Page 195 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

195
әрі адамдар арасындағы қатынастардың нормалары мен (сословиялық) жіктелу
күшеймесе, оған еңбегі сіңбеген адамдар шабыттанады. (Егерде) мемлекетте тұрақты
ережелер қолданылса, (онда) заң құпиялы болмайды да, төмендегілер де зиялы сезім
білінбейді. Бүл өнегеліліктің бес (категориясын) — адамгершіліктің қалыптасу, теріс
қылықтардан арылу, мемлекетті басқару және халықты тұрақты бір күйге келтіру жолын
көрсетеді.
Әмірші екі (ерекше үлкен) қылық жасауы ықтимал; бағынышты шенеунік (ерекше бір)
ауыр қылмыс жасауы мүмкін. (Олар) мынау: мемлекет дегеніміз (әміршіге) жататын
нәрсе, халық — (әмірші) үстемдік жүргізетін орта. Мемлекет кезінде халықты жөндеу
және оны басқару үшін халық жек көретін (адамдарды) пайдалану — бүл бірінші қылмыс.
Халықтың үш міндеті бар. (Егер әмірші) халыққа (жерді өндеу жұмыстарын орындау
тәртібі туралы) бұйрықтар бермесе, онда халық оған (беріліп) қызмет етуден қалады.
(Егер де) халық (әміршіге) беріліп қызмет етпесе, онда оны (мемлекетті) қорғау және
соғыс жүргізу үшін пайдалану ретсіз. Бұл әміршінің екінші қылмысы.
Әміршінің қол астындағы шенеунігі одан жоғары дәрежелер, едәуір көлемді жалақы
алады, ірі лауазымды қызметпен шұғылданады. (Егер ол) өзінің қызметін өзгертсе, ісін
аяқсыз қалдырса, әміршінің көңіл-күйін қоштап әлектенсе, оның құмарлықтарын
мақұлдап, оған жағымпазданып, оны орынсыз мақтаса,— бұл қол астындағы шенеуніктің
ең ауыр қылмысы. (Егер) әмірші қылмыстар жасап, (оларды) жөндемесе, онда мұны
"керісінше әрекеттену" дейді; (егер) қол астындағы шенеунік жасаған қылмыстарға жаза
тартпаса, мұны былық деп атанды. (Егер) әмірші "керісінше істейтін" билеуші, ал қол
астындағы шенеуніктер "былыққа батқан" шенеуніктер болса, онда мемлекеттің ыдырауы
(даусыз) да, қолды қусырып оны тек күту қалады. Міне сондықтан (елді басқаратын)
ұстанымдарды игерген әмірші көптеген (ұсақ) шенеуніктерді біржақты басқару үшін
(өзінің) қолында (елді басқаратын) негізгі бастаманы — (саясаттың) маңызды элементі —
бірінші министрді, заңдардың құралы — мемлекет қызметкерлерін шоғырлай ұстайды. Ал
бүл шенеуніктер (өздерінің) парасаттылық және денелік (мүмкіндіктерін) толығымен
әміршісіне қызмет етуге жұмсайды. (Егер осы) төрт мәртебелі міндеттер талапқа сай
(орындалса), онда (мемлекетте) тәртіп күшейеді; (ал егер олар) қалай болса солай
орындалса, онда (мемлекет) былыққа батады.
36-тарау. "Жүректің өнері"
Бірінші бөлім
Адамның жүрегі — тақтағы тақсырды, оның сыртқы мүшелерінің қызметі —
шенеуніктердің міндеттерін еске салады. Жүрек өзінің даосын сақтағанда, онда (адамның)
сыртқы мүшелері өз рәсімінен шақпайды. (Егер адам) құмарлыққа толық берілсе, онда
(оның) көздері түсті ажыратпайды, (оның) құлақтары дыбысты есітпейді. Содан сөз
қалған: "Егерде жоғарыдағылар өз даосынан ауытқыса, оңда төмендегілер өз қызметтерін
орындауға қабілетсіз. Атты жарты жолда айырбастамай, оның күш-қуатын толық
пайдалану керек. Ұшып бара жатқан құсты да тоқтатуға болмайды, ол қанаттарын қатып
қалқығанда көз тартады".
Жүректің қызметі заттардан бұрын болмайды, (алдымен) олардың жүйелілігін бақылау
керек. Егер (жүрек) мезгілсіз жұмыс істесе, онда (ол) қалыптасқан күйінен айырылып
қалады. Егер (ол) тынышталған күйде қалса, онда бүл күй (жүрекке заттардың мән-
жайына) жетуге мүмкіндік береді. Дао бізден ұзап кетпейді, әйтседе оны табу өте қиын.
(Ол) адамдар арасында кезігеді, тек оны тану өте күрделі.