193
де) заңдардың жүйесі тұрақтанса, онда халық азып-тозып кетпейді, қайта
жоғарыдағылармен бірігеді де, (оларға) өзінің берілгендігін жеткізу үшін (өздерінің бар)
сезімдерін сарқа тауысады. Ондайда білім мен қабілеттер туралы ойламасаң да,
мемлекеттік істер жөнделе түседі, ел-жұрт қайғы-қасіреттен айтады, мемлекет
шонжарлары өз міндеттерін өтейді, даналық пен көрегендік туралы пікір таластырмайды,
абыройлы адамдар ілгерілейді, опасыздар мен өтірікшілер жазаланады, бақылаушылар
мен тыңдаушы жансыздар құжынайды. Сондықтан әмірші болғандар бастаманың басында
тұрып әрекеттенбейді де, (күллі) міндеттерін қаптаған тобырға жүктейді. (Ол)
ақылдыларды таңдайды, қабілеттілерді бағалайды және оларға заң тұрғысынан қарайды.
(Егерде әмірші) тиісті адамдарды іріктесе, онда ол әбігерде әрекеттенбей-ақ, әрі
таусылмас сәттілікті жинақтаумен (елді дұрыс билейді). шенеуніктер тағайындалған
қызметтеріне сәйкес келмесе, ондай әкімдер таусылмас шиеленісте өзінің істерін
құтқармақшы әбігерде ел басқарады. Бірақ елде (өздеріне жүктелген) міндеттерді орындай
алатын шенеуніктердің жетіспеуі ешқашанда (бола бермейді), тек әміршіге оларды ұтатын
ақылдылық жетіспейді. Міне сондықтан ақылды әмірші деп, кім (өздеріне жүктелген)
міндеттерді кіршіксіз орындай (алатын) қарамағындағыларды жетік білсе, соны айтады.
Осыдан айтылып кеткен: (етер) елді басқаратын ұстанымдар дәйегімен жүзеге асырылып
жатса, онда ақылды жөне талантты (адамдар) табысқа жетеді, ал халық билікке көнеді.
Айтқандай-ақ, елдегі тәртіп пен былық тек әміршіге байланысты...
Дао дегеніміз адамның туындысы емес, адамның өмірі жасайтын нәрсе. Нағыз жітік дана
тақсырлар мен ақылды әміршілер (даоны) жақсы білген және (оны) басшылыққа алған.
Сондықтан халықты басқару (үшін) тұрақты ұстаным қалыптасты, ал құндылықты өндіру
(үшін) тұрақты ережелер қабылданды. Дао — барлық заттардың негізі. (Егер) әмірші
болғандар (осы) негізді игеріп және оны қолданса, онда төменгі қараша опасыз және
жалған сезімдері болса да, оларды көрсетуге батпайды. Дао (өзінше) бос қуыс; (егер) оны
(игерген) адам болса, онда (дао) таралады; (егер) оны (игерген) адам қайтыс болса, онда
(даоны тарату) тоқталады. (Егер) ол жоқ болса, онда халықты басқаратын (қажетті нәрсе
де) болмайды; (егер) ол болмаса, онда құндылықтарды өндіруге (қажетті нәрсе де) жоқ.
(Егер де) халық басқаруға (көніп), (өндірілетін) құндылықтардың (санын) көбейтсе, (онда)
бұл табыстарды әміршінің жетістігіне жатқызады. Осыны ұққан ақылды әмірші даоның
заңдарын өзінің мемлекетінен жоғары қояды...
31-тарау. "Әмірші және бағынушы"
Екінші бөлім
Ертеректе билеуші мен бағынушыға, жоғарыдағылар мен кейінгілерге болу де, еркектер
мен әйелдерді жұптап қосу да болмады. (Адамдар) хайуандар сияқты тобырымен өмір
сүрді, күшке салынып бір-біріне шабуыл жасады. Ондайда ақылдылар ақымақтарды алдап
жатты; күштілер әлсіздерді ығыстырды; қарттар, бала-шағалар, жетімдер мен
жалғызсырағандар өздеріне мекен-жай таба алмады. Содан ақылдылар күш көрсетуді,
мейірімсіздікті және зорлық-зомбылықтың қатаң (қимыл-әрекеттерін) тоқтату үшін халық
күшін пайдаланды. (Ақылдылар) халыққа ұнамдыны жетілдірді де, (оған) зияндыны
жойды; оның адамгершілігін дұрыстады, ал халық олардан үйренді. Содан (халықты)
басқару өнері мен мінсіз мінез-құлықтар даналардан таралды. (Егер) басқару өнері мен
мінсіздікке берілген борыш сезімі және мінез-құлық ұстанымдары халық жүрегіне
толассыз баураса, онда халық даога ұмтылады. (Егерде) атау мен мән, шындық пен
жалғандық (дұрыс) анықталып, олардың аракідігі ашылса, онда марапаттау мен жазалау
(жүйесі) ықпал етеді. (Егер) жоғарыдағылар мен төмендегілер анықталынып, халықтың
сословиялық жіктелінуі жүріп жатса, онда мемлекет астанасының негізін қалауға болады.