200
(қимыл-әрекетті) жөндеуге болады. Сондықтан жетік білгір кезкелген сөздің (мағынасын)
анықтау үшін, оны жоғарыда — аспан өрісімен, төменде — жер көрінісімен тексереді.
38-тарау. "Таза жүрек"
Ұстанымды анықтауда және арнайы ілімді қалыптастыруда, олардың негізі ретінде
тыныштық туралы (идеяны) қабылдап, уақытты — қымбатты нәрсе, ал әділеттілікті заң
деп қарастыру жөн. (Тек осылайша) ұзақ уақыт бойы (мұндай ілімнен) пайда көруге
болады. Мен (әділеттілік) заңына сай келмейтін нәрсені істемеймін; ұстанымға
үйлеспейтін нәрсені істемеймін; менің іліміме тура келмейтін әрекетті, тіпті ол пайда
әкелсе де, қолдамаймын. Алдымен аспанға, содан соң — адамдарға ергін. Бірақ (жетік
білгір) құбылыстардан көрініс таппаған аспанға ермейді. Сондықтан оның сөзі текке
айтылмайды, әрекеті нәтижесіз қалмайды. Себептерді іздестіргенде және (заттардың)
күйін зерттегенде, оларды тудыратын түбірді ескеру керек. Олардың белгілерін білгесін,
түрлерін де анықтауға болады. Олардың заңдарын іздестіре отырып, көрініс күйлерін
айқындауға болады. Олардың бастауларын тауып, атауларын білуге болады.
Өздерінде аспан мен жерден артық заттарды ұстайтын ештеңе жоқ. Заттарға күн мен
айдан артық күш-қуат беретін ештеңе жоқ. Халыққа су мен оттан қажетті ештеңе жоқ.
Бірақта аспан бір зат бола жылдық маусымдарын өзгерте бермейді. Сауатты патша мен
жетік білгірлер бір адам үшін өздерінің заңдарын бұрмаламайды. Аспан оз жолымен
қозғалса, онысы барлық заттарға пайдалы. Жетік білгірлер өздеріне тиісті міндеттерін
орындаса, онысы барлық адамдарға олжа. Осындай жағдайда ғана барлық заттар табиғи
баз қалпында қалады, ал адамдар өмір үшін қажеттілікпен қамтамасыз етіледі. Сондықтан
жетік білгірлер елді басқару барысында оқиғаларды икемдеу үшін олардың туындауын
асықпай күтеді. Дұрыс атаулар біртіндеп оз бабымен заңға айналады, ал дұрыс емес
атаулар ертелі-кеш ұмытылады. Егер де атаулар дұрыс, ал заңгерлік орнықты болса, онда
жетік білгірлердің әрекетсіздікке қалуы ықтимал.
Үнемі бір күйде қалуға болмайды. Қалыптасқан тәртіптен де бас тартуға болмайды. Қайсы
бір істердің ақырын анықтамақ болсаң, олардың өзгерісін ескер. Қайсы бір өлшемді
ұсынғанда, уақытпен есептесу керек. Кең көзқарасты (адам) төзімді, ал іші тар көзқарасты
шектеулі. Заттардың молшылығы да, тапшылығы да болады.
Соғыстың басталуы қарсыласқа байланысты, ал оның бітуін біз өзіміз анықтаймыз.
Соғыстағы жеңіс — қарсыласты тізе бүктірудің (нәтижесі), ал ізгіліктің оралуы —
кісіліктің жетілуінің (қарымтасы). Содан соз қалған: "Рух тұрғысынан жақсылық нышан
дегеніміз адам үшін әділеттілік". Егер соғыс әділетсіз болса, омы қолдауға болмайды. Кім
қаһарлы, бірақ асқақ болса, ол құдіретінен айрылады. Кім әлсіз, бірақ даңғой болса, ол
өзінің жойылуын тездетеді. Кім күшті, бірақ сыпайы, әрі әділ болса, ол өзінің күш-қуатын
арттырады. Кім әлсіз, бірақ сыпайы, әрі әділ болса, ол бәле-жаладан құтылады. Сондықтан
шектен шыққан тәкаппарлық қорлыққа ұшыратуы, ал шектен тыс сыпайылық — атақты
мәртебелеуі мүмкін.
Дао дегеніміз бір адам қолданғанда артық болмайтын, ал адамдардың бәрі бірдей
қолданғанда кемімейтін нәрсе. Дао сондай. Оны аз көлемде қолданғанда, (ол) шамалы
бақыт, ал кең көлемде қолданғанда, (ол) мол бақыт әкеледі. Кім (даоны) толық жүзеге
асырса, оған Аспан асты тұтас бағынады. Кім (даоны) мүлдем ескермесе, одан халық
жалтарып кетеді де, бақытсыздықтан құтыла алмайды. Сол (қолың) алға созылады, оң
(қолың) тереңдікке батады. (Сол қол қалқанды) ілгері жылжытса да (қарсыласты)