196
(Жүрек) құмарлықтан арылу керек, сонда рух өз мекеніне тұрақтайды. Рух былғаныштан
арылған (жүрекке) тоқталады. Адамдардың бәрі де дана болғысы келеді, бірақ оны қалай
иемденуді білмейді. Шіркін, даналық! Шіркін, даналық! Ол шынымен-ақ су түбіне батты
ма, одан өзінше шыға алмайды ма? (Өз жүрегіңді) таза ұстау, оны іздеуден артық. Әділ
адам даналыққа ұмтылмайды, сондықтан (оның жүрегі) таза болып келеді.
Дао дегеніміз түрден арылған бос кеңістік. Бір нәрсе арқылы қалыптасатын және өзгеретін
дэ деп атайды. Тақсыр мен қол астындағының, әке мен баланың арасындағы қатынасты
парыз дейді. (Қызметтердегі) жоғарылау мен төмендеу, (кездескенде) өзара амандасу және
қатынастағы (өзара сыпайылық); атақтылар мен ұсақтардың, жақындағы жөне алыстағы
(туысқандардың) арасындағы айырмашылық — мұның бәрін де рәсім деп атайды. Күрделі
де жеңіл, үлкен де шағын (істер) бір ережемен жүргізілуі, сондай-ақ өлім, жазалау, тыйым
салу шараларының қолданылуы фа деп аталынды.
Сүйенуге тұрарлық ұлы даоны қашанда сөздермен жеткізудің реті келе бермейді.
Шынайы таза адамның сөздері біржақтылыққа ұрынбайды. Ондай сөздер оның аузынан
шықпайды және келбетінен көрініс таппайды. Олардың мағынасын дүниеде кім түсіне
алады? Аспандағы (дао) бос, жердегі (дао) тыныш. Сондықтан олар қателікке ұрынбайды.
Жүректі тазалықта (ұстаған), оған (жол тапқан), пайдакүнемшіл пиғылдан арыла білген,
көп сөзділікке ұрынбаған парасатты даоға енеді. (Мұндай күйде) былықпай деген істерді
байыптылықпен қарастыру арқылы оларды реттеуге болады. Мұндайда әркез күш көрсету
жарамас, ақыл бәрін бірдей болжай алмайды.
Заттарға түр тән, ал түрлердің атаулары болады. Кімнің аты (шындыққа) сәйкес келсе, оны
жетік білгір деп атайды. Осыдан даоның негізін түсіну үшін міндетті түрде үнсіздік пен
әрекетсіздіктің мән-жайын өзіңе ұғындыруың керек. Адам тағы да бір-бірінен түрі де,
орны да бөлек барлық заттардың негізін құрайтын жалпы нәрсені (өзі ұтуы керек). Сонда
(жетік дана) Аспан астының иесі бола алмақ.
Адам өлімнен қорқатындықтан, оны өлтірем деп үрейлендіруге болады. Адам (үнемі)
пайдаға ұмтылатындықтан, олжа көзін алшақтату арқылы отан қауіп-қатер (төндіруге)
болады. Тек бекзат кісі (пайдаға деген) ұмтылыстан бос және қауіптен қорықпайды, оның
(көңіл күйі) бірқалыпты, әрі көтеріңкі, ол кезкелген әрекетке (ұмтылмайды) да, өзінде
(арам) ниет пен зәлім жоспарды ұстамайды. Оның (заттармен) жанасуы оларға ықпал
етпек іс-әрекеттен туындамайды, оның іс-әрекеті (пайда) табуды көздемейді.
(Адамдардың) қателігі — олардың данагөйлікпен айналысуында, кінәсі — шындықты
жалғандықпен алмастыруында. Байқасақ, даоны иеленген бекзат кісі өмірде
дәрменсіздікті еске салады, ал заттармен жанастыратын оның қимыл-әрекеті (кәдімгі
қалпымен, оларға) тура келеді. (Мұның өзі) тыныштыққа және (заттарды) қолдануға жол
ашады.
Адамның жүрегі — тақтағы тақсырдың, ал оның сыртқы мүшелерінің қызметтері —
шенеуніктерді еске салады. Құлақ пен көз — есіту мен көрудің құралы. Егер жүрек бұл
мүшелердің қызметіне араласпаса, онда олар оз міндеттерін дұрыс орындайды. Егер
құмарлық жүрек қанын қыздырса, онда көз (алдындағы) заттарды анық көре бермейді,
құлақ болса (оған) жақын дыбысты да дұрыс есітпейді. Содан сөз қалған: егерде
жоғарыдағылар даосынан шықса, онда төмендегілер өзіне лайықты қызметті атқара
алмайды. Сонымен, жүректің өнеріне сыртқы мүшелерді қимыл-әрекетсіз басқаруы
жатады. Содан сөз қалған: жарты жолда атты алмастыруға, ұшып бара жатқан құсты