Page 198 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

198
мақсат көздеген ақиқатты жалғандықпен шатыстырады, соңына бүлікке ұшыратады.
Сондықтан дао заттардың жаратылысын қадағалауды бағалайды, ал заттардың
жаратылысына жақындау дегеніміз (адамдардың) қабілетіне сүйену және оны пайдалану.
(Даоға жеткен) бекзат кісі өмірде білімсізге ұқсайды. Бұл дегеніміз: (оның жүрегі) бос. Ол
заттармен жанасқанда, олармен аралас-құралас қосылып кететіндей көрінеді. Мұнымыз
бекзат кісінің дер кезінде әсерленуін білдіреді. Мұның өзі затқа ілесетін көлеңкеге,
дыбысқа ілесетін жаңғырыққа ұқсайды. Сондықтан (жетік білгір) заттар көрінгенде оны
ілтипатқа алуға бейім, ал олар жойылса — (оларға деген) үйірліктен босануға бейім.
(Заттарға деген үйірліктен) босану (жүректі) тағы да бос кеңістікке оралтады.
37-тарау. (Жүрек өнері)
Екінші бөлім
Жұғымсыз (сырт) келбетке ізгілік тұрақтамайды. (Кімде) жан дүние іште жетілмесе,
(оның) жүрегі тыныштықтан арылар. (Өзіңнің сырт) келбетіңді келістір, өзінде ізгілікті
тәрбиеле, сонда (өзі-ақ) барлық заттардың арқауын ұғынарсың. (Мұндай жағдайда) ақыл
өздігінен келеді де, шексіз болып қалады. Онда оған Аспан астындағы (барлық іс-
әрекеттер) танымалы болады да, оның білген жарық дүниенің торт құбыласына тарайды.
Содан сөз қалған: заттарды сезім мүшелерін адастыратын жағдайға, ал сезім мүшелерін
жүрек алдайтын күйге жеткізбе. Мұны ішкі ізгілікке жатқызамыз. Содан (адамның) жан
дүниесі теңелгенде, оның күллі қуаты дұрыс (жолға) түседі.
Ци — (адамның) денесін ұйытып толықтырады. Адамның қимыл-әрекеті әдепке (сәйкес
келсе), оның сыртқы келбеті келісті. Етер ци (адамның) денесін әдеттегідей
толықтырмаса, онда оның жүрегі (тануға) қабілетсіз. Егер қимыл-әрекет дұрыс болмаса,
онда халық отан құлақ түрмейді. Сондықтан жетік білгір аспан мен жердегіге лайықты
ешнәрсеге ие емес. Пайдақұмар — Аспан астын былыққа ұрындырады. Пайда болған
барлық заттардың оз атаулары бар. Жетік білгір Аспан астында тыныштық орнықтыру
үшін (осы атаулар) арқылы (заттарды) игереді. Егер атаулар мен шындық қайшылыққа
ұшырамаса, онда Аспан астында бүлік болмай, тәртіп орнайды. Егер адам назарын
шоғырландырып, ойын біртүтас жинақтап, өзінің есіту мен көру мүшелерінің қызметін
реттесе, онда ол алыстағыны жақындағыдай тани алады.
(Өз назарыңды) шоғырландыру мүмкін бе? (Өз ойларыңды) біртүтас жинақтау мүмкін бе?
(Пал аштырмай-ақ) жамандық немесе бақытты (алдын-ала) болжап білу мүмкін бе?
(Бірдемеге) тұрақтау мүмкін бе? (Басталған істі) аяқтау мүмкін бе? Өзгелерден сұрамай-ақ
(шындыққа) өзіңше жету мүмкін бе? Содан соз қалған: "(Өзінше) ойлану және ойлану
керек". Егер (онда да) шындыққа жете алмасаң, онда саған рухтар жәрдем береді.
(Әйтседе) бүл рухтардың күші емес,өзіндегі өте нәзік ци-дің нәтижесі. (Кім өзінің
назарын) бір затқа шоғырландырып, оны өзгерте алса, оны епті (шебер) деп атайды. (Кім
өзінің ойларын) бір іске топтастыру арқылы оны өзгерте алса, оны ақылды (адам) деп
атайды. (Түрлі фактілерді) жинау және іріктеу құбылыстарды айыру үшін керек
(Заттардың) өзгерістерін терең зерттеу, соларға лайықты көзқарасты қалыптастыру үшін
керек. (Фактілерді) жинау және іріктеу былықтан арылуға мүмкіндік береді, ал заттардың
өзгерістерін терең зерттеу — ұсақ-түйектегі адасудан сақтайды. (Мұны тек) біртұтас
(бастаманы) игерген бекзат кісі ғана істей алады. Кімде-кім біртүтас (бастаманы) игерсе
және қателік жібермесе, ол күллі заттардың билеушісі бола алады. (Ол) күн мен айдай
жарқырайды, аспан мен жердей кіршіксіз. Жетік білгір заттарға бағынышты емес,
заттарды басқарады.