201
жарақаттамайды, ал (оң қол қылышпен) қарсыласын шаншығанда, өзін де жарақаттауы
мүмкін.
Күн мен айды таңдамай-ақ істерді сәтті басқаруға болады. Бал аштырмай-ақ
бақытсыздықты немесе бақытты болжай білуге болады. Ол үшін аса кең көзқарасты
иемдену қажет. Өз бетінше тыныш өмір сүріп, даңққа лайық еңбек етуге болады. Мақтау
сөз күтпей-ақ, ізгі іспен шұғылдан. Ісінді тындырып, (жұрттың) көзіне түсе бермейтін баз
қалпыңа оралтын. Кім атаққа ұмтылмай, іссіздікте өзінің әрекетсіздігін жалғастырса, ол
болып жатқан оқиғаларды жорамалдауға және оларға баға беруге, заттардың нақты жайын
анықтауға қабілетті. Кім басқармай-ақ, (елде) тәртіп орнатуға бейім? Кім бастауға
талпынбай-ақ отан жол табуға бейім? Кім (іске) талпынбай-ақ, оны аяқтауға дайын? Кім
әрекеттенбей-ақ өзінің іс-әрекетін жүзеге асыра алады? Содан сөз қалған: "Мерекелі әсем
киім-кешектің ішінен киілетін киімдер, ал соңғының астарына лайық іш киімдер бар". Кім
іштегінің өзекті арқауын түсіне алмайды?
Содан соз қалған: Кім ісін бітірсе, ол (тезірек) тынышталады, кім даңққа лайықпын десе,
ол оны (тезірек) жоғалтады". Содан сұрақ туады: кім даңқтан және еңбекке деген (ақы
төлемнен) бас тартып, (қарапайым) адамдардың жағдайына оралуға және олармен
араласуға дайын? Кім даңқтан және еңбегіне деген (сый-құрметтен) бас тартып, атағы
шықпаған баз қалпына оралуға дайын?
Аяқталмаған нәрсені бітірудің өзі құнды. Енді бір нәрсе бітсе, ол аяқталмаған көршісімен
тартымды. Тас төбеде тұрған күн қашықтайды. Толастаған ай кішірейе бастайды.
Сонымен, жоғары деңгейге жеткен кеми бастайды, ал толық көлемге жеткен шақтала
түседі. Сондай-ақ қол жеткен табыс жойылуға ғана алып барады. Кім өз ісін тындырып,
аспан мен жердегі өз жолымен қайтадан жүруге дайын?...
39-тарау. "Су мен жер"
Жер — барлық заттардың қайнар көзі, тірі организмдердің түбірі. Одан керемет жөне
ұсқынсыз, мейірбан және арам, ақымақ және ақылды (жәндіктер) туындайды.Су — жердің
күретамыры және тірі қуаты. Ол өзінің "қан тамырының" айналымында болады. Содан соз
қалған: "Су — жаппай ақ бар".
(Біз) істің дәл осылай екенін қайдан білеміз? Жауап берелік: су жұмсақ та таза, ол
адамның кірін жуып шаяды. Бұдан оның адалдығы білінеді. Сырт қарағанға, су күңгірттеу
көрінеді, шындығында, ол мөлдір, тұнық. Оның жетістігі де осында. (Судың) келемін
өлшегенде, оны теңестіру үшін гайды қолдануға болмайды. Ыдыс (сумен) толғанда, оған
суды артық ағытуға болмайды. Бұдан оның әділеттілігі білінеді. (Су) тоқтаусыз ағады, тек
тегіс кеңістікте ғана тоқтайды. Бүл оның адалдығын білдіреді. Адамдар өрлеуге
тырысады, су ғана төменге тартады. Бұдан оның сыпайылығы білінеді. Сыпайылық —
даоның мекендейтін орны және патшаның (ел басқаратын) тәсілі. Осы (төмен ылдилайтын
орынға ғана) су жиналады.
Оның дәлдігі бес түрлі өлшемнің негізін құрайды. Оның түссіздігі бес түрлі түстің
құрамдас элементін құрайды. Оның тұщылығы бес түрлі дәмнің негізін құрайды.
Сондықтан су барлық заттардың өлшемі, түрлі жәндіктер тіршілігінің қайнар көзі,
жағымдылық пен жағымсыздықтың, табыс пен сәтсіздіктің негіздеуін құрайды.
Сондықтан (ол) бәрін толтырады және бәріне тоқталады. Су аспанда да, жерде де
жиналады, барлық заттарда да болады, металлдар мен тастардың ішіне де енеді, тірі