Page 19 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

19
2. Кімде-кім сөзді Брахмандай құрметтесе, онда ол сөз қамтитын (шеңберде), сөйлеуді
Брахмандай құрметтейтінің еркінше әрекеттене алады". — "Мырзам, сөзден артық нәрсе
бар ма?" — "Шынымен-ақ, сөзден де артық, нең нәрсе бар ғой!" — "Мырзам, сол туралы
айтып берші!"
(Ой)
3.1. Пайымдасақ, ой сөзден асып түседі. Жұдырықтай жұмылған қол амалақ немесе ақша
немесе қол өсімдіктерінің қос бірдей жемістерін ұстай алады, сол сияқты ойда сөз бен
атауды қамти алады. Егер кімде-кім: "Мен мантраны оқимын!" деп ойланса, ол соны оқи
алады. (Егер кімде-кім): "Мен қимыл-әрекет жасаймын!" деп ойланса, ол соны істейді.
(Егер кімде-кім): "Мен өзіме ұлдар мен мал тілеймін!" деп ойласа, ол соларды тілейді.
(Егер кімде-кім): "Мен өзіме бұл және о дүниені тілеймін!" десе, ол соларды тілейді.
Өйткені ой дегеніміз атман. Өйткені ой — дүние. Өйткені ой — Брахман. Ойды құрметтей
білгін!
2. Кімде-кім ойды Брахмандай құрметтесе, сол Брахмандай құрметтеген ойдың
шеңберінде (өзінше) әрекеттене алады". — "Ойдан артық нәрсе бар ма, мәртебелім?" —
"Расында, ойдан артық нәрсе бар сияқты!". — "Мәртебелім, маған (сол туралы) айтып
беріңізші!".
(Ниет)
4.1. "Пайымдасақ, ниет ойдан асып түседі. Егер біреу (бірдеңеге) ниеттенсе, ол ойланады,
сөйлесуге ыңғайланады, созбен атауды атайды. Мантраның бірлестігі атауға оралады,
мантраға болса, рәсімнің (бірлестігін құрайды).
2. Олар шынымен-ақ ниетке топтасады; ниет — олардың атманы, ниет — олардың
тіреніші. Аспан мен жерде, жел мен кеңістікте, сулар мен ыстықта райына келді. Олардың
райына қарай жаңбыр жауды; жаңбырдың ыңғайына қарай азық өнеді; азықтың түріне
қарай прана тірілді; прандардың ішетіне орай мантралар сергіді, мантраның ниетіне орай
салттар етек жайды, салттарға орай дүние топтасты; дүниенің ыңғайына орай бәрі де
ойланады. Ниет осындай. Ниетті құрметтей біл! соныңмен маған кел. Сонда мен саған
одан жоғары екенін есіңе саламын". Ол айтты:
2. "Мәртебелім, мен Ригведаны, Яджурведаны, Самаведаны, төртіншіден, Атхараведаны,
бесіншіден, аңыз-әңгімелерді, (соңдай-ақ) Веданың Ведасын, ата-бабаны құрметтеу
рәсімін, есепті, болжау өнерін, жыл санауды, пікір таластыру өнерін, мінез-құлық
ережелерін, құдайлар туралы ілімді, Брахман туралы ілімді, заттар туралы ілімді, әскери
өнерді, жұлдыз жылнамасын, жыландар туралы ілімді және құдіреттің жасағандары
туралы білемін. Мәртебелім, менің білетінім осы.
3. Бірақта мен, мәртебелім, мантраны білемін де, атманды білмеймін. Енді өзіңнен, кімде-
кім атманды білсе, мұңды жеңе алады дегенді есітіп отырмын. Мәртебелім, мен
қайғыдамын. Мәртебелім, қайғының шегінен өтуге маған жәрдем бере көріңіз". Анау оған
айтты: "Андасам, сенің оқығаның тек атау ғана.
4. Расында атаулар дегеніміз Ригведа, Яджурведа, Самаведа; төртіншіден, Атхараведа;
бесіншіден, аңыздар мен әңгімелер, (тағы да) Веданың Ведасы, ата-бабаны құрметтеу
рәсімі, есеп, болжау өнері, жыл санау, пікірталас енері, мінез-құлық ережелері, құдайлар