Page 204 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

204
нұсқауларға (орай) әрекеттенсе, онда оның (нәтижесі) су болады; (егер) қысқа. (арналған)
нұсқауларға (орай) әрекеттенсе, онда оның (нәтижесі) солады. Сол себептен, жаздың үш
айында бес нұсқауды жариялау үшін бин және дин күндерін пайдалану құптарлық.
Бірінші нұсқауда айтылған: "Кім ықыласпен еңбек етсе және еңбек сіңірсе, соларды табу
және жоғарылату (керек)". Екінші нұсқауда айтылған: "(Халыққа астықтан) қарыз беру
үшін, ескі қорды анықтау, ескі қамба мен үсекті ашу (керек)". Үшінші нұсқауда айтылған:
"Егістіктегі құдықтарды; арық-атыздарды және күркелерді тазалау, есіктерді жаптырмау;
(киім-кешек) етектерін көтерткізбеу және (бас киімдерді) алдыртқызбау (керек). Төртінші
нұсқауда айтылған: "Адамдарға жақсылық істегендерді тауып, оларды марапаттау
(керек)". Бесінші нұсқауда айтылған: "Тұзақ қойып аң-құстарды ұстауға, ұшып жүрген
құстарды өлтіруге тыйым салу (керек)". (Егер бүл) бес нұсқаулар уақытпен
ыңғайластырылса, онда жазғы жаңбыр жауады.
Орталық — бұл жер. Оның өрнектілігі — жылдың төрт мезгілінің алмасуына ықпал ету,
жел мен жаңбыр арқылы жерге өң беру, әрі (оның) құнарын арттыру. Жер — ағзам мен
етке құнар. Оның өрнектілігі — келісім мен тендікте, алалықсыз бен риясыздықта. (Оның)
жылдық торт мезгілге де: көктемдегі — көгеріп құлпыруға, жаздағы — құнарды сіңіре
өсіп-өнуге, күздегі — егінді жинауға, қыстағы — қамбаны жабуға септігі тиеді. Мұны
Сүйдің өнегелілігі дейді. Сүй үйлесімге үйір, үйлесім — жаңбырда.
Батыс — бұл Чэнь. Оның мезгілі — күз; оның өмірлік күш-қуаты — инъ. Инъ металл мен
тырнақты жаратады. Оның өрнектілігі — қамығу мен күйініш, тыныштық пен алалықсыз,
қатаңдық пен бағыну, (өз) үйінде бұзықшылықтың болмауы. Осы кезде істер туралы
(әміршінің беретін) бұйрықтары: халықтың бұзықтығы мен қайырымсыздығына тыйым
салу; егін алқабындағы өнімді (тез) жинап алу қажеттігін (шаруалардың) есіне салу;
халықтың қорын жасау (үшін), оның мүлкін анықтау; ағаштардың бұтақтарын отап,
қыстық отын дайындау; барлық заттарды жинастыру; халықты жалқаулыққа ұрындырмас
тапсырма беру.
(Халық) жек көретін нәрсені пайымдау және оны қолданатын әдетті қуғындау (жөн);
(халық) аңсағанын алу керек. (Егерде мемлекетте) әділеттілік пен сенім (үстемдік етсе),
(мұндай мемлекет) жеңеді,— оны Чэннің адамгершілігі дейді. Чэнь (егінді) жинауды
басқарады; жинайтыны — инь. (Егер) күзде көктемге (арналған) нұсқауға (орай)
әрекеттенсе, оның (өнімі) — гүлдену (болмақ). (Егер) жазға (арналған) нұсқауға (орай)
әрекеттенсе, оның (күтері) — су болмақ. (Егер) қысқа (арналған) нұсқауға (орай)
әрекеттенсе, одан (күтері) — тапшылық. Сол себепті, күздің үш айлық (мерзімін) бес
нұсқауды жариялау үшін гэн және синь күндерін пайдалану (керек).
Бірінші нұсқауда айтылған: "Құмар ойындарға тыйым салу, ұсақ-түйекке бола қызыл
кеңірдек болуды тоқтату, іштарлықтан (туындаған) ұрыс-керісті тоқтату (керек). Екінші
нұсқауда айтылған: "Қару-жарақтың бес (түрінің жүзін) жарқылдататын қатерге
(жеткізбеу) керек. Үшінші нұсқауда айтылған: "Егін алқабындағы шаруаларды өнімді тез
жинап алу туралы қажетті еске салу (керек). Төртінші нұсқауда айтылған: "(Қамбалардың)
тесіктері мен жарықтарын сыбап-сылап тастаған (жөн). Бесінші нұсқауда айтылған:
"(Қамбалардың) қабырғаларын түзеп, есіктерін бекіту (керек). (Егер осы) бес нұсқаулар
уақытпен ыңғайластырылса, онда (бес дәнді дақылдардың өнімдері) толық жиналады
және қамбаларға құйылады.