Page 197 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

197
тоқтатуға болмайды. Бұл дегеніміз (патша) өз қызметін істеушілерді өзгелермен
алмастырмау керек, өзінің қабілет қасиетін қол астындағылардың қабілетімен
салыстырмауы керек. (Жүректің) қызметі заттардан озып кетпеуі керек, өйткені
(мезгілінен бұрынғы қимыл-әрекет) жүректің тепе-тендігі мен тыныштығын бұзады. Бұл
дегеніміз (күні бұрынғы) қимыл-әрекет (заттарды) бақылауға кесірін тигізеді.
Мансап — (әр түрлі адамдардың) атқаратын қызметіне (сәйкестенген) мәртебесі. Патша
инъ жағын ұстайды. Инъ дегеніміз тыныштық. Содан сөз қалған: қозғалыс қызмет орнын
жоғалтуға ұшыратуы мүмкін. Инъ — янга, тыныштық болса — қозғалысқа үстемдік етуі
мүмкін. Содан сөз қалған: тыныштық арқылы (бәрі де) өз орнында қалады.
Дао аспанда да, жерде де табылады. Оның кеңдігі соншалықты, сыртқы шегі жоқ, ол
соншалықты кішкентай, өзінше іштей шектелінбейді. Содан сөз қалған: дао (бізден) алыс
емес, бірақ оны табу қиын. Қуыс адамдардан бөлінбеген. (Дегенмен) тек жетік білгір тана
осы бос кеңістікті — даоны икемдей (алады). Сондықтан сөз қалған: "Даоның қасында
болсаң да, оны табу қиын".
Заттарға тур тон, ал түрлердің оз атауы бар. Бүл дегеніміз атаулар шындықты, ал шындық
атауды бұрмаламау керек. Түрді түсіндіргенде, түрдің өзіне сүйену, түріне лайықты атау
қойылу керек. Атауды жөндеу үшін (адамдардың) пікірін сұрастыру (керек). Содан сөз
қалған: жетік білгір өзінің үнсіздігімен (заттарға) еретіндігін білдіреді. Бәрін (басқа)
адамдарға істеткізетіндер заттарға ереді. (Заттардың) неден пайда болатын себептерін
іздестіре отырып, атауға сүйену — бұл (заттарды) қолдану жолы болып табылады.
Даоның әрекетсіздігі — (заттардың) табиғилығын сақтауға ұйытқы. (Заттардың)
табиғилығын сақтау дегеніміз (адам ештеңені) заттарға қоспайды да, (одан ештеңені)
алмайды да. (Заттардың) түрлеріне орай оларға ат қою — заттардың табиғилығын сақтау
жолын құрайды. Атау дегеніміз жетік білгірлердің заттарды белгілеуі. Адамдар кейде
жалған ізгілікті жамылып, (жиі) күш көрсетуге жүгінеді. Олар өздерінің қабілетіне сенеді
және өздерінің қулығына салады. Мұның бәрі де жетік білгірде мүлдем болмайды.
(Мұндай біржақты қасиеттердің) жетік білгірде жоқтығы, (отан) заттардың түрлі
күйлеріне сүйене отырып, олар туралы түсініктерін (әрдайым) түзетуге мүмкіндік ашады.
Бұл дегеніміз оның жүрегі өзінше бос деген соз. Бос кеңістік болса, барлық заттардың
бастамасы. Бос кеңістік арқылы (жетік білгірдің жүрегі) Аспан астында өкім жүргізе
алады. Адамды жиіркену сезімі билесе, онда ол ұнататын нәрсесін байқамай қалуы
ықтимал.
Сүйіспеншілік сезіміне берілген адам жеккөретін нәрсесін ұмытып та кетеді. Мұның өзі
даоны бұрмалаушылық дерлік. Содан, кімде-кім сүйіспеншілік пен жеркену сезімдерін
бетке ұстамаса, онда жеркену сезімі жүректі тоқтата алмайды, ал сүйіспеншілік сезімі
(өзімшілдік ниетті) жүзеге асыра бермейді, деген соз қалған. Содан соз қалған: "Бекзат кісі
қулық пен қағыс-шағыстан қалыс қалып, тыныштық пен әрекетсіздікке беріледі". (Мұны)
босаңсу өрі қарапайымдылық дейді. Ол (заттармен) араласқанда (пайдакүнемдік
мақсатты) алға тартпайды, оның қимыл-әрекеті (пайда) табуға тана арналмайды. Мұның
өзі (заттардың) жаратылысын сақтауды көздейді, ал (заттардың) жаратылысын сақтау
дегеніміз заттарды байқаудағы жалған пікірден бас тарту. (Заттарды) қабылдап, (соны)
қадағалап байқау — (пайдакүнемдік мақсатқа) жығыла беру емес. (Заттардың) заңына
сәйкес келетін қимыл-әрекеттер (пайда) табу ниетпен шектелмейді. (Адамдардың)
қателіктері — олардың өзін-өзі мақтаумен шұғылдануында, ал олардың кінәсі — ақиқатты
жалғандықпен алмастыруында. Өзін-өзі мақтау (адамдардың жүрегінде) бос қуыс
қалдырмайды, мұның өзі заттардың көрінісімен қайшылыққа ұшырайды. Жауыздық