194
Міне, содан мемлекет мемлекетке айналады: халықтың (сословиялық) жіктелуі
мемлекеттің (қалыптасуын) жеделдетті; (міне неліктен) әмірші басқарушы болды;
марапаттау мен жазалау (жүйесі) әміршінің (бар болмысын) анықтайды. (Егер) марапаттау
өте жоғары болса, онда (мемлекеттік тәсілдер) азаяды; (егер) жазалау өте қатал болса,
онда (мемлекетте) қатаңдық үстем етеді. (Егер) тәсілдер азайса, ал бұйрық қатаң болса,
онда (әмірші) өз халқынан айырылып қалады. Сондықтан көпті көрген әмірші (халықты)
орналастыруға (қатысты) өсиеттерге мұқияттап көңіл бөледі. (Мұның өзі) халыққа тыныш
өмір сүруге, соғысты жеңуге және қорғаныста төзімділік көрсетуге мүмкіндік береді. Егер
марапат өте жоғары болса, онда әміршінің қаржысы жетпейді; (егер) жазалау қатаңырақ
болса, онда төмендегілердің сенетін ешкімі қалмайды. Осыдан көреген әмірші қабылдау,
қайғы және өлікті шығару рәсіміне тәртіпке келтіреді және (тиісті түрде) оларды
категорияға бөледі. Осыдан (дана әмірші) халықты басқарудың сегіз ұстанымы арқылы
көтермелейді; оны киімі арқылы ажыратады; оны мемлекеттік жалақы арқылы байытады;
оның атақ (дәрежесін) құрбандық аспаптары арқылы анықтайды; сонда халық әміршімен
жақындасады және (оның) пайдалануына жүреді. (Егер) халық жетекке жүрсе, онда Аспан
астын (әміршіге) бағындыруға болады. (Егер) Аспан астындағы билеушінің даосымен
жүрсе, онда (ол әміршіге) бағынады; егер де әміршінің даосына ермесе, онда (Аспан
астындағы отан) бағынбайды. (Бұл) толқындай бір көтерілсе, оз ағымының жоғарғы
деңгейіне шапшиды да, қайтадан басылады. Бұл өмірің табиғи күйі. Десек те (данагөй
әмірші) рақымшылығымен халыққа қамқорлық жасайды және оны айбындылығымен
қорқытады, сонда ғана Аспан асты оған бағынады. Даоны басшылыққа алатын (елде)
бұйрықтар мен низамдар шығарылады, содан еркектер де, әйелдер де түгел әміршіге
бағынады, әрі (онымен) жақындасады; заңдар мен ережелер басылады, соларға орай
даналар мен шенеуніктер өздерінің қабілеттерін толығымен әміршіге қызмет еткізеді.
(Сонда ғана) мыңдаған ли төңірегіңдегіні (әмірші) түгел (тіпті) "бір буда садақпен"
жазалауды да, бір му (жердің) салығын да біліп отырады. (Ондайда) жазалауды жүзеге
асырушылар өздігінен жазалау (құқығын) иемденуге батылы жетпейді, ал марапаттауды
жүргізетіндер оның (құқығын) өзінше қолдана алмайды; (барлығы да) балалары әкесін,
отбасы (оның) иесін сыйлағандай (әміршіні) тыңдайды, өйткені онда борыштық сезім мен
(мінез-құлық) ұстанымдары айқын (анықталған).
(Егер) төмендегілер өздерінен жоғарыдағыларды қолдамаса; (егер) қол астыңдағылар
өзінің әміршісін қолдамаса, онда даналар (шенеуніктер болуға) ынталанбайды. (Егер)
даналар ынталанбаса, онда халықты пайдаланудың ырқы келмейді; (ал егер) халықты
пайдалана алмаса, онда Аспан астындағы (әміршіге) бағынбайды. Содан соз қалған:
"(Егер) өнегеліліктің (ұстанымы) бұрмаланса, онда әмірші қауіп-қатерде; (егер)
марапаттау жүйесі бүлінсе, онда халық қауіп-қатерде!". Бірақта данагөй әмірші
қиянатшылық пен жазаға қатаң тыйым сала алады, (егер де) жоғарыдағылар қиянат жасау
мен жазалауды аңсауын қоймаса, онда төмендегілердің бақытты күйге деген үміті үзіледі.
(Егер) әміршінің өзі (елді билеудің) ұстанымдарын бұзса, заңдарды ескермесе және (істі)
өз (дегенімен) жүргізуді ұнатса, (онда) мұны былық дейді. (Егер де) қол астындағы
шенеуніктер бұрынғы (тәртіптер) мен тұрақты (ережелерді) өзгертсе және әміршіге
жағыну үшін сөзуарлыққа (ұрынса), онда мұны азғындық дейді. Былық басқа шапқанда,
қатаңдық күшіне енеді; адамдық аяқ асты болса, сатқындық басты шырмайды. (Егер) осы
екі (зұлымдықтың) бірі шегіне жетсе, онда жау (оны бас пайдасына пайдаланбақ)
жоспарын жасай бастайды. Сондықтан (әмірші) толқу мен тәртіпсіздікті тоқтату үшін
қайырымдылық пен кең пейілділікті қолдаса, оған халық қуанады; даналарды іріктейді,
қабілеттілер іске тартылады, ата-аналар мен үлкен аталарын сыйлағандар құрметке
бөленеді; ондайда сорақылық пен жалғандық тоқтау табады. (Егер) азғындық пен бос
дырдуға тоқтам салынса, еркектерді әйелдерден бөлсе, онда келіссіздік пен зинақорлық
тоқталмақ. (Егер де) атақтылар мен қарашаның (арасындағы қатынаста) әділдік орнықса,