Page 203 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

203
(өзіне) аспаннан (жіберілген) бақытсыздықты үйірлетеді. Осыны ескерген әмірші егерде
жетік істерді көріп және (қарамағындағылардың) еңбегін бағалап тұрса, онда халық ауыр
істерді ойланбай орындайды, талпынып жұмыс істейді және (бұған) өкінбейді. (Егер де)
әмірші еңбекке ынталықты көріп, (оны) ескермесе, онда төмендегілер (жалқауланады), ал
тәкаппарлыққа ұрынады.
Инъ мен ян — табиғаттың негізгі заңы. Жылдың төрт мезгілі — бұл инъ мен ян (қимыл-
әрекетінің) негізгі тәртібі. Жазалау мен және адамгершілікпен (елді басқару) жылдың төрт
мезгілімен үйлесуі (керек). (Егерде) жазалау мен адамгершілікпен (елді басқару) жылдың
төрт мезгілімен үйлесіп жатса, онда бақытты өмірге жол ашылады; (егер олар оны) бұзып
жатса, онда бақытсыздық басталады. Мұндай жағдайда көктем де, жаз да, күз де жөне қыс
та немен шұғылдануға болады?
Шығыс — бұл жұлдыздар. Оның мезгілі — көктем; оның тіршіліктегі қуаты — жел. Жел
ағаш пен сүйекті жаратады. Оның өнегелілігі — өсіп-өнуге қуану, бұл пайда бөлу мен өсу
кезі. Осы кездегі істер туралы (әмірші жарлық ететін) бұйрықтар: мехрапты тәртіпке
келтіру және жөндеу; беріліп дұға оқу және құрбандық жасар борышын өтеу; бірінші
айдың басталуына құрмет көрсету; бөген бөгеттер мен дамбаларды жамап жастау; (егістік
жерді) айдау және отау, (өсімдіктерді) отырғызу; өткелдер мен көпірлерді жөндеу;
каналдар мен су ағатын арықтарды тазалау; үйлердің (ішіне су өтпеу үшін) оның кірпіш
қабырғаларын оңдау; жауласқандарды татуластыру және бұзақыларды кешіру; жарық
дүниенің төрт құбыласының (бәрімен де) байланыс қалыптастыру. Сонда жұмсақ жел
соғады, майда жаңбыр жауады, одан халық ұзақ өмір сүреді, жануарлардың бәрі
көбейеді,— мұны жұлдыздардың өнегелілігі дерлік. Жұлдыздар бастаудан хабардар;
басталу дегеніміз жел. Сондықтан (егер) көктемде қысқа (арналған) нұсқауға (орай)
әрекеттенсе, онда өнімсіз нәтиже солады; (егер) күзге (арналған) нұсқауға (орай)
әрекеттенсе, онда жойқын нәтижені қырау басады; (ал егер) жазға (арналған) нұсқауға
(орай) әрекеттенсе, онда қажытарлық нәтиже болмақ.
Сондықтан көктемнің үш айлық (кезінде) халыққа бес нұсқауды жеткізу үшін цзя мен и
күндерін пайдаланған (жөн). Бірінші нұсқауда айтылды: "Кішкене сәбилер мен жетімдерге
қамқорлық көрсету және жасалынған қылмыстарды кешіре білу (керек)". Екінші нұсқауда
айтылады: "Лауазымдылардың тізімін жариялап, жалақысын белгілеп, қызметін анықтау
(керек)". Үшінші нұсқауда айтылады: "Тоң (жер) ерігенде каналдар мен су жиналатын
қоймаларды тазалап, қайтыс болғандарды жерге көму (керек)". Төртінші нұсқауда
айтылады: "(Жолдағы) кедір-бұдырларды жөндеп, (егіс алқабының) жағасын қалпына,
атыздарын ретке келтіру (керек)". Бесінші нұсқауда айтылады: "Бұғының жас бұзауларын
өлтіруге және жаңа шыққан гүлдерді жұлуға тыйым салу (қажет)". (Егер осы) бес
нұсқаулар жыл мезгіліне ыңғайластырылса, онда көктем нөсеріне кенелесің..
Оңтүстік — бұл күн. Оның мезгілі — жаз; оның өмірлік күш-қуаты — ян. Ян — от пен
буды тудырады. Оның өнегелілігі — ізгілік көрсету және көңіл көтеру. Осы кездің істері
туралы (әміршінің беретін) бұйрықтары: (қол астындағыларға) сый-құрмет көрсету;
лауазымдар (туралы үкімді) жариялау; жалақыны белгілеу; ел мекен жайды аралау,
рухтарға құрметпен құрбандық жасау; янның өмірлік күш-қуатының ықпалын (арттыру
үшін) лайықтыларды марапаттау және еңбектерін бағалау. Сонда лапылдаған ыстық
келеді, осы мезгілге (қажетті) жауын-шашын өтеді, дәнді етістің бес түрі мен жеміс-
жидектің барлық түрлері піседі — мұны күннің өнегелілігі дейміз. Аптаған күн маужыр
атады, маужырау — шыжыған ыстықтан басталады. (Егер) жазда көктемге (арналған)
нұсқауларға (орай) әрекеттенсе, оның (нәтижесі) жел болады; (егер) күзге (арналған)