Page 199 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

199
Жүректегі тыныштық мемлекетке де тыныштық әкеледі. Жүректі басқаратын (мүмкіндік)
— мемлекетті басқаратын (мүмкіндік). (Мемлекетті) басқару жүректің (халіне)
байланысты, (елдегі) тыныштықта жүректердің (күй-жайына) байланысты. Адамдардың
жүрегі тынышталғанда, олардың аузынан ұстамды сөздер шығады, олар істерін
тыңғылықты жүргізеді. Сонымен істер табысты болса, онда халық көнгіш, барлық
адамдар сабырлы, байсалды келеді. Сондықтан асу, ату жөне жазалау туралы заңдар
(халықты) билеудің (ұтымды құралына) жатпайды, қоқан-лоқы (адамдарды)
қорқынышына ұстайтын (жарамды әдіс) емес. Халық жарасты өмір сүрсе ғана, адамдар
ұстамдылау келеді.
Дао тамыры өте терең, шексіз үлкен де, (сондай-ақ) шексіз кішкентай да. Оны адам
басқармайды. Шенеуніктер орнатқан тәртіптер жөне сол арқылы (елді) билейтін жолдар
даоға жатпайды. Дао жетік білгірлерде өмір сүретіндей, (сонымен қатар) өмір
сүрмейтіндей. Егер оны қолдансақ, онда ол ғасырлар бойы таусылмайды. Дао уақытпен
бірге өзгерсе де, (сонда да) өзінің тұрақтылығын сақтайды. Дао (тұрақты өзгеретін)
заттарға ерсе де, өзі өзгермейді. Күнделікті қолданғанмен ол азаймайды.
Кім дұрыс және ұстамды өмір сүре алса, оның бұлшық еттері икемді, сүйектері қатты
келеді. Кім Аспан астында орнын тауып, жер бетінде өмір сүре алса, кімнің жүрегі
айнадай таза болса, ол (бар) нәрсені (күн мен айдың) таусылмас жарығы арқылы көреді.
Кім дұрыс және сабырлы өмір сүретін қабілетінен айырылмаса, онда ізгі жан күн санап
жетіледі. Оған Аспан астындағы (барлық қимыл-әрекеттер де) жөне алыс елдердің (өмірі
де) түсініктірек болады. Жетілген жүрек (адамның) ішкі дүниесінде тұйық қалмайды. Ол
(адам өмірінің) бейнесінен және (оның бет-әлпеті) көрінісінен білінеді. Егер адамдарға
адал ниетпен қараса, мұның өзі (олар жағынан) туысқандық сезімдікті тудырады. Егер
адамдарға зәлім пиғылмен қараса, мұның өзі (олар жағынан) өшпенділікті қоздырады.
Айтылмаған сөздер дағыраның (дыбысынан да) қаттырақ. Жетілген жүрек ыстығы күн
мен айдан да жарығырақ. Істерді талқылағанда оның жарығы ата-ананың (өз балаларына
деген) көзқарасынан да өткірлеу. Бұрынғының білікті әміршілері өз халқын сүйе білді, ал
халық оларға үйір болды. Жауыз патшалар өз халқын жек көрді, халық та олардан сырт
айналды. Сый-сияпат еңбегі сіңгендерге сүйіспеншілікті жеткізуге жеткіліксіз еді.
(Кінәлілерге) ашуды білдіруге жаза жеткіліксіз. Сый-сияпат — сүйіспеншілікті, жаза —
ашуды білдіруде соңғы орын алады.
Халық өмірінің (гүлденуі) әділеттілік пен сабырлықтан нор алады, ал (оның арналары)
қуаныш пен сауық-сайранның, қайғы мен ашудың (асқындауынан) бұрмаланды. Ашудан
арылудың бірден-бір (дұрыс тәсілі) — музыка. Сауық-сайранды шектеудің бірден-бір
(тәсілі) — рәсім. Рәсімді орындауға ықпал ететін өтімді (тәсіл) — (үлкендерді) құрметтеу.
Ізет көрсетерлік сыртқы келбет пен байсалды көңіл-күй сөзсіз (адамның) өзіндік
табиғатын қалыптастырады. Расында, пайда әкелетін іс-әрекет болмай ма екен? Бірақта
менде пайдаға деген құлшыныс жоқ. Жүректе (оны басқаратын) қуат-күште бар. Ой
сөздерден бұрын оралады. Сөздерден кейін (заттардың) бейнелері пайда болады.
Бейнелерден кейін ойлану толғану басталады. Ой толғанысынан білімдер туындайды.
Егер жүрек білімді икемдеуге артығырақ ұмтылса, ол тыныш күйінен арылады.
Сондықтан (жүректің) күш-қуатының жинақталуы, өмірдің өшпес көзіне айналады.
(Сонда) адамның ішкі дүниесі сыртқы әлеммен (үйлесімді) қатынас құрады. Бұл қайнар
көз таусылмай (адамның) бұлшық еттері берік күйінде қалады. Егер (өзіңнің рухани күш-
қуаттарыңды) жөн-жөнімен қолдана алсаң, онда жарық дүниенің төрт құбыласында да