Page 202 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

202
организмдерде жиналады. Содан сөз қалған: "Су дегеніміз керемет". Өсімдіктерде
жиналып, (ол) тамырдың өсуіне жөне қатаюына, гүлдердің әбден шешек атуына, жемістің
толық көлемде пісіп жетілуіне (мүмкіндік береді). Аң-құстар су арқылы күйленеді,
олардың қанаттары мен терісі сәнденеді, жамылғы өрнектері ашық жарқынданады.
Өз табиғатын сарқа тауысуға және өзіне лайық күйді икемдеуге тырыспайтын заттар жоқ.
Мұндай өзгерістер су мөлшерін бойына жинаған заттарда ғана болады... Судан адам да
жаралған. Еркектер мен әйелдердің ұсақтау ци бір-біріне қосылғанда, су ұрық құрайды...
Содан сөз қалған: "Су дегеніміз барлық заттардың қайнар көзі, барлық тірі
организмдердің бастауы. Одан керемет және ұсқынсыз, мейірбан және арам, ақымақ және
ақылды (жәндіктер) туындайды". Мұны қайдан білуге болады?
Ци патшалығында су сарқырап және буырқана тереңдей аққан, содан оның халқы ашқарақ
та, батыр болған. Чу патшалығында су тұнықтана жайлап аққан, сондықтан болар, оның
халқы алаңғасар, бірақ батыл болған. Юе патшалығында су лайланып, буырқана тасып
жатты, сондықтан оның халқы топастау, ауырғыш және настау келді. Цинь патшалығында
лас та шалшық суда балшық тұнба көбейеді, содан оның халқында ашкөздік, алдаушылық,
қастандықтан қайытпайтын мейірімсіздік ұшқындады. Цзинь патшалығында өзендер
тартылды, олардың суы ластанып, бөген-тоғай көбейді, ал халқы екі жүзділікке,
жауыздыққа және өзімшілдікке батты. Янь патшалығында өзендер сылдырап, ластана
ақты, сондықтан оның халқы ақылсыз, қиқар, бірақта шыншыл, ұшқалақ, бірақта батыр
болды. Сун патшалығында су сарқырап тез ақты, тазаланды, содан оның халқы қарапайым
да шыншыл болды. Осыдан жітік білгірлер судың ағымы мен көрінісін түсіну арқылы
қоғамдағы жағдайды өзгертуге (кілт тапты).
Осыдан тоқтамдар туындады: қашанда су біртекті құрамнан тұрса, солғұрлым адамдардың
ойы дұрыс; қашанда су тазалығы, адамдарды салмақтылыққа баурайды; адамдардың
дұрыс ойлары оларды пайдакүнем ниеттен арылтады; адамдардың салмақтылығы оларды
жаман қылықтан құтқарады. Содан жетік біліктілер елді басқарғанда адамдарды
ескертумен және ауланы нандырумен шұғылданбайды, тек өзінің сүйенішін судан табады.
40-тарау. "Жылдың төрт маусымы"
Гуань-цзы айтты: "(Әміршінің) бұйрықтары жылдың маусымдарына сәйкес келуі керек".
(Егер) жыл мезгілдері анықталынбаса, онда (халық) жаратылыстың табиғи ритмін
бақылауға мәжбүр, (бірақ ол әмісе) көмескі де шатысқан — оны кім жіті біледі? Тек жетік
білгір ғана жылдың төрт бірдей маусымының (мән-жайын) біледі. Түптеп келгенде,
жылдың мезгілдік ерекшелігін білмеушілік мемлекеттің негізін әлсіретеді; бес дәнді
(өсіру) заңдылығын білмеушілік елді апатқа ұшыратады. Содан аспан (жолын) анық
түсінген де және жер (жолын) білгенде ғана, жылдың төрт мезгілін дұрыс анықтау
(мүмкін). (Егерде) әмірші (мұны) шынымен-ақ түсініп, біліп жатса, онда оның
қарамағыңдағылар дұрыс (әрекеттенеді).
Расында, әміршінің дұрыс түсінетіндігіне және білетіндігіне қалай көз жеткізуге болады?
Жауап мынау: (ол) талантты (адамдарды) қамқорлықпен пайдалануы, (олардың ақыл-
кеңесін) тыңдай білуі және (оларға) сенуі керек. Талантты (адамдарды) пайдалану
түсініктен туындайды; (олардың ақыл-кеңесіне) құлақ асу және (оларға) сенім арту
білімділікпен келеді. Кім шынымен түсінсе және білсе, оны көк аспан жарылқайды.
Таланттан құр алақан (адамдарды) пайдалану — нағыз ақымақтық, (олардың кеңесін
тыңдай отырып, сенім білдірмеушілік — аңсыздық). Кім ақымақ, әрі андаусыз болса, ол