Page 192 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

192
ГУАНЬ-ЦЗЫ
30-тарау.
"Әмірші және бағынушы"
Бірінші бөлім
Аспанға тұрақты құбылыс тән, жерге тұрақты түр тән, адамға тұрақты мінез тән. Бір кезде
жасалынған (олар) өзгермейді; бұларды үш тұрақтылық деп атайды. Тұрақтылықтарды
топтастыру және біріктіре (басқару) — бұл әміршінің жолы; олардың әрқайсысы туралы
(қызмет міндеттеріне орай) хабардар болу — бағынушылардың ісі. (Егер) әмірші өз
жолынан ауытқыса, (онда) ол өз патшалығын сақтай алмайды; (егер де) бағынушы оз ісін
тастап кетсе, (онда) өзінің қызметін сақтай алмайды. Сондықтан жоғарыдағылар ақ
ниетімен қарашаға қамқорлық жасауы, ал төмендегілер басшыларға адал қызмет етуі
керек. Егер жоғарыдағылар төмендегілерге адал қамқорлық жасаса, онда (олар) белгілеген
заңдар мен тәртіптер ақылға қонымды. (Егер) төмендегілер басшыларына адал қызмет
етсе, онда (олардың) борышты өтеудегі жөне бұйрықты орындаудағы ниеті дұрыс. (Егер)
жоғарыдағылар парасатты да, төмендегілер адал болса, онда жоғарыдағылар мен
төмендегілер (арасында) ақылақтық бірлестік орнығады және олар реті келгенде бір-
бірінің орнын басады. (Содан) әмірші беделін жоғалтпайды, ал төмендегілер өздерінің
еңбектегі қызметіне нем кетерлікпен қарамайды, (мұнысын) олар бір-біріне жақсылық
жасау деп есептемейді. Сондықтан жоғары мәртебелілер (өз) адамгершілігін үнемі
жетілдірумен шұғылдануы (керек), ал төменгі сатыдағылар — жан-тәнінің тазалығын
сақтауға тиіс. Борыш пен мінез жоғарыда (үлгілі) түрге бөленген кезде, (өзінің) жетілген
күйінде төмен, халыққа таратылса, онда халық, бір жағы, әміршіге бағынады және онымен
жақындасады, бір жағы, (өзінің) бар күш-қуатын жерді өндеуге жұмсайды. Осыдан сөз
тараған: "(Егер) әмірші ақылды, (оның) бірінші министрі — берілген, бес ведомствоның
бастықтары — қатал да ниеті тура, шенеуніктер — адал, шаруалары — сауатсыз,
көпестері мен қолөнершілері ақ ниетті болса, онда жоғарыдағылар да, төмендегілер де
(өздерінің) орнын табады, десек те олардың сыртқы және ішкі айырмашылығы (қалады),
ал сань-цзу (белгілі бір) жүйеге орай әрекеттенеді".
Кімде-кім әмірші болса, (өзінің) рақымдылығымен халықты қорғауы (тиіс); бағынушылар
болса, әміршіге қарайласып өмір сүруі (керек). Кім әмірші болса, ол (өзінің
қарауыдағылардың) еңбектерін мөлшерлеп, олардың жалақысын әділ белгілеуі керек; ал
бағынушы болғандар (өзінің) тағайындауын қабылдап, оны ізетпен орындауы тиіс. (Егер)
басқару ұстанымын (бәріне бірдей) ендірсе, халық (өз) ғұмырына риялық танытады, одан
мемлекет байи түседі. (Егер) халық еңбегіне қарай жалақы алса, онда ол парықсыз бос
өмір сүрмейді. (Егер) жазалау жүйесінде әділетсіздік асқынбаса, онда төмендегілер де
ызалы сезім ушықпайды. (Егерде) атаулар дұрыс, (міндеттер) тиянақты бөлінсе, онда
халық (елді басқару) ұстанымдарына күмәнданбайды. Әмірші бүл тәртіпті халықты билеп-
төстеу үшін пайдаланады. Сондықтан (елді басқару) ұстанымдары мен мораль (талаптары)
әміршінің өзінен тікелей шығады; қаулылар мен бұйрықтар оның ат қосшыларының
(бәріне бірдей) мәлімделеді; істер шенеуніктер арқылы шешіледі; халық қауқары
бұйрықты күтеді, (оны алғаннан кейін ғана) әрекетке кіріседі.
Осыдан ақыл-парасат қабілеттері жоғарылар ғана әмірші болады, ал денелік қасиеті
жөнділер адамдарға қызмет етпек. (Егер) әміршінің дені сау болса, онда ол алалауға ұрына
бермейді. (Егер де) әмірші алалауға ұрынса, (онда ол) өзінің ықыласын сый-құрметпен жиі
көрсетеді де, жазалауға нем кетерлікпен қарайды. Мұндай мемлекетте заң күшіне енбейді.
(Егер де) заңсыз елге билік жүргізілсе, онда халық топтар мен одақтарға ұйымдасады;
қауымдастықтағы төменгілер жеке басының (пайдасы үшін) алаяқтық жасайды. (Ал егер