онда адамгершілігін жоғалтқан ел оны
жек көреді; (егерде) ай тұтыла қалса, онда жазаларды (дұрыс қолдану жолынан) адасқан
ел оны жек көреді; (егер) жұлдыз құйрықты көрінсе, онда (мемлекеттік істерді)
жүргізудегі үйлестікті жоғалтқан ел оны жек көреді; (егер) жел мен күн басымдылыққа
таласса, онда (дұрыс) басқарудан айрылған ел бүл (күресті) жек көреді. Содан (егер) күн
тұтыла қалса, онда жетік білікті әмірші өнегелілікті (адамгершілікті) жөндейді және
жетілдіреді; (егер) жұлдыз құйрығы көрінсе, онда ол (мемлекеттік істердегі) үйлестікті
реттейді және жетілдіреді; (ал егер) жел мен күн басымдыққа таласса, онда (ол) елді
басқаруды жөндейді және жетілдіреді. Жетік білікті әмірші аспан мен жердің жазасынан
арылу үшін осы торт бірдей істерді атқарады. (Егер де) ол шынымен-ақ осы торт істі